Ашық сабақ ” Ақылды қалпақ”


Габбасова Айнур Асхровна
“Айдабол ОМ” КММ математика пәнінің мұғалімі
Зеренді аудандық білім орталығы

Сабақтың тақырыбы: «Ақылды қалпақ»

Мақсаты:

  1. Сабақта оқушылардың математикалық білімін кеңейту, ұштау;
  2. Оқушының логикалық ойлауын, өмірге деген көз – қарасын, танымдық қабілетін дамыту;
  3. Оқушыны алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа, жетістікке жетуге жолдастық пен достыққа, халқымыздың салт – дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар өткен тақырыпты қайталайды
  2. Алған білімдерін тереңдетеді.
  3. Мәтінмен жұмыс істеп, постерге түсіріп, ойларын еркін жеткізе алады

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Өткенді қайталау

Сабақтың көрнекілігі: қалпақтар, постер, кеспе қағаздар, суреттер, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

Кезеңдер уақыт Мұғалім іс- әрекеті Оқушы іс – әрекеті Бағалау
1.      Ұйымдастыру 1 мин Сәлемдесу. «Тілек алмасу» Бір-біріне тілек айтады. мадақтау
2.      Топқа бөлу 1 мин Үшбұрыштар және төртбұрыштар кеспелермен 2 топқа бөлінеді. Топқа бөліну
3.      Таныстыру 5 мин Керек жабдықтарды тарату Топтарының атауларына сәйкес, ережелер.теоремаларды қолданып, таныстырылым жасау ұпай
4.      Орамал тастамақ 10 мин Сұрақ – жауап Әр топ 3 тапсырма құрастырады
5.      Құнды қалпақ 10 мин Әр сыныпқа жеке деңгейлік тапсырмалар беріледі Деңгейлік тапсырмалар Жауап парағы
6.      Құнды сәукеле Логикалық сұрақтар:

1.      Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)

2.      Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)

3.       Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)

4.      Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)

7.      Жұмбақтар әлемі 2 мин Жұмбақтар беріледі

1.      Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, оны мектепке әлі бармайтын оқушыларда ұнатады. Жоғарғы сынып оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оны ары-бері тасып әлек. Ол не? (дәптер).

2.      Бұл зат барлық оқушыларға қажет деп айта алмаймын. Бірақ кішірек сыныптың оқушылары қызық көріп, аналарына сатып алғызады. Ал, жоғары сыныптарда ол өте қажет. Оны олар уақытты үнемдеу үшін. Қиын есептерді шығару үшін қолданады. (калькулятор)

Шардың ішінен өздері таңдап алады. Үстелдің үстінде қағазда дайын жазылып жатқан кеспе кағазды алады ұпай
8.      Мақал – мәтел сайысы 6 мин 1.      Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл

2.      Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ

3.      Екі тентек қосылса, саудай болар. Екі ақылды қосылса, таудай болар.

4.      Бір елі ауызға. Екі елі қақпақ.

5.      Жер құлағы жетеу, ел құлағы елу

6.      Отызыңда орда бұзбасаң, қырқыңда қыр аспассын.

Оқушылар жалғастырады ұпай
9.      Тест тапсырмалар Әр сыныпқа жеке тапсырмалар беріледі Жеке жұмыс Бағалау парағы
10.  Қорытынды Бағалау парақшалары Өзін –өзі бағалау

 

 

 

 

 

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *