«Young translators» жас аудармашылар үйірмесі


Султанмурадов Бабамурад Абдуваитович

ағылшын тілі пәнінің оқытушысы 

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі

Қазіргі уақытта білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық  деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Елбасымыздың өзі: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген – ұстаздар. Себебі еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді», «Мен балаларды кішкентай кезінен ағылшын тілін үйрету қажет дегенге толығымен келісемін. Үштілділік – біздің балаларымыз үшін аса қажеттілік. Олар мемлекеттік тілді білуі тиіс, ал орыс тілі – қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі болса, әлемдік тіл, әлемдік ғылым, инновация мен интернет тілі», – деген еді.Елбасымызды қолдай отыра үйірме тақырыбын «Health is above wealth» Ден саулық зор байлық деп ала отыра ағылшын тілімен жұмыс істеп келеміз.«Young translators» жас аудармашылар үйірмесі жетекшілігін ағылшын тілі пәні оқытушысы Султанмурадов Бабамурад атқарады.

Үйірме мүшелері үйірменің жылдық жоспары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді; «Health is above wealth» тақырыбын қазақ тілінен ағылшын тіліне,ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуға, оқуға, зерттеуге деген қызығушылығын арттыра отырып, ағылшын тіліне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырады; кітапханадан,интернеттен материалдар жинақтау ісімен шұғылданады; зерттеу жұмысының нәтижесін қадағалайды,ғылыми ізденіс,ден саулықты сақтау тәсілдерін меңгереді; пән бойынша студенттер білімін нығайтады, ой-өрісін кеңейтеді; студенттер ғылыми ізденіске деген  қызығушылығын арттырады; заманауи технологиялардың тәсілдерін үйренеді ; «Young translator»үйірмесінің жұмысы арқылы колледжді таниды.

«Young translator» үйірмесінің мүшелері жыл сайын 2-3 курс студенттерімен толығып отырады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *