Ғылыми жұмыс “Сулардың химиялық  заттармен  ластануы  және  су  ресурстарын рационалды пайдалану”


 

Оңтүстік қазақстан облысының білім басқармасы

«Шымкент аграрлық колледжі»  МКҚК оқушысы 

Байтілес Айдана

Ғылыми жетекші: Тулепбергенова Жанна

химия пәні оқытушысы

 

  1. Кіріспе

Жұмыстың мақсаты:Қазіргі кездегі ашық өзен, көл, жер асты суларының  еріген зиянды заттармен ластанған негізгі көздерін анықтау.

Жұмыстың міндеттері:

Қазіргі кездегі ашық өзен, көл, жер асты суларының  ластану себептерін  анықтау.

-Судағы еріген химиялық заттардың адам денсаулығына әсерін зерттеу

-Су пайдаланудың тиімді деңгейін көтеру;

Бақылау орны: Шымкент аграрлық колледжінің химия зертханасы;

Зерттеу өңірі: Оңтүстік Қазақстан облысының өзен, көл, жер асты сулары.

Зерттелетін объекті: өзен, көл, жер асты сулары

  1. Зерттеу әдістері:

Бақылау әдістер: Салыстыру, Фотоға түсіру, бақылау. Моделдеу, Сынамалар алу, Кестеге салу, Диаграммалау

Эксперимент әдістері: фотометрлік әдіс,фильтрациялық әдіс,ионометрлік әдіс,микроскопиялық әдіс,титрлеу, дистельдеу.

3.Зерттеу нәтижелері:

[Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі ластану көздері мыналар:

  • өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
  • химиялық заттар және тыңайтқыштар;
  • тұрмыстық қалдықтар;
  • жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;
  • ірі құрылыс учаскелері;
  • күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.

Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі. Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбіне өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда]1 [Адамдардың шаруашылық қызметі Қазақстанның су ресурстарына  жан-жақты әсер етеді.Мұнай өңдейтін кәсіпорындардың өнірістік, ағын сулары, қара және түсті металлургияның  қалдықтары су ресурстарына  негативті ықпал жасайды, қалалардың коммуналдық тұрмыстық өалдықтары көптеген су бөгендерін  тұрмыстық   және техникалық мақсаттарға  паайдалануға жарамсыз етіп тастайды. Мұның үстіне судың тұнықтығы, түсі, температурасы  өзгеріске  ұшырыайды., жағымсыз дәм  мен иіс  пайда болады, құрамындағы оттегі төмендеп кетеді.

Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; өнеркәсіп орындары; ауыл шаруашылығын химияландыру: халық шаруашылығының басқа да салалары. Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті]3  [Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

  • биологиялықластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар
  • химиялықластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер
  • физикалықластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді]2

[Жер  беті  суларының  сапа  класын  анықтау  үшін  СЛИ  көлемі  көрсеткіші  басты  белгі болып  табылады,ол  су  бөгендерін  ластайтын  заттардың  ПДК  дәрежесі  бойынша  есептеледі.Қазақстан  өзендерініңкөлдері  мен  су  қоймаларының  жер  беті  суларының  құра  мында  біршама  мөлшерде  токсиканттар  ,яғни  улы  заттар  бар.Олардың  ішінен  адам

денсаулығына  неғұрлым  қауіптілігін  сипаттайық.

Хром(CR);   және  оның  қосылыстары.Бұл  металдың  үш  алты  валентті  қосылыстары  неғұрлым  улы,  олар   адамдардың  тыныс  алу  органдарын  зақымдандырады.Концентрогендік  және  мутогендік  ықпал  ететін  алты  валентті  хром  қауіптірек.

Темірдің(Fe);  хлорлы  және  сульфатты  қосылыстарды  асқорыту  органдарын  жалпы  уландырады.Қоршаған  ортаға  қауіп  төндіру  дәрежесі  бойынша   үшінші

орында  тұр.

Мырыш(ZN );Мырыш   қосылыстары  улы  емес,алайда  мырыш  хроматы

концероген  болып  табылады.Элемент  адамдардың  жануарлар  мен  өсімдіктердің

денсаулықтары  үшін  маңызды.Сулы  ортаға  таукен  игеру  өнеркәсібі  және  түсті

металлургия  өнеркәсібі   кәсіпорындары  қызметі  процессінде  тап  болады.

Сынап (Hg); Сынап  қосылыстары  қауіптіліктің  бір  класына  жатады, аурулардың  өте  күшті  түрлерін  туғызады.

Кадмий(Cd);2класты  қауіпті  металл.Сулы  ортада  мырышпен  бірге  тау  кен

игеру  және  түсті  металлургия  өнеркәсібі  кәсіпорындардың  жұмысы  кезінде  келіп

түседіСумен  қосып  пайдаланған  кезде,ас  қорыту  органдарында  улану  процесі  жүреді.

Мышяк(As);Бұл  элементтің  суда  еріген  барлық  қосылыстары  өте  улы.Олар  тератогендік  өзгерістер  және  басқа  да  аурулар  тудыруы  мүмкін. Қауіптіліктің  2- класына  жатады.

Бор(B); Бұл  элементтің  көптеген  қосылыстары  (бор  оксиді , бор  қышқылы) улы.Сулы  ортада  борлы  тыңайтқыштар  арқылы  түзіледі.Қауіптіліктің  2-класына жатады.

Мыс(Сu);  Қауіптіліктің  3  класына  жатады .Мыстың  барлық  қосылыстары  улы, ас  қорыту  органдарын  уландырады.Сулы  ортада  түсті  металлургия, тау-кен  игеру,химия  өнеркәсібі  кәсіпорындарының  қалдықтарымен  бірге  келіп  түседі.

Фенол (карбон  қышқылы); –хош  иісті спирт,әртүрлі  бояғыштарды, пестициттерді  өндіру  кезінде  қолданылады.Ішкі  органдарпды  ауруға  ұшыратады. Қауіптіліктің  4-класына жатады.

Мұнай  өнімдері;Сулы  ортаға  мұнай  өнімдерін   өндірутасымалдау  және  қайта  өңдеу  кезінде  келіп  түседі.Өсімдіктер  мен  жануарлар  әлеміне  ихтифаунаға,грунттарға  зиян  келтіреді.Ауыз  су  сапасын  нашарлатады. Қауіптіліктің  4-класына жатады.

Фториттер(F);Ауылшаруашылығы  зиянкестерімен  күресте,бояғыштарды

дайындау  кезінде , ауыз суды  фторлау үшін  қолданылады.

Фторлы  натрий(NaF) ;шамадан  тыс  артып  кеткен  жағдайда  орталық  жүйке  жүйесіне  залал  келтіреді.

Нитриттер(NO2); Азот  қышқылының  улы  тұздары (HNO2); Натрий  нитраты (NaNO2); калий  нитраты  (KNO2);  қантамыр  қызметін  бұзады.

Нитрат  (NO3); Азот  қышқылының  тұздары  өндірісте  кеңінен  қолданылады, ауылшаруашылығы  тыңайтқыштары  өндірісінің  өнімі  болып  табылады.Суда,топырақта азық түлікте  жиналады, улануға  ұшыратады. Қауіптіліктің  3 – класына  жатады .

Тұзды  аммоний(NH 4);азот  қышқылы  аммоний  кристалдары

ауылшаруашылығында  тыңайтқыштар  ретінде  қолданылады.Улануға  ұшыратады.

Гексахлоран ( C6H6Cl6);омыртқасыздар үшін  күшті  органикалық  ерітінділерде

жәндіктермен  күресу  үшін  инцекциттер   ретінде  қолданылады.     Қауіптіліктің

4- класына  жатады .

Линдон(гексахлорциклогексан)  ( C6H6Cl6); Пестицид, жәндіктер мен сүтқоректілерге  арналған  сулы  ортада  инсекцидтерді  қолдану  кезінде  келіп  түседі, Қауіптіліктің  1 – класына  жатады

Шаруашылық және ауыз су ретінде пайдаланатын су тоғандарына құятын ағындардағы суды былғаушы зиянды заттардың шептік мөлшері арнайы ережемен белгіленген және онда зиянды заттар тізімінде 400- ден аса атау тіркелген.Су қоймалары да әр түрлі мақсатта қолданылатындықтан, оларды былғанудан сақтау шараларын негіздеу үшін зияндылық дегеннің, өзі не екені, оның қандай дәрежелері, белгісі бар екенін анықтап алу керек болады. «Жерүсті суларын төгін сулармен былғанудан сақтауережелері» бойынша судың былғанубелгісіне оның дәм арқылыбілінетін қасиеттерінің өзгеруі құрамында адамға, жан-жануарларға, құсқа, балыққа, жемдік және кәсіптік ағзалар зиянды заттардың болуын жатқызады. Сондай-ақ су ағзаларының қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен, судың қызуыда қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен судың қызуыда бақылауда болуы тиіс] 5

 

  1. Қорытынды.

1)[Өндірістік мақсатта пайдаланылатын судың өзі жұмыс істеушілерге зиянсыз, құрал-жабдықтардың жемірілуін, олардың түбіне тұз тұруын туғызбайтындар жәнеөнім сапасына кері әсер етпейтіндей болуы тиіс.
2)ауыл шаруашылығы алқаптарын суғаруға жұмсалатын су өсімдікке зиянсыз және өнім,түсім мен топырақ сапасын нашарлатпайтын болуы тиіс.

3)Сондай-ақ су ағзаларының қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен, судың қызуыда қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен судың қызуыда бақылауда болуы тиіс.

 

Ұсынбалар:

  • Суы аз немесе қалдықсыз, оқшауланған суайналымдық және аралық тазалау немесе суды салқындатып, қайтадан іске жарату жүйесі бар технологияларға көшу.
  • қалдық көлемін азайтып, сусызданған қалдықты немесе былғауыштардың қойырланған ерітіндісін жер қойнына көму технологиясын жетілдіру.
  • Өндіріс және тұрмыс қалдықтармен былғанған сулардытазалау әдістерін жетілдіру.
  • Өсімдіктерді аурудан және түрлі зиянкестерден, егістіктерді арам шөптерден қорғауды қамтамасыз етуші биологиялық және басқа да агротехникалық шаралардың пәрменділігі мен қолданыс аясын кеңейте отырып, ауыл шаруашылығы өндірісі мен орман шаруашылығын шектен тыс химияландыруға тоқтау салу]4

 

 

6.Қолданылған ақпарат көздері.

  1. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева «Экология»  Алматы,  2002  185-189 бб,  224-228 бб
  2. «Геохимия және экогеохимия» Төлепбергенова Ж.Н.  Шымкент-2015   18-26 бб
  3. «Қоршаған ортаны қорғау»  Небесаева Ж,  Кенжебекова Е,. Шымкент-2014  17-25 бб
  4. Шакиров Б.С, Исаева Р.А, Шыңғысбаева  Ж.А,  Сихынбаева Ж.С  «Экология  және тұрақты даму» Шымкент 2012  139-149 бб
  5. GOOGLE.KZ, WWW.YANDEX.KZ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *