«Жарық болсын күніміз!» ашық сабақ


Шортанды ауданы білім беру бөлімі жанындағы

«Ботакөз» ясли-бақшасы МКҚК

тәрбиеші Абдикаримова Камшат Абсултановна

Білім беру саласы: Әлеумет. Таным.

Тақырыбы: Жарық болсын күніміз!

Мақсаты: Балаларға құқық туралы түсінік беру, достыққа, мейрімділікке ойын арқылы тәрбиелеу., балаларға өз құқықтарын  ертегі арқылы ұғындыру.

Педагог:-Балалар, сендер театр деген сөзді естігендерің барма?

-Театр деген-өте көп адам қойылым көруге жиналатын мәдениетті орын.Ол жерде қатты сөйлемей,өрескел қылық көрсетпей тыныш қана қойылымдарды тамашалау керек.Ол жерде жұмыс істейтін кісілерді әртістер деп атайды.

-Балалар театрға барғыларың келеме? Келіңдер, онда паравозға мініп театрға барайық.

-Міне, балалар біз театрғада келіп жеттік.

-Жүріңдер балалар,кассадан барып билет алайық.

-Сәлеметсізбе, апай. Бізге қазіргі қойылымға билет бересізбе?

-Рахмет.

– Жүріңдер, балалар орындығымызға барып тыныш отырайық.

(Әсем әуенмен қолында құқық туралы кітабы бар Қызылтелпек кіреді).

Анасы: Қызым келдіңбе? Мен сені күні бойы күтіп отырмын, қалың қалай,бүгін балабақшада не үйрендіңдер?

Қызылтелпек-:Бүгін біз құқық туралы  сабақ өттік, анашым.  Әр бала қуанышпен өмір сүруге,ойнап күлуге, балабақшада тәрбиеленіп, мектепте білім алуға құқылы! Әрбір бала өз құқығы туралы білуі керек!Сондықтанда мен балабақшадан жақсы тәрбие алуға тырысамын,  айтқан тілді алып, өз құқығым туралы білетін болам!(кітапты көрсетеді).

Анасы:- Дұрыс  айтасың,  қызым, мен сенімен келісемін,көп оқысаң көп білетін боласың.   Сен оқи бер,  ал  мен әжемізге барып келейін,  ауырып қалған екен, мына бауырсақ  пен сүтті  апарып,  жағдайын біліп қайтайын.

Қызылтелпек:- Анашым, сіз демалыңыз, мына журналды сізге әкелдім,  оқыңыз.(Анасына журналды береді).  Ал, сүйікті әжеме  сүт пен бауырсақты  өзім апарып беремін. Жол бойы құқық туралы кітабымды оқып, білімімді тереңдетейін.

Қызылтелпек жолға шығып кетеді.

(Жолда құмырсқалар кездеседі).

Қызылтелпек: -Қайырлы күн, құмырсқалар! Таң атпай еңбектеніп  жүрсіңдер,  отырып дем алыңдар етті.Қалдарың қалай?

Құмырсқа: « Еңбек етсең ерінбей,  тояды қарның  тіленбей»!

Қызылтелпек:- Дұрыс айтасың, құмырсқа, барлық  жан  еңбек  етуге  құқылы!  Еңбек ету   пайдалы.

 

Жарайды мен кетейін,  мені әжем  күтіп  отыр, кешке  сендерді қонаққа  шақырамын.

(Бақылдаған  бақалардың  дауысы шығады).

Қызылтелпек:- Мына  дауыстар  қайдан шығады?  (Бақаға  қарап) Бұл біздің  жасыл  достарымыз  бақалар  ғой.

Бақалар:- Сәлеметсіңбе, Қызылтелпек!   Қызылтелпек , балалар бізді  ренжітеді,  көлге  қоқыс  тастайды. Тіпті  кейде  ұстап алып, банкаға  сала  жаздайды.

Сол кезде  бір  бала шығады.

Бала:- Сәлеметсіңдерме.     

Қызылтелпек:  Сендер   бақаларды  ренжіткен  балаларды  көрдіңдерме?

Бала:    –   Жоқ, көрген  жоқпын,  мен табиғатты  сүйемін.  Құстар  мен жануарларды  ренжітпей  қорғаймын.

Қызылтелпек:   Жарайсың , балақан! Мен  кешке  сендерді қонаққа шақырамын.

Сергіту сәті: «Жануарлар биі».

(Қызылтелпек  әуендетіп келе  жатады,  алдынан  қолында  көжегі  бар  қоян шығады).

Қызылтелпек:  – Қайырлы  күн!   Көжегіңізге  не  болды?

Қоян: – Кішкентай  көжегім   ауырып  қалды,  дәрігерге  бара  жатырмыз!

Қызылтелпек: – Сіз  қайғырмаңыз, мен  сіздерді  дәрігерге  апарайын.

Олар  жануарлар  дәрігеріне  келеді.

Дәрігер:- Қане,  көжегіңіздің  қай  жері  ауырады?

Қоян: – Менің  аңқау  көжегім  саусақтарын  ауыртып  алды.

Дәрігер: – Қайғырма,  көжегіңді  әкел  оны  емдеймін,(емдейді).  Енді  ол  секіріп,  билейтін  болады.

Қоян  өзімен  бірге  қояндар  биін  билеуге  шақырады.

Дәрігер: Емделуге   бәріміздің  құқымыз  бар!  «Бірінші  байлық- денсаулық».  Сондықтан  денсаулығымызды  күтіп  жүрейік!

Қызылтелпек  жолмен  жүріп  келеді  алдынан  қасқыр  шығады.

Қасқыр:-  Қызылтелпек,  сұлу  қыз! Қайда  барасың?

Қызылтелпек:  Әжеме   барамын,  мен  асығыспын  жолдан  былай  тұр!

Қасқыр: – Ақымағым-ау,  мен сені  жібере  алмаймын.  Онанда  сені  жеп,  қарнымды  тойдырайын.  Мен  ашулы,сұр  қасқыр  емеспін бе!

Қызылтелпек:  Тұра  тұр,  сұр  қасқыр.  Мен  өз құқығымды  білемін.  Мені  ренжітуге  сенің  қақың  жоқ!  Міне,  мынау  кітапта  құқық  туралы  бәрі  жазылған.

Қасқыр:- Ал,  әкел  кітабыңды! Оқып  көрейін!

1.Егер  ақылды  болғың  келсе, үлкендерді  сыйла!

2.Достарыңды  өкпелетіп, кішілерді ренжітпе.

Бұл құқықтарды  әркім  білу  керек!

(Қасқыр  желкесін  қасып, ойланып  қалады).

Қасқыр:-Мен   түсіндім,  енді  ормандағы  жануарлардың  ешқайссына  тиіспеймін, ренжітпеймін.

Қызылтелпек:  Жарайсың  қасқыр  түсінгеніңе  рахмет!  Енді  мен  жүрейін,  әжем  күтіп  қалған  шығар, сенде  кешке   бізге  қонаққа кел!

Қызылтелпек  әжесінің  үйіне  келіп  жетеді.  Есікті  әжесі  ашады.

Қызылтелпек: – Есенсізбе, әжетай!

Әже:- Қалайсың, Қызылтелпегім?

Қызылтелпек-: Әжетай мен сізге   бауырсақпен   сүт  әкелдім.  Жолда  ұзақ  жүрдім,  талай  достарымды  кездестірдім.  Көңілді  болсын  деп,  кешке   оларды  қонаққа  шақырдым.

Әже:-  Рахмет,  сүйікті  немерем!  Қолыңдағы  не  кітап?  Кел,  достарың  келгенше  оқиық.

Қызылтелпек:  Бұл  кітап  үлкендерге де   балаларға  да  керек  әрі  қызық  кітап,  құқық  туралы.

Әр  адам   өз  құқығы  жайлы  білуі  тиіс.

Әже:   Біреулердің  дауыстары  естіледі,  қонақтар  келді  ғой  деймін.

Қызылтелпектің   шақырған  қонақтары  билеп  ортаға  шығады.  Бәрі  де  әже  мен Қызылтелпекке  сыйлық  әкеледі.

Әже: – Барлығыңа  рахмет,  ал  енді   дастарханға  келіңдер!

Бәрі  бірге:  Жарық  болсын  күніміз!  Өзгелерден  өзіңе  қандай  қарым-қатынас  қаласаң,    сенде  оларға  сондай    қарым-қатынас  жаса!

Педагог  балаларды мақтайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *