Шымкент қорғасын зауыты өндірісінен бөлінген қалдықтардың топыраққа тигізетін әсерін бақылау


Дихан Айгүл студент 

Шымкентского аграрного колледжа РК, ЮКО, г. Шымкент

Кіріспе

Жұмыстың мақсаты:Қазіргі кездегі зауыттардан  шығатын қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау.

Жұмыстың міндеттері :

Қорғасын зауытынан шыққан калдықтардын топрақа тигізетін әсерін бағалау.

-Қалдықтардың  топырақ  құнарлығана тигізетін әсерін анықтау.

Бақылау орны: Шымкент аграрлық колледжінің химия зертханасы.

Зерттеу өңірі:Шымкент каласының қорғасын зауытының аймағы.

Зерттелетін объекті:Шымкент қорғасын зауыты.

Зерттеу әдістері:Бақылау әдістер;Пайыздық құрамын зертеу, бақылау

Эксперимент әдістері:Фотометрлік  әдіс, фильтрациалық әдіс, ионометрлік әдіс, микроскопиалық әдіс,  дистельдеу.

Зерттеу нәтижелері;

(Казіргі таңда химиялық қалдықтардың ашық түрде топырақ бетінде жату себептері

  • Өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар
  • Химиялық заттар жане тыңайтқыштар
  • Тұрмыстық қалдықтар
  • Ірі құрылыс учаскелері

 

Шымкент қаласының өндірістік территориялары ауыр металдармен жоғары дәрежеде  ластанған. Ауыр металдардың  және улы газдардың таралуы «Южполиметалл» ЖАҚ тікелей әсер етеді. Сонымен қатар ауыр металдардың топырақтың атмосфераға аса жоғары мөлшерде шығарылуы да ауыр металдардың тұздармен ластанғанын көрсетеді.Улылығы тұрғысынан қоршаған ортаға, дәлірек айтсақ топыраққа  концентрациясы қауіпті болып есептелетін  химиялық заттар қорғасын, мырыш, мыс, кадмий элементтернің қосылыстары. Қорғасынның артық мөлшері топыраққа және ондағы өсіп тұрған өсімдік тіршілігіне маңызды процестердің қалыпты жүруіне кері әсерін тигізеді. Өндіріс орындарына жақын аудандарда топырақ бетіндегі ауыр металдардың  мөлшері  30 % құрайды. Ал егісте және желдің  негізгі бағытында тұрған  жағдайда бұл көрсеткіш 60% дейін жетеді.  Яғни, өндірістік  қалдықтар атмосфераға  түскеннен кейін горизонталь және вертикаль бағытта үлкен қашықтықтарға тарайды. Құрамында қорғасыны бар шаң жаңбыр суымен жуылып, топыраққа түседі. Қала территориясынан  алыс орналасқан елді мекендердің  топырақ шаңында қорғасынның  мөлшері қала маңындағымен салыстырғанда төмен екені анықталған. Ал өндіріс аймағында одан да жоғары. Статистикалық талдау қорытындысы бойынша  топырақ пен  өсімдіктер арасында  тура корреляциялық байланыс бар екені  анықталған. Құрамында ауыр металдардан басқа  күкірт ангидриді, күкірт қышқылы, фтор қосылыстары тағы басқа  поллютанттар кездесетін күл-шаң түріндегі қалдықтардың әсерінен  топырақ құрамы өзгереді, эрозияға ұшырайды, беткі қабатындағы гуммус мөлшері төмендейді де қышқылдылығы жоғарылайды, мұның әсерінен  ауыр металдар қосылыстарының  қозғалғыштығы артып, өсімдіктерге жеңіл сіңіріледі.Зауытқа әр түрлі қашықтықтан алынған топырақ құрамындағы ауыр металдарды  тексеру барысында сегіз нүктеден алынған үлгілердің құрамында   қорғасын мен мырыштың концентрациясы мүлдем әр түрлі көрсеткішті көрсетті.Егерде осы алынған топырақ  үлгілерінің қышқылдығы қышқыл орта болып келсе, яғни топырақтың бейтарап бөлшектері әлсіз қышқылды ерітіндіде болады деп түсіну қажет.Бірінші және екінші үлгіде топырақтың қышқылдығы  7,0-ге тең болса, үшінші және төртінші нүктелерде ол 6,95-ке дейін төмендейді. Бесінші және алтыншы нүктеде  7,1-ге дейін көтеріліп барып, жетінші және сегізінші нүктеде  қайтадан бастапқы қалпына қайта келеді.Бұнда топырақтың қышқылдылығы өте майда топырақ бөлшектерінің (гумус, балшық) төңірегіне жинақталған. Сондықтан топырақтың майда бөлшектерінің  бетіне қоректік элементтер жинақталады және осы жиынтықты бөлшектердің көлеміне қарай оның ерекшелігін сипаттауға болады.Бірінші, төртінші және алтыншы, жетінші үлгілерде  ортаның қышқылдылығы 7,1-ді құраса, бұл көрсеткіш екінші және үшінші және бесінші үлгілерде 7,0-ге тең. Ал, сегізінші  үлгінің қышқылдылығы ең жоғарғы көрсеткіш 7,2-ге тең.Ортаның қышқылдылығы әр келесі  бірлікке азайған сайын оның қышқығы он есе арта түсетіндігі бізге мәлім. Сонымен қатар зерттеуге алынған үлгілердің беткі қабаты негізінен кері зарядты, сондықтан ол оң зарядты сутек, кальций, магний, калий, натрий өзіне қарай тартады. Қоректік заттарды ұстап тұра алатын  қабілеті бар майда  коллойдты бөлшектердің жиынтығын сіңіре алу қабілеттілігі немесе сіңіру қабілеттілігі деп атап, оны топырақтың сіңіргіштік  жиынтығы (топырақтың катиондық сыйымдылығы) дейді.Сонымен қатар жоғарыда аталған зерттеу нүктелерінің үлгілерінің құрамындағы қорғасын мен мырыштың мөлшерін зерттедік.Бірінші, екінші, үшінші және төртінші нүктелерден алынған үлгілердің топырақ құрамындағы  қорғасынның мөлшері  0,003 %-ды құрайды. Зауыттан кейінгі  10 км солтүстік батыстан алынған топырақ үлгісі құрамындағы қорғасынның мөлшері  алғашқыларға қарағанда біршама төмен – 0,002 %-ке тең.Зауыт орналасқан алаң, зауыттан шығарылған қоқыс қалдық, зауыттан кейін 3 км оңтүстік нүктелерден алынған үлгілердің топырақ құрамындағы қорғасынның мөлшері басқа нүктелерге қарағанда тиесілінше 3,5 %, 8,2 %, және 3,2 % жоғары көрсеткішті құрады. Зауыттан шығарылған  қоқыс қалдық қорғасынның  ең жоғарғы концентрациясымен ластанғандығын көрсетеді. Тиісілінше зауыттан кейінгі  3 км оңтүстігінен Бадам өзені бойы топырақ үлгісінен алынған қорғасынның мөлшері 3,2 пайыз құрады.

Зауыт шеңберінен әр түрлі қашықтықтағы нүктелерден алынған топырақ үлгілерінің құрамындағы мырыш мөлшері  көрсетілген. Жоғарыда аталған үлгілерден алынған 6-8 сынамаларда мырыштың мөлшері 0,001-0,0041 пайыз аралығын түзеді. Яғни басқа алынған сынамалармен салыстырғанда мырыштың аз мөлшерімен ластанғандығын көрсетті.

Қорытынды:

Өндірістік аймақтарда  экологиалық заттарды пайдалану жәнеде зианды химиалық заттарды жабық түрде козін жою. Қауіпті заттардың мөлшерден тыс  асып кетпеуін бақылау.

 

Қолданылған ақпарат көздері.

  1. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева «Экология»  Алматы,  2002  185-189 бб,  224-228 бб
  2. «Геохимия және экогеохимия» Төлепбергенова Ж.Н.  Шымкент-2015   18-26 бб
  3. «Қоршаған ортаны қорғау»  Небесаева Ж,  Кенжебекова Е,. Шымкент-2014  17-25 бб
  4. Шакиров Б.С, Исаева Р.А, Шыңғысбаева  Ж.А,  Сихынбаева Ж.С  «Экология  және тұрақты даму» Шымкент 2012  139-149 бб
  5. GOOGLE.KZ, WWW.YANDEX.KZ
Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *