«Дидактикалық ойындар-логиканы шыңдайды»


Астана қаласы №79 «Шабыт» балабақша тәрбиешісі

Юнусова Гульжамал Сабировна

Ойын – бала әрекетінің бір түрі.Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ» ойынын алар болсақ, оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Ребустар шешудің ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.Ұлттық ойындарды қолдану сабақ мазмұнын байыта түседі және баланың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. Математикалық ұғымдарды қалыптастыруда  «аз», «көп» ұғымдарын баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес. Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң, онша қиындық келтірмейді. Мектепке дейінгі оқытуда балалардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ секілді ойын түрлерін ойнату тиімді. «Он саусақ» өлеңін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы балқайлардың  тілін ұстартып, ауызша тез есептеуге, логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады.  Математикалық ұғымдарды қалыптастыруда  дидактикалық ойын элементтерін қолданып оқу қызметін өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.Оқу қызметінде  ойын элементерін пайдалану балалардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *