Ата-аналарға арналған тренинг « Жанүядағы тәрбие »
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Жаңа тілек ауылы
«Әуезов атындағы орта мектебі » КММ-нің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жарыкбасова Шынар Даукеновна
Ата-аналарға арналған тренинг
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Тапсырма:
- Ата-аналармен ұстаздардың кездесуі;
- Ойынға қатусышылар арасындағы қарым-қатынасты орнату;
- Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу:
I бөлім.
- Кездесу (жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап баланың қасиетін айтады)
- Ассосация Жанұя (доп беру арқылы ата-ана жауап береді)
- Қызықты сурақтар:
- Балаңыздың туған күні?
- Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
- Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
- Балаңыздың парталас көршісі кім?
- Бүгін сабактан қандай баға алды?
- Балаңыздың сүйікті асы қандай?
- Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
- Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
- Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды,.?
- Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
- Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
Балаңды жастан бақпасан,
Жамандықтан қақпасан.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, – дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.
II бөлім. Жалпылау.
Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
– иә десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;
– жоқ десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
–
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадын тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата – ана бірдей ықпал жасай-ма?
– егер жанұя десеңіздер жымиыңыз.
– Егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
– егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.
– Егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз,
– Егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.
Ой жинақтау ( плакат, фломастер, қала)
1) Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз.
2) Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?
( Сурет – схема арқылы өз ойларын талдайды )
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдыңа алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой – өлкесі, – деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.
Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейк және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Сондықтан да, мына жайттарды ескерейк:
- Балаға жан және дене өзгерістерінің байланысын табуға көмектесу;
- Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру;
- Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру;
- Маманмен кездесу