«Ана-өмір, ана-гүл, ана-шуақ»


Кайыржанова Меруерт Толеутаевна

Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің

“№ 12 “Арай” бөбектер бақшасы” КМҚК-ның тәрбиешісі

       ( Балалар музыкамен кіріп залға,жарты шеңбер болып тұрады).

Жүрг: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!

Тақпақтар

Ән: «Көктем»

(Музыка әуенімен Фиона кіреді).

Фиона:Сәлеметсіңдер ме, балалар!  Мен Фиона ханшайымымын,нағыз бақыт-сызбын (жылайды).

Жүрг:Фиона,жылама.Одан да не болғанын айтып берсеңші.

Фиона:8-наурыз мерекесі қарсаңында барлық аналарды,қыздарды құттықтап жатыр.Олар мәз болып жүр.Ал мені Шрек құттықтаған жоқ.Тіпті құттықтағысы да келмейді.

Жүрг: Түсінікті,бірақ сен ренжіме.Мүмкін ол 8-наурыз мерекенің не екенін білмейтін шығар.Ал,мүмкін білсе де,әдейі құттықтамаған болар.Саған тосын сый әзірлеп жүрген болар.Ал,сен болсаң бірден ренжіп шыға келдің.Қазір сенің көңіліңді біздің балалар көтерсін.

Жүрг: Қалай балалар Фионаның көңілін көтереміз бе?

Балалар:Иә

тақпақтар

Ойын: «Фионаны сәнде»

Аналармен ойын: Ұлдардың аналарын әдемілеу.

Дефиле өткізу.

 Фиона: Балалар рахмет,менің көңілімді көтердіңдер.Мен қандай әдемімін, сұлумын.Енді Шрекке барайын,мені көріп таң қалсын (кетеді).

 

Жүрг: Қариясы бар үйдің, қазынасы да бар деп бекер айтпаған .Балалар,бүгінгі бұл мерекеге әжелерімізде  келіп отыр.Әжелерімізді де құттықтайық.

тақпақтар

Ән: .  «Ана-әже»

(Музыка әуенімен Шрек,есек екеуі кіреді.Фионаның қолында үлкенпарақта тізім)

Шрек келе жатып:Фионаға не сыйлайын ә,құрбақа ма,көртышқан ба,балдыр ма,құрт-құмырсқа ма?

Есек: Шрек-Шрек тыңдашы мені,қарашы маған.Шрек,Шрек деймін тоқташы.

Жүрг:Сәлеметсіңдер ме!

Шрек:Ой,біз келіп қалыппыз.

Есек:Сәлеметсіңдер ме,танысып қойыңдар бұл Шрек. Ол орманда батпақта тұрады.Маса,құрт-құмырсқаны жақсы жеп,оларды құртады.Сөйтіп күн көреді.

Кәне,Шрекке ду қол шапалақтап қйыңдар.

Шрек:Балалар,таныс болыңдар.Бұл мылжың есек.Бірақ өзі дарынды,ақылды, қулығы да бар.Кез-келген жерден сытылып,өзіналып шыға алады.

Жүрг: Танысқанымыға өтеқуаныштымыз.Бірақ біздің балалар сендерді өте жақсы біледі.Солай ма,балалар.

Балалар:Иә,білеміз.

Шрек:Мына есек мылжыңдап,сіздерді құттықтауға ұмытып кетіппін.Баршаңызды 8-наурыз мерекесімен құттықтаймын.

Есек:Мен де,мен де құттықтаймын.

Жүрг:Шрек,сен 8-наурыз мерекесі туралы біледі екенсің.Бірақ Фионаны мерекемен құттықтамапсың.Ол осында келіп кетті.Көңіл-күйі жоқ.Саған қатты өкпелі.

Біздің балалар оның көңілін көтерді.Енді сенің кезегің.

Шрек:Мен оны ұмытқан жоқпын.Тек тосын сый жасайын деп едім.Міне қаншама тізім құрып қойдым.Бірақ не сыйлайтынымды білмеймін.

Жүрг:Шрек,сен мына отырған аналардан сұрап көрші.Жақын адамдарынан қандай сыйлық күтеді екен.

Шрек:Дұрыс,табылған ақыл.

Есек:Қазір,қазір мен сұрап келейін   (Есек микрафонмен сұрап шығады).

Шрек,көрдің бе,аналар нені жақсы көретінін.Сенің құрт-құмырсқаңның керегі жоқ.Олар гүлді жақсы көреді екен.

Жүрг:Шрек, біздің балалар да өз аналарына тосын сый дайындады

Ағылшын ән (балалар сыйлықтарынаналарына ұсынады).

Қарашы сыйлықты алған кезде жүздері қандай болатынын

Ойын:

Шрек: Ендеше,менде Фионаға гүл сыйлауым керек.Бірақ қайдан аламын.

Жүрг: Көктемді шақырайық.Көктем көмектеседі.

Ән: «Көктем»   (Музыка әуенімен көктем кіреді).

Сағынышпен жеткен,

Келді міне көктемде,

Жайнап нұрлы гүлі,

Мерекеңіз бүгін

Құтты болсын,аналар!

Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Сәлеметсіздер ме құрметті аналар мен әжелер мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүрг:Біз сенің келгеніңе өте қуаныштымыз. Балалар күннің шұғыласын сағынады,төрге шық қонағымыз бол.

Көктем:Мені шақырғандарыңды естідім,не болып қалды.

 

Жүрг:Иә,біз сені арнайы шақырдық.8-наурыз мерекесі болса келіп қалды.Шрек болса әлі Фионасын құттықтамапты.Ол ,  тосын сый жасап гүл сыйламақшы.Бірақ қайдан алатынын білмейді.Сол үшін өзіңді күттік.

Көктем:Ренжіме Шрек,қазір менің дала гүлдерім,би билеп,көмектеседі.

Би: «Гүлдер биі»

Көктем:Балалар,менің әлі де баратын жерім көп,мен кетейін.Сау болыңдар.

Ж:Міне шрек енді Фионаға сыйлығын дайын….

.Ал балалардың аналарына тақпақтары бар

тақпақтар

БиL

(Музыка әуенімен Фиона кіреді).

Фиона:Шрек,сен мұнда екенсің ғой.Мен сені іздеп жүрсем.қарашы мен қандай әдемімін,сұлумын иә.мені мына отырған балалар,сәндендірді.Бірақ саған өкпелімін.Сен мені құттықтамадың.

Шрек:Фиона,ренжімеші.Мен саған тосын сый әзірледім.Балалар,айтыңдаршы.

Балалар:Иә.

Шрек:Фиона,сен онсыз да әдемі,сұлусың.Бүгін тіпті де әдемілені,сұлуланып кетіпсің.Мен сені мерекеңмен құттықтаймын (гүлді береді,екеуі билейді).

Есек:Менің де билегім келіп кетті ғой.Сізбен билеуге бола ма?

(Есек жүргізушімен билейді).

Жүрг: Ал енді балалардың биін тамашалаңыздар.

Би: Вальс

Шрек пен Фиона:Балалар,сендерге рахмет.Біздің көңіліміз көтерілді.Енді өзіміздің ертегі әлемімізге кетейік.

Есек: сау болыңдар:Бізді ертегіден көріп жүріңдер.

(Шрек пен Фиона есек үшеуі қоштасып кетеді).

Жүрг: «Ана да күн сияқты күннің бетін бұлт шалса, дүние бұлыңғыр тартады. Ана ренжісе, үйдің ішін қараңғылық кернейді. Ана жымиса, үй ішінен шашырап күн шығып келе жатқан сияқтанады. Ана күлкісі күннің шуағы тәріздес» Сондықтан балалар аналарымызды ренжітпей,аналарды құрметтеп тілін алып әрдайым қуанышқа бөлеп жүру керек дей отырып бәріміз қосылып  «Ана  туралы әң»айтамыз

Құрметті ата-аналар «Ана-өмір,ана-гүл,ана-шуақ» атты  ертеңгілігі өз мәресіне жетті. Мерекелерің құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *