Баяндама “Миокардиофиброз”


Бектемір Нұрзат Мейрамханұлы

«Шымкент аграрлық колледж» МКҚК оқушысы

Жетекшісі: «Ветеринариялық арнайы пәндер» кафедрасының оқытушысы

Сарыбасова Алтынай Айтбаевна

МИОКАРДИОФИБРОЗ -жүрек еті талшықтары арасына дәнекер ұлпа өсуі салдарынан оның тығыздалуы.

МИОКАРДИОСКЛЕРОЗ – дәнекер ұпаның жүрек етін қоректендіретін қан тамырларының төңірегіңде басымырақ өсуі.

Бұл  аурулар негізінен кәрі малдарға тән. Салыстырмалы түрде малдар ұзақ   өмір   сүрмейтіндіктен   малдәрігерлердің тәжирбесінде сирек кездесетін жағдай. Склероз организмдегі барлық қан тамырларында болуы мүмкін.

СЕБЕПТРІ. Жалпы организм қартайғанда, миокардит пен миокардоз    аурулары    асқынғанда    және    жүрек    еттерін қоректендіретін қан тамырлары созылмалы түрде зақымданғанда кездеседі.

ДАМУЫ. Дәнекер ұлпаның жүрек еттерінің арасына өсуі жүрек етінің қабынуышың немесе азғындануының соңғы кезеңі болып келеді. Мұндай жағдайда жүрек етінің сау жерлері мен қан тамырлары қысылып, қоректену процесі бұзылады. Ол азғындануна апарып соғады. Ауыр жағдайларда жүрек егінің кейбір жерлері әктеніп кетуі де мүмкін. Бұл процестер жүрек етінің жирылу, созылу қабілеттерін нашарлатады, жалпы организмде қан айналысы бұзылады. Осының салдарынан жүрек қан тамырлары қызметтерінің жеткіліксіздігінің белгілері дамиды

Паталого-анатомиялық  өзерістер.     Жүрек     еті     тығыз талшықтарының араларында ақшыл-сұрғылт түсті жолақтар әктелінген бөліктер байқалады.  Қан тамырларының өзекте тарылған, қабырғалары тығыз.

КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ. Аурудың жеңіл түрінде тыныш тұрған малдың сау малдан айырмащылығы аз. Бір аздаған ауыртпашылық түскен кезде мал тез қажиды; ентігу, көгеру, жүрек соғысының ырғағының бұзылу белгілері біліне бастайды. Ал ауыр түрінде мұндай белгілер тыныш тұрған малда байқалады. Жүректің бірінші сазы бәсең, ұзарған. Кейде жарықшақтанып, екіге бөлінуі мүмкін. Венада қан қысым жоғары, қан айналысы бәсең. ЭКГ -да кертештерінің амплтудасы төмен, PQ, QT аралықтары ұзарған.

Өкпенің, бауырдың, бүйректердін, ас қорыту және жүйке жүйелерінің жұмыстары бұзылады. Бронхылар мен ішектерд қабынулары жиі байқалады.

Барысы созылмалы. Мал айлап, жылдап ауырады.

Ауруды   анықтау   үшін   аурудың   негізгі   клиникалық белгілеріне және жүрек жұмысын сынайтын әдіске cүйенеді. Ауыртпашылық түсіргеннен кейін ауру малдың қан тамырын соғысы едеуір жиілеп, көпке дейін қалпына келмейді.Ауруды миокардит пен миокардоздан клиникалық белгілері арқылы саралайды. Болжамы көбінесе шүбәлі.

ЕМІ: Құнарлы азықпен қамтамасыз ету, жақсы күтім жүйелі серуен ұйымдастыру керек.

Глюкоза, камфора майы, кордиамин, кораз препараттарын қолданады. Зәр айдайтын дәрілердің әсері жақсы. Физиотерапия (ұкалау, жылулықпен әсер ету т.б.). Көбіне аурулардың себептеріне қарсы, басқа ауруларды емдеу әдістері қодданылады.

САҚТАНДЫРУ шаралары малды сапалы азықпен, жүйелі серуенмен қамтамасыз етіп, жұмысқа дұрыс пайдалану және миокардит пен миокардоздарды уақытында емдеу жазу бол табылады.

Жүрек қуыстарының кеңеюі.

Жүрек      куысының      кеңеюімен      қатар      оның қабырғаларының    қалындап,    пішінінің    өзгеруімен сипатталатын ауру. Жедел және созылмалы түрде өтуі мүмкін.

Себептері. Сау малдың жүрегінің кеңеюі сирек кездесетін жағдай. Мал   катты  қажығанда,  жүрек  етінің  күш-  қуаты әлсірегенде тоногендік кеңею байқалады. Онда жүрек етінің талшықтары созылып, көлемі ұлғайғанмен салмағы сол қалпында қалады. Төлдерде кездесетін тоногендік ұлғаю дұрыс емдегенде қалпына келуі де мүмкін.

Көп жағдайларда аурудың себебіне жүрек еті ауруларының, өкпе, бүйрек ауруларының асқынулары жатады.

ДАМУЫ. Қан айналысының бұзылуы салдарынан жүрек-қан тамырларының  қызметтері  нашарлайды.  Жүрек  етінің жиырлуы әлсіз, айналымдағы қанның мөлшері мен артериядағы қанның қасымы  төмен.  Жүректің жұмысы  күрт төмендеп (колаппс) құбылысы болуы мүмкін. Венада қан іркіліп, ісік пайда болады. Бас мида қан іркілдгенде мал есеңгіреп қалуы мүмкін (оглум).   Оны  малдың терең сезімталдығын тексеру әдісімен анықтaуға болады.

Паталого-анатомиялық өзгерістер. Жүректің көлемі ұлғайған, пішіні дөңгелек -шap тәрізді. Жүрек қуыстары қанға толған, қабырғалары жұқарған,  еттері босап, болжыраған. Басқа ағзалар мен тіндерінде вена қанының іркілісі байқалады.

КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ негізгі аурулардың белгілерне байланысты.    Малдың   күйі   өте   нашар.   Жүрек   түрткісі жиылыңқы, тамыр соғысының ырғақтығы бұзылған, қан ағысы баяу, толуы нашар. Жүрек шекарасы ұлғайған, бірінші сазы жарыықшақтанған, немесе екіге бөлінген; екінші сазы бәсең.   Эндокирдиальды  шуылдар  естілуі  мүмкін.  Шоқырақ ырғақ эмиокардия тіркеледі.

ЭКГ – да   жүрек  aypyларына тін  өзгерістер  анықталады. Тахикардия ентігу, көгеру, ісіну пайда болады.

Аурудың жіті  түрі созылмалы түріне қарағанда ауырлау өтеді.

Ауруға тән белгілсріне сүйене отырып диагноз қоюга болады. Болжамы көбінде қолайсыз. Мал жүректің салдануынан (паралич) не өкпенің ісінуінен тұншығып өліп кетуі мүмкін.

ЕМІ. Алдымен негізгі аурударды емдеу керек. Ауру малды жақсы алып, тыныштандырып, жеңіл қорытылатын азық пен қамтамасыз етеді.                   Ауыр жағдайда венаға адреналин жіберу, оттегімен емдеу әдістерін қолданады. Жүрек тұсына суықтықпен әсер етіп, қан ағызғанның да оң нәтижесі бар,

30-40 % -ды глюкоза ертіндісін, кофеинді, 5 % -ды хлорл натрий ертіндісін венаға жіберіп емдейді.

Сақтандыру. шаралары негізгі ауруларды болдырма емдеуден нәтиже болмайтын ауру малдарды дер кезінде шығысқа шығару, дұрыс азыктаңдыру, жақсы күтімге алу, жұмысқа дұрыс пайдалану ережелерін сақтау бағытында жүргізілуі тиіс.

Эндокардит – жүректің ішкі қабының қабынуы. Жіті және созылмалы, жүрек қақпақшаларында және қабырғаларында сүйелді (verrucosa) және жаралы (ulcerosa) болып кездеседі.

СЕБЕПТЕРІ. Індетті-токсикалық негізде және миокард асқынғанда пайда болатын екінші қатардағы ауру.

ДАМУЫ. Көбінесе жүрек қақпақшаларының қан ағатын жақтағы беттері зақымданады. Бұл мысал эндокардиттің себебі патогенді микроорганизмдер мен токсиндер екенінің бірден-бір дәлелі.

Біртіндей келе қабыну процесі сіңір-тарам талшықтарына, ішкі қабырғалардың әр жерлеріне тарайды. Қабынған жері ісінеді, бұдырланады. Ол жерге құрамында лейкоциттер, тромбоциттер бар фибринді белок талшықтар жиналып, қабаттасады. Ары карай дәнекер ұлпа өсіп ол жер сүйелге ұқсас бұдыр пайда болады. Ондай өзгер қақпақшалардың түйілісетін жапсарларында орналасады. Қақапақшалардың түрлері өзгеріп, олардың қызметтері мен қан айналысы бұзылады. Оның ақыры жүрек ақауына барып тіреледі. Бұл сүйелді эндокардиттің дамуы. Ал жаралы эндокардит қалай дамиды?

Жалпы эндокардитте шіру процесі басымырақ болады. Қақпақшалардың пішіні өзгеріп, кейде тесіліп кетуі де мүмкін. Әуелгіде күңгіріт сарғыш нүктеден басталады да, ол бірте-бірте ұлғайып, шіріген кезде жұмсарады. Ол жерде ойық жара пайда болады. Жараның беті  фибрин  талшықтарымен  қапталады. Кейіннен талшықтар бөлініп, қан ағысына қосылып, жиі-жиі қан тамырларының бітелуіне (эмболия), қабынуына, қанды іріңнің организмге жайылуына  (септикопиемия),  жүрек  ақауларына апарып соғады.

Жаралы эндокардит көбінесе қатерлі түрде өтеді. Кейде   қабыну процесі жүрек етіне, жүректің сыртқы қабына тарап жүректің барлық  қабаттарының қабынуын (панкардит) тудырады. Процесс қан немесе лимфа арқылы басқа ағзаларға жетіп (метастаза)            оларды да зақымдайды.

Жүрек қақпақшалары мен  қабырғаларының зақымдануының   түрлеріне   байланысты   эндокардиальдық шуылдар естіледі.

Паталого-анатомиялық өзгерістер. Сүйелді түрінде эндокард қабырғаларының  ішкі жағында сұр, қызғылт-сұр түсті бүтік; қақпақшаларының пішінінің өзгергені, олардың жиектерінің өсіп өнуі байқалады.

Жаралы түрінде   әртүрлі   жаралар,  қақпакшаларының тесілгені эмболия, қанды ірің анықталады.

КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ көбінесе негізгі аурулардың сипаттарына байланысты.Ауру мал жабырқаңқы, кейде әлсіз, терең ұйқыға кетеді. Тәбеті жоқ, өнімділігі, жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Дене қызуы жоғары, әсіресе жаралы эндокардитте тұрақты түрде.Қан тамырларының кемістіктері тез дамиды.

Жіті түрінде жүрек түрткісі күшті, жиі-жиі эндокардиальды шуыл тыңдалады. ЭКГ кертештерінің амплитудасы биіктеген, PQ, QT

аралықтары  қысқарған. Жүрек саздары бастапқыда қаттыестілгенімен соңынан әлсірейді.

Қан айналысының  бұылуынан  өкпелердің,  бауырдың, бүйректердің ас қорыту ағзаларының жұмыстары нашарлайды. Жаралы түрінің, кілегей қабықтарының қанталағаны байқалады. Артерияда қан қысымы жоғары, қан айналысы жылдамдайды. Сепсис құбылысы байқалады. Қанда лейкоцитоз.                Барысы жіті   түрі  созылмалы түріне айналып жүрек анқауларын туындатады. Миокардитпен асқынуы мүмкін.

Ауруды анықтауда негізгі клиникалық белгілеріне сүйенеді.Басқа аурулардан ажырату үшін эндокардиальды шуылдарды, ЭКГ көрсеткіштерін, қанның қысымы мен оның жылдамдығы анықтап, талдаған жөн.

Болжамы. Жаралы түрінде емдегеннің нәтижесі жоқ. Сүйелді түрі көбінесе жүрек ақауларына апарып соғады.

ЕМІ.

  • Негізгі ауруларды уақытында дұрыс емдеу;

Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттары оларды қолдану ережелерін сақтай отырып қолдану. Әсіресе септикалық түрінде жақсы нәтиже береді;

  • Жіті түрінде жіті миокардиттегі емдеу әдістері;

Камфораның сары суымен емдеудің нәтижесі жақсы: 1 камфораны 75 мл этил,спиртінде ерітіп, оған 75 г глюкоз мен 350 мл 0,85 % ас тұзының ертіндісін қосады да венаға жібереді.

САҚТАНДЫРУ:

  • негізгі ауруларды дұрыс анықтап, дер кезінде емдеу;
  • организмнің жалпы резистенттілігін арттыру;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *