Баяндама: Жүрек қабының қабыныуы және Жүрек етінің аурулары


Жақып Нұрдаулет «Шымкент аграрлық колледж» МКҚК оқушысы

Жетекшісі: «Ветеринариялық арнайы пәндер» кафедрасының оқытыушы: Сарыбасова Алтынай Айтбаевна

Жүрек қабының қуысына транссудаттың жиналуымен сипатталатын ауру. Транссудаттың эксудаттан айырмашылығы оның меншікті салмағы төмен (1,016) және құрамында белок аз (1-3%).

СЕБЕПТЕРІ. Көбінесе қосымша ауру ретінде кеуде (гидроторакс және әсіресе (асцит) шемендерімен қатар тіркеледі. Сондай-ақ, созылмалы тердегі жүрек пен қан тамырларының қызметтерінің жеткіліксіздіктерінен жүрек ауруларынан, бүйрек ауруларынан, кейбір індетті, әртүрлі ауруларының асқынуынан болатын дерт.

ДАМУЫ. Аурудың себептерінің салдарынан вена жүйесінді қанның іркілуі вена мен капиллярларда қан қысымының жоғарлауына апарып соғады. Қан мен лимфа тамырларының қабырғаларының қоректенулері нашарлайды, олардың өткізгішті қасиеттері бұзылады. Осының салдарынан ұлпаларда, ден қуыстарында сарысудың шоғырлануы байқалады. Жүрек маңайында сарысудың шоғырлануы жүректі, жүрек құлақшларын жан-жағынан қысып, тампонада құбылысын тудырады. Ол барьп жүректің салдануына (параличіне) апарып соғады.

Өлекседегі өзгерістер. Жүрек қабынып қуысында түссіз немесе сарғыштау-қызғылт түсті сарысу (ірі қарада 10 литрге, ұсақ малдар да 1 литрге дейін) болады. Созылмалы түрінде жүрек етінің семіп, түрі өзгеріп азғынданғаны байқалады.

Клиникалық белгілері: Көбінесе негізгі аурулардың белгілері байқалады.    Ауру   мал   жабығыңқы,   мойын   көк   тамыры білеуленген, жақ сүйектерінің аралығында ісік, жүрек түрткісі әлсіз жиылыңқы.  Жүректің  көлемі  ұлғайған,  соғуы жиі, ауырсынғандық білінбейді, саздары бәсең естіледі. Венада қан қысымы жоғары, ал артерияда төмен. Қан айналысы баяу. ‘

Емі. Алдымсн   негізгі   ауруларды   емдеу   керек.   Мал рационына су мен тұзды азайтады. Сарысудың шоғырлануына жол бермеу үшін:

– жүрек жұмысын жақсартатын дәрілік заттар (кальций, глоюкоза препараттары) тағайындайды;

– зәр шығаруды үдететін дрілер (теобромин, диуретин және т.б.);

– тер шығаратын дәрілер (темисал, эуфиллин және т.б.),

Сақтандыру шаралары: Жүрек-қан тамырлары ауруларын және әртүлі жүрек-қан  тамырларының    қызметтерінің, жеткіліксіздерін тудыратын ауруларды дер кезінде емдеу.

Жүрек етінің аурулары:

Миокардит – жүрек етінде қозу процесінің жоғарылап,  жирылғьштығның   әлсіреуі  салдарынан   жүрек-қан тамырлары    жүйесінің    қызметтерінің   нашарлауы тудыратын жүрек етінің қабынуы.

СЕБЕПТЕРІ көбінесе басқа аурулардың асқынуынан туындайды. Әсіресе микоз, микотоксикоз ауруларын тудыратын коздырғыштардың организмді уландыруынан пайда болуы мүмкін. Ондай қоздырғыштар көбінде көрші ағзалардан өтеді, Көптеген зерттеушілер аллергиялық ауру деген тұжырымды дәлелдейді. Сондай-ақ, жүректің ішкі және сыртқы қабаттарының қабынулары, өкпенің, плевраның аурулары, әртүрлі уланулар асқына келе осы ауруға шалдықтырады.

ДАМУЬІ.   Миокардитті   тудыратын   негізгі   аурулардың қоздырғыштары     (микроорганизмдер    мен    вирустар)    өз уыттарымен  жүрек етіне  әсер етеді.  Алғашқыда эксудация процесі басымырақ болуы салдарынан жүрек етінің талшықтары домбығады.   Ары   қарай   өзгерістер   ұлғая   келе   альтерация пролиферация процестерін тудырады.

Қалай болғанда да қабыну процесі жүрек етінің қан тамырларының өзегінің кеңеюінен, ондағы қан айналысыны баяулап, қан сарысуының тамыр қабырғалары арқылы шығып ұлпаларға сіңуімен, эмиграция процесімен басталады.

Аурудың жіті түрі екі кезецде өтеді. Бірінші кезенде жүрек етінде айтарлықтай өзгерістер байқалмайды. Ондағы шоғырланған уытты заттардың жүрек етінің рецепторлары қоздыруы салдарынан жүректің жұмысы күшейеді, артериядағы қан қысымы жоғарылап, қан айналысы жылдапмдайды.

Аурудың екінші кезеңінде жүрек етінің қажуына байланысты оның қоректенуі нашарлайды, азғындану (дистрофия-дегенерация) процессі басталады. Артериядағы қан қысымы төмендейді, қан айналуы баяулайды, жүректің жиры қабілеті әлсірейді. Осы кезенде көгеру, ентігу, ісінулер пайда болып, жүрек жүмысының ырғақтығы бұзылады.

Бауырдың,      ішектердің,      зәр     шығару     жүйесінің жұмыстарының бұзылғандығы анықталады.

Паталого-анатомиялық  өзгерістер:

Жүрек еті ісінген, домбыққан, кесіп қарағанда қызғылттанып, кейде теңбідденіп, қанталағаны көрінеді;

Екінші кезеңінде жүрек еті босаған, өзіне тән кескі жоқ, азғынданғаны айқын білінгенде піскен етке ұқсас оңай ыдырағыш келеді;

Гистологиялық әдістермен зерттегенде ет талшықтар майлы   азғынданған,  дәнекер   ұлпалары   ісінген, ол жерлерде лимфоциттердің, лейкоциттердің шоғырланғаны байқалады;

Тамыр қабырғалары жылтыр – гиалинденген, кей жерлерінде қан тромбылары болуы мүмкін.

КЛНИКАЛЫҚ  БЕЛГІЛЕРІ  негізгі   аурудың  барысына байланысты.  Дене қызуы көтеріңкі, ауру мал самарқау, тәбеті нашар,онімділігі мен жұмысқа қабілеттілігі күрт төмендейді.

Миокардиттің жіті түрінің бірінші кезеңінде:

Жүрек соғуы жиілейді- тахикардия;

қосымша жирылу пайда болады – экстрасистолия;

жүрек түрткісі күшейген, бірінші сазы қаттырақ естіледі;

жүрек тұсын сипалағанда, соққылағанда ауырсынғандық байқалады:

  • тамыр толқыны үлкен, артерияда қан қысымы жоғары,қан айналысы жылдамдайды;
  • ЭКГ-да P,R,T кэрсеткіштерінің амплидудалары күрт биіктейді, PQ.QT аралықтары қысқарады.

Аурудың барысы негізгі аурудың ұзақтығына, ауыр түрде өтуіне тікелей байланысты. Жіті миокардит ауыр түрде өткені жағдайда жүректің салдануынан ауру мал өліп кетуі мүмкін. Созылмалы түрі миокардиофиброзға айналып малдың өнімділігін, жұмысқа қабілеттілігін толық жояды.

Ауруды анықтау үшін оның негізгі белгілеріне сүйенеді. ЭКГ-ны дұрыс талдай білгенде, аурудың кезендерін анықтау арқылы, нақтылы болжам айтуға болады.

Ауруды миокардоздан ажырату үшін жүрек етінің жұмысын сынайтын әдісті қолданған дұрыс. Ол үшін ауру малға аздап салмақ түсіреді де, жүрек соғысын мұқият тексереді. Миокардитте жүрек етінің рецепторлар аппаратының қатты қозғандығының дәлелі ретінде жүрек соғысының жылдамдығы 5 минутқа дейін созылады. Ал миокардозда жылдам қалпына келеді.

EMI. Ауру малға толық тыныштық, жақсы жағдай жас керек. Аурудың бірінші кезеңінде жүректі қоздыратын дәрілер қолдануға болмайды (тахикардия, салдану). Жүректің тұсын суықтықпен әсер етеді (суық су, мұз және т.б.). Оттегімен емдеу әдістері жақсы нәтиже береді.

Аурудың екінші кезеңінде:

қан тамыры арқылы глюкозаға кофеин қосып жібереді;

камфораны,  коразолды,  кордиаминді  қолданған  жөн. Оларды ауыз қуысы арқылы, тері астына,    вена қан тамыры арқылы жібереді;

артерия қан қысымы төмендегенде қан тамырына 1:1000 қатнасында адреналин,  1 %-ды мезатон ертінділерін жібру керек,

жүретің   жұмысын       қоздыратын       дәрілерді пайдаланбағанның өзі дұрыс (оймақгүл препараттарын);

сенсибилизация, аллергия құбылыстарына қарсы әсерететін препараттарды қолданады (натрий салицилаты, амидопирин,  кальций  хлориді, демвдрол,  супрастин, кордикотропин, кортизон).

  • антибиотиктер мен сульфаниламид препараттары жалпы ережелер бойынша қолданылады;

аса бағалы, асыл тұқымды малдарды емдеу үшін жақсы нәтиже   беретін,   бірақ  өте  қымбат  препаратор   -новокаинамид, кокарбоксилаза, курантил, интенкардин, финикаберан, обзидан және т.б. қолдануға болады.

Сақтадыру шаралары:

уақытында негізгі ауруларды болдырмауға тырысу;

уақытында аллергияға қарсы күресу;

организмді уланудан сақтандыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *