Баяндама Тақырыбы: МИОКАРДОЗ


Әбдіқадыр Ильяс Ерғалиұлы «Шымкент аграрлық колледж» МКҚК

Оқушысы . Жетекшісі: «Ветеринариялық арнайы пәндер» кафедрасының оқытыушы:  Сарыбасова Алтынай Айтбаевна

МИОКАРДОЗ – Жүрек етінің қабынуынсыз,     ондағы биоанергетикалық,   биохимиялық  жене  зат            алмасу процестернің өзгеруі салдарынан жүректің негізгі қызметінің бұзылуымен сипаталатын ауру.

Бұл аурудың бастапқы кезінде сырттай бақылау арқылы да, микроскоп арқылы   зерттеумен  де   айта   қаларлықтай өзгерістер анықталмайды. Тек өте мұқият гистохимиялық зерттеулерде сау жүрек еттерінде болмайтын химиялық қосылыстарды (траснформация, декомпозиция) анықтауға болады.   Сондықтан  ауру барысын  екі кезеңге белуге болады:

  1. Жүрек етінің қоректенуінің бұзылуының алғашқы сатысы – миокардиодистрофия. Онда жүрек етінің талшықтарының колоидты-химиялық құрылысы бұзылады. Ондай өзгерісті тек гастохимиялық зерттеулер арқылы ғана анықтауға болады. Бұл процесс түзетуге болатын қайтымды процесс.
  2. Жүрек етіндегі зат алмасу процесінің бұзылуының ары қарай дамуы салдарынан оның құрлысының айтарлықтай өзгеріп, азғындануы. Бұл процесті емдеп жазып алу қиынға соғады.

Аурудың себептері әртүрлі болып келеді, Көбінесе басқа аурулардың асқынуынан болатын қосымша дерт. Өздігінен әсерететін, негізгі себептеріне жататындар: Рациондағы мал азығының құнарсыздығы; Бірінші кезекте белок заттарының алмасуының бұзылуы; қант пен протеиннің ара қатынасының дұрыс болмауы (қалыпты жағдайда 0,9 болуы керек); микроэлементтердің  мөлшерінің  дұрыс   болмауы  (не қалыптан көп, не аз болуы); ультракүлгін сәлесінің жеткіліксіздігі; малдарды серуендетпеу – гиподинамия; организмде оттегінің жетіспеушілігі; кейбір    азықтардың    құрамындағы    улы    заттармен организмнің созылмалы түрде улануы; эндотокиңдермен улану; қанның азаюы – анемия аурулары; жүрек етінде қан айналысың бұзатын факторлар; малдардың үрейлену факторлары – стресстер.

ДАМУЫ.   Аурудың   дамуының   негізінде   торшалардың митохондрияларында энергия түзілу процесінің, әсіресе химиялық энергияның механикалық энергияға (жирылу) айналу процесінің бұзылуы жатыр.Жүрек етінің жирылуына миозин мен актин талшықтарынан тұратын жүрек етінің миофибрилла элемен жауапты. Жүрек еті торшаларында болатын тропони (тропомиозинді қосылыс) белогінің әсерінен актин талшықтар миозин талшықтарының бойымен ретті түрде қозғалып отырады. Осы қозғалыстың бір кезеңінде акто-миозин көпірі пайда болады да жүрек еті жирылады (систола). Ол процесс төмендегіде жағдайда жүреді:

Натрий мен калий иондарының алмасулары торшаларды дұрыс болғанда олардың сыртқы қабығы мен саркоплазматикалық ретикулумньң мембранасы кальций ионы өзінен өткізуіне  мүмкіншілік алады. Торшаның ішіне кірген калций өзімен  бәсекелес    тропонин    белогін    торшадан ығыстырып шығарады. Осы кезде белок тропонин өз әсерету күшін жойғандықтан актин мен миозиннің арасындағы көпір пайда болады да, жүрек етінің жирылу процессі (систола) іске асады.

Бұл процестен   кейін   іле-шала   кальций   насосы   іске қосылады да кальций ионын торшадан тысқа ығыстырады. Белок тропин өз күшіне еніп, актин-миозин көпірін қайта бұзған кеде диастоло процесі жүреді. Бұл процестер сау малдың жүрек етінде алма- кезек қайталанып отырады.

Ал ауруға     шалдыққан   малдың     жүрек     етінде саркоплазматикалық ретикулумдағы     кальций     ионының  байланысы нашарлайды, жүректің диастоласы толық болмайды. Осыдан торша митохондрияларында энергияның түзілуі азаяды да, жүрек етінің жирылуы әлсірейді. Ондағы қан айналу поцесі бұзылады. Оған   жауап   ретінде   организмнің   толықтыру (компенсация)   мезанизмі   іске   қосылады.   Жүрек   еті   енді қалыптан артық жұмыс істей бастайды. Ол жүрек етінің   ұлғаюына (гипертрофия) апарыпга соғады.

100 грамм жүрек етіне минутына 8-9 мл оттегі қажет. Ауру малдың жүрек еті 2-3 есеге дейін ұлғаяды, ал қан тамырлары сол қалпында қалады. Көлденең кесігі бір шаршы мм артерия сау жүрек етінің 7г мөлшерін қоректендіретін болса, ауру малда ол көлем 14-22 граммға дейін ұлғаятын көрінеді. Жүрек етінің қоектенуі күрт төмендейді.

Жүрек етінде жүретін осы өзгерістермен қатар онда импульс өткізетін жүйелерінің де қызметтері бұзылады.

Паталого-анатомиялық өзгерістер. Бастапқы кезде айтарлықтай өзгеріс  жоқ.   Тек   гастохимиялық зерттеулер  арқылы   ғана биохимиялық өзгерістерді анықтауға болады.

Аурудың екінші кезеңінде жүрек етінің құрлысының бұзыла бастағанын байқауға болады: түсі бозарған, өзіне тән кескіні жойылған, болбыр. Ауыр жағдайда түрі піскен еттің түріне ұқсас, жұқарған.

Гистологияльгқ әдіспен тексергеде ағзатталынған, немесе майланған құбылыстар байқалады.

КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ     түрлері    мен    кезендері байланысты  әртүрлі болып келеді.  Жеңіл түрі денеге күн түсіргенде, ал ауыр түрі мал тіпті тыныш тұрғанда да жүрек пен қан     тамырларының     қызметтерінің     жеткіліксіздіктерінің белгілерімен силатталады.

Аурудың жалпы белгілері:

  • ауру мал әлсіз, тәбеті нашар, жұмысқа қабілеттілігі төмендеген;
  • бұлшық еттердің тонусы төмендеген (астынғы еріннің салбырауы, мұрын    шеміршектерінің,    құлақтардың қимылдарының шектелуі, көздерінің толық жабылмау т.б.);
  • шеткергі қан айналымының бұзылуы;
  • жүрек соғу ырғағының бұзылуы, ентігу, көгеру, ісіну;
  • ЭКГ кертештерінің амплитудасының кішіреюі. Екінші кезенде жүрек соғуы жиілейді, жүйке жүйесінің реттеушілік функциясы   бұзылады.

Жүрек   түрткісі   әлсіз жайылыңқы. Жүрек саздары бесеңдеген, көмескіленген; бірінің сазы жарықшақтанған, немесе екіге бөлінген. Артериядағы қан қысымы төмен, ал венада жоғары. Қан айналысы баяулаған. Систола ұзарған, диастола қысқарған. Жүректің көлемі ұлгайған

Болжамы негізгі аурудың түріне, ауырлығына байланысты.

ЕМІ: Аурудың себептерін жою, мал азығын реттеу; күнделікті серуендетуді ұйымдасгыру;   глюкозаны кофеимен қосып венаға жібереді;   аскордин  қышқылын,   камфора  майын,   кордиамин, коразол препараттарын     микардитте     көрсетілген әдістермен колданады;  артерияда қан қысымы төмендегенде адреналинді (1:1000) венаға жібереді;   оймақгүл, інжугүл, жалынгүл, строфант, гитален препраттарын қолданады;

тиамин, рибофлавин, пиридоксин, кокарбоксилаза, калий тұздарының пайдасы жақсы;   оттегін әртүрлі әдістермен қолдануға болады:  аурудың белгілеріне қарсы қолданылатын емдеу әдістерін тиімді пайдалану керек.

САҚТАНДЫРУ шаралары:  организмнің улануына жол бермеу;   құнарлы азықпен қамтамасыз ету; жүйелі түрде малдарды серуендетуді ұйымдастыру;   уақытында диспансеризация жүргізіп отыру; стреске қарсы қолданылатын шаралады жүйелі түрде жүргізу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *