Баяндама. Жұқпалы емес аурулар. Перикардит


Құрманбай Байболат «Шымкент аграрлық колледж» МКҚК

оқушысы. Жетекшісі: «Ветеринариялық арнайы пәндер» кафедрасының оқытыушы: Сарыбасова Алтынай Айтбаевна

Жіктелуі: өтуі бойынша — жіті және созылмалы;

себептеріне қарай – жарақатты және жарақатсыз;

түріне байланысты – құрғақ және эксудатты;

қабынудың түрлеріне байланысты – фибринді, іріңді, қанды;

таралуына қарай – шектелген және кіріккен.

Себептері:

Малдарда өздігінен болатын басаләы әpі сирек кездеседі және  көбінесе пайда болады. Бұл жағдайда басты ауруларды» асқынуынан болатын ауруы перикардиттерді жиі анықтауға болады.

Ірі қара малдарда, кей кезде ұсақ малдарда да, жарақатты перикардит кездесіп тұрады. Оның негізгі себебі ірі – қара малдарының тамақ қабылдау ерекшеліктеріне және тілдің түп жағында орналасқан дәмді сезгіш түтікшелерінің қүрлысына байланысты. Әсіресе өнімді көп беретін малдардың организмінде минеральды загтардың азаюы салдарынан тәбеттерінің бұзылуы, азықпен бірге алдыңғы қарыншақтарға әртүрлі бөгде заттардың, көбінесе темір тектес, етіп кетуі. Ондай заттар месқарынды, тақия қарынды, көк  етті (диафрагманы) жарақаттап барып жүрекке жетіп оның сыртқы қабын, етін, тіпті ішкі қабындаы жарақаттайды және өзімен бірге нешетүрлі микроорганизмдерді енгізеді. Онда патогеңді түрлері де болуы мүмкін.Жарақатты перикардит, сирек болса да, басалқы түрде де кездеседі. Ондай жарақаттану журек тұсынан тосыннан болған соққыдан, сынған қабырғаның әсерінен, оқтан болуы мүмкін.

ДАМУЬІ. Аурудың даму барысында екі кезеңді ажыратуғы болады. Әсіресе жарақатты перикардитте. Алғашқыда құрғақ болып басталады да, біртіндеп жалқаяқты (эксудатты) түріне айналады. Ауру себептерінің әсерінен қабыну процесі эксудациядан, фибрин талшықтарының шошрлануынан басталады. Перикардтың ішкі бетіне жинақталған фибрин талшықтары оны бұдырландырып, тітіркендіру туғызады. Эксудация үдей түседі де жүрек қабының серпімділігі нашарлайды. Бұл оның жұмысын қиындатады. Ірі малдардың жүрек қабында 20-25 литрге дейін эксудат жиналады. Эксудат журекті қысып, серпімділігін әлсіретеді. Қанның систолалық көлемі азайады.Кей кезде жүрек қабаттары бір-біріне жабысып  қалуы да мүмкін.Жүректің  қанды  сору-шығару  процесі бұзылады.

Экссудат өте көп жиналғанда жүректі жан-жағынан қысудың салдарынан томпонда құбылысы пайда болаып, оның соғыуының тоқтап қалуы мүмкін.

Көкірек көк етіне (диафрагмаға) қысым түсіреді, оның қимылы бәсеңдейді, өкпе мен бауырда вена қаны іркіледі. Вена қан тамырлары мен    капиллярларда    қанның    кысымы жоғарлайды. Шеткергі вена көк қан тамырларының білеуленіп, ісінгені байқалады. Ондай клиникалық белгі әсіресе мойын көк тамырының білеуленуінен жақсы білінеді. Жалпы денеде ісік пайда болады, артерияда қан қысымы төмендейді, қан айналу жылдамдығыбәсеңдейді.

Қабыну процесін тудырған зиянды заттардың және шоғырланған эксудаттың ыдырауларынан пайда болган улы заттар организмді уландырады. Олар қанға түскенде дене қызуы көтеріледі. Қан мен зәрдің құрамдары өзгереді. Ауру асқына келе жүрек етінен қабынуына апарып соғады. Оргаиизмдегі басқа ағзалар мен жүйелердің де қызметтері бұзылады.

КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ аурудың себептері мен даму кездеріне    тікелей    байланысты   болып    келеді.    Құрғақ перикардитте дене қызуының көтерілуі мен тамыр соғысының жиілеуі қатарынан   айқындалады.   Ауру  малдың  көңіл-күйі жабығыңқы, азыққа тәбеті жоқ. Ірі кара малы шұғыл қимылдан қашқалақтайды, ал жылқы малы жатпайды. Алдыңғы аяқтарын алшақтатып ұстайды. Тамыр соғысы бәсеңдейді, оның толуы нашар. Жүрек түрткісі жақсы білінеді. Жүрек тұсын сипалағаңда, немесе соққылағанда ауырсынғандық байқалады. Жүрек қабының үйкеліс шуылын тыңдауға болады. Ол шуыл жүрек соғысымен пара-пар келіп отырады.

Жалқаяқты түрінде қан айналысының бұзылуы айқынырақ болып, аурудың жалпы күйі күрт төмендейді. Жалқаяқтың көп жиналуына байланысты үйкеліс шуылының естілмеуі де мүмкін, Жүректің соғуы жиілейді, қан тамырларының қабырғаларының серпімділігі нашар, толуы аз, ырғақтығы бұзылған. Жүрек түрткісі әлсіз, жайылыңқы, сипалағанда ауырысынғаңдық білінеді, Жүректің көлемі ұлғайған. Венада қан айналысы баяулайды, мойын көк тамыры білеуленген. Шынтақ сүйектері сыртқа қарай тебілген. Ауру малдың ыңқылдағаны байқалады. Жүрек пен қан тамырларының жеткіліксіздіктерінің негізгі белгілері (жүрек соғуының жиілеуі, ырғағының бұзылуы, көгеру, ентігу, ісіну) жақсы білінеді. Ірі қара малдарда ісік көбінесе алқымында, шықшыт тұсында, төсінің астында орналасады. Жауырын алды бездері ұлғаяды.

Электрокардиограммада кертештерінің амплитудасы кері кішірейеді, қосымша жирылу, жүрек ырғағының бұзылу белгілері анықталады.

Артерияда қан қысымы төмендейді, венада жоғарылайды (қалыпты 80-130 мм сынап бағанасының орнына 600-ге дейіп көтерілуі мүмкін). Қан ағысының жылдамдығы бәсеңдейді. Қанда нейтрофильді лейкоцитоз. Зәрде – белок, альбумоздар, индикан.

Қабыну процесі алдыңғы қарыншақтардың жиырылуын әлсіретеді, өкпелердің, бауырдың және басқа да ағзалардың қызметтері бұзылады.

Барысы. Жарақатсыз түрінде себептеріне байланысты. Құрғақ перикардит себептерін жойғаннан кейін қысқа мерізімді жазылып кетуі де мүмкін. Ал жалқаякты түрі ұзаққа созылады және ауыр түрде жүреді де өлім-жітіммен аяқталады.Жарақаттан болған перикардит ұзаққа созылады, қатты әсер етіп асқынады. Қабыну жүрек еті мен ішкі қабатына өткенде ауру мал бірнеше күннің ішіңде өлім-жітімге ұшырауы мүмкін.

Ауруды анықтау үшін төмендегідей іс-әрекет жасау керек:

ауру мал туралы толық анамнез жинау;

аурудың негізгі-негізгі клиникалық белгілерін анықтау;

ЭКГ немесе ФКГ-ні жазып, талдау жасау;

Рентген арқылы тексеру (жүректің көлемі ұлғайған, қозғалысы нашар, жүрек пен көк ет ұшбырышының көлемі көмескі, кішірейген);

  • Диатермия тоғын қолдану арқылы ауырсынғандықты байқау;

Күмәнді жағдайда, ұқсас аурулардан саралау үшін жүрек тұсына пункция жасау арқылы сарысу алу. Ол үшін стерильді инемең, ауру малдың сол жағынан, иық буыны мен шынтақ арқылы егетін түзулердің орта тұсынан, төртінші қабырғаның арасынан теседі.

Ұқсас аурулардан саралау: құрғақ перикардитті құрғақ плевриттен ажырата білу керек. Құрғақ плевритте кеуде тұсының тұтастай ауырсынатындығы және үйкеліс шуылының жүрек соғысының ырғағымен емес, дем алу ырғағымен пара-пар келетіндігі ескеріледі.

Жалқаяқты перикардитті жүрек шемені мен эксудатты плевриттен ажырата білу керек.

4.Жүрек қабының шеменінде жүрек тұсында ауырсынғандық білінбейді,  дене қызуы көтерілмейді. Пунктатта транссудат анықталады.

  1. Жалқаяқты плевритте дүңкіл дыбысының сызығы құрсақ тұсынан басқа жерлерде анықталады және малдың тұрысын өзгерткенде сызық та өзгереді.
  • Жүрек етінің    және     оның     ішкі     қабының қабынуларының өздеріне тән клиникалық белгілеріне суйене отырып ажыратуға болады. Арудың болжамы оның түріне байланысты әртүрлі болып.  Жарақатсыз   перикардиттің   болжамы   негізгі   ауруға көбінесе шүбәлі болып келеді. Ал жарақатты перикардитте көбіпесе оң нәтиже күтуге болмайды.

ЕМІ. Брінші кезекте негізгі ауруларды емдеуге бағытталады.

Бастапқы  кезде жүрек тұсына суықтықпен әсер еткен дұрыс. Эксудатты азайту үшін зәр айдайтын, йод препараттары мен етеді. Артерия кысымы төмендегенде глюкоза, кофейн препараттарын    қолданады.    Натрийдің    кофеин-бензоаты немесе натрийдің салицилатын тері астына жіберіп те болады. Глюкозаның 30-40 пайызды ерітндісін қан тамыры арқылы жібегеннің нәтижесі жақсы. Оны ауыз қуысы арқылы беруге де болады. Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын негізгі ережеге сүйене отырып қолдану керек.Аутогемо-аутосеротерапиялардың пайдасы жақсы. Жүрек қабынан сарысуды алып, оны терінің астына жіберіп емдеуге де болады.Перикардтың жарақаттан болған түрін операция жасау арқылы ауру малды аман сақтап қалуға болады.

САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ; негізгі ауруларды дер кезінде емдеп жазу керек; жарақатты перикардиттен сақтандыру үшін: малшылардың арасында түсінік жұмыстарын жүргізу; сусымалы жемдерді магнитті қондырғылардан өткізіп отыру; мал жайьшымдарын мұқият тексеріп отыру; мал рационын минеральды-витаминді азықтармец қамтамасыз ету; магаитті зондтар арқылы, әсіресе ірі қара малдарының алдыңғы қарыншақтарын, металл заттарынан тазалап отыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *