КӨКТЕМ


  2  сынып және 3 сынып оқушылары «№ 1  Қазанбасы  орта мектебі» ММ    Егизбаева Жанайым   Мухтар  Алибек  Мұғалімі:Ишпанова  Кулшат Кореновна

“Көктемде   табиғат  ана  оянады, қыстың  қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта  оралады.  Ағаштар бүршік жарып гүлдейді..” деген сарында  басталатын.  Одан бері талай көктем келді  кетті.. Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес  бір  тылсым..

Әсіресе  қызығы, мына  көктем алды  мезгіл..Қыспен көктемнін алмасар уақыты.. Бір- бірімен сықылықтап қуаласпақ ойнаған кішкентай  балаларды  есіме салады  менің.. Біресе  қыс  көрінеді,   біресе  жылы  көктем   лебі .Ақыры соңында қыс шаршап тынадыдағы,  ал көктем керісінше  күшіне  күш  қатып, ойыннан  қалып бара жатқан қысқа бұртия  қалады  да көз  жасын  төгіп  жібереді..Ойынға  басқа бала келіп қосылған ша осылай  жалғасады..Келесі  бала ол  жаз  мезгілі.

Биылғы  көк  темерке  көрінді  маған. Сыңғырлаға  нкүлкісін, жылтеткен  жанарын бір көрсетіп  ғайып  болатын  ерке  бір  қызды  еске   салды.  Жүректі   қобалжытады, бірақ дүрсілдетпейді. Бірақ сонысымен адамды баурайды.  Ішіңнен сол бірт әтті  сәтке деген қуанышты  сезесің, асыға  күткендей   боласың..

Табиғаттың  бұл  құбылысы  мен ішкі  құбылыстың  сәйкес   келуі де байқалды биыл.  Көктем  жылы  күндердің,   жазшы  райының  хабаршысы  болса, өмірдегі  жаңа  белестерге   деген  бет бұрыстың,  жаңа  бір беттің  ашылуы, бір  өзгерістің, бір кезеңнің алмасуының  хабаршысы  сияқты, екеуі де адамды  қобалжытады,   асықтырады, тағатсыздыққа   душар   етеді…

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *