«Пішіндер елінде»


Павлодар облысы Ақсу қаласы

КМҚК “Балапан” бөбектер бақшасы” тәрбиешісі

 Гульмира Серікқызы Кулдошбекова

Білім  беру  саласы:  Таным

Бөлімі :  ҚМҰҚ

Тақырыбы:  «Пішіндер елінде»

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін арттыру.

Балалар  шаттық   шеңберге   тұрады.

М.Жаманбалиновтың  тақпақпен  бастайды

Балалар  қазір  қай  жыл  мезгілі  ?

Балалар  жауабы:  Қыс  мезгілі

Тәрбиеші : Қыста  ауа-райы  қандай  болады?

Балалар жауабы : Қыста  суық ,боранды ,қар жауады т.б

Қане  балалар   сызба  арқылы  әңгімелейік.

Балалар  сызба  арқылы  айтады

Тәрбиеші :  Балалар  сендер Сиқырлы  пішіндер  еліне  саяхатқа  барғыларың  келе ме?

Балалар жауабы   :  Иә барғымыз   келеді

Есік  қағылады ,  Дымбілмес  кіреді

Тәрбиеші балалар  бізге  қонақ  келіпті

Дымбілмес  балалар мен   амандасады.  Балалар  мен  сендердің  сөздеріңді  естіп  қойдым  менде  саяхатқа  барғым  келеді  ,менде  көп нәрсе  үйренгім  келеді

Тәрбиеші: Балалар  Дымбілместі  бірге  алып  кеттемізбе

Балалар  жауабы :  Иә

Тәрбиеші :  Балалар   алыс   жолға   шығу  үшін  немен  баруға  болады

Балалар  жауабы;  Ұшақпен  ,автобуспен, тік  ұшақпен , поездбен  т.б

Тәрбиеші:  Қазір біз  поездбен  барамыз  ол  үшін  билет  алуларың  керек .

Мына  пішіндерден  біреуден   аламыз  ,орындықтарда  түстеріне  пішіндеріне  қарап  отырамыз .

Қане  поездбен  жылжып  жүреміз . (музика әуен )

Міне  балалар  сиқырлы  пішіндер  елінеде  келдік,  Қараңдар түрлі  түсті пішіндер  бар  екен  .

1-Тапсырма :  «Геометриялық  пішіндерді  ата»

Тақтаға  балалар  назарын  аудару  ,  дымбілмес  сен  білесіңбе  пішіндерді ?

Дымбілмес  :  жоқ, жоқ  мен білмеймін

Тәрбиеші  ендеше  тыңда  біздің  балалар  пішіндерді  атайды.

Мынау  үшбұрыш  түсі  қызыл , ол  ұқсайды  орамалға ,үйдің  шатырына

Мынау  шаршы  түсі  сары  ол ұқсайды   жастық ,терезеге

Мынау  дөңгелек  түсі  көк  ол ұқсайды  допқа, күнің  көзіне

Енді   санайықшы  пішіндерді   орысша,  ағылшынша  ,қазақша

Дұрыс айтасыңдар  міне  Дымбілмес  енді  біліп  ал

Дымбілмес  жарайды   енді  менде  ұғып  аламын.

2- тапсырма  Орындыққа  отырамыз  «Түстеріне  сәйкес пішінді  орналастыр»

Балалар  отырып  түстерін  пішіндерге  сәйкес  орналастырады

Дымбілмес  қате  орындайды ,  Тәрбиеші  Дымбілмес   балаларға  қара  дұрыс орындап  жатыр.  А ,а а  менде  дұрыс орындаймын

Жарайсыңдар  балалар

 

3- тапсырма  «Суретке  қарап  пішінді  орналастыр»

Балалар  пішінді  алады  түстерімен  көлемдерімен  дұрыс  орналастырады

Дымбілмес  орындамай  отырады ,  Тәрбиеші  неге  сен  орындамай  отырсың

Мен  түстер  көп екен қайсысын  алуды  білмей  тұрмын

Балалар  жауабы

Дымбілмес  а а а  енді   өзім  орындаймын

Жарайсыңдар  балалар

Тәрбиеші  балалар  сендер  шаршап  қалған  шығарсыңдар  енді сергіп  алайық   «Жүгіреді  жүгіреді»  тақпақ

Ал енді  балалар  кейінгі  тапсырмамыз  едендегі   шеңберге  түстеріне  қарап  мына  пішіндерді  алып  апарып саламыз  ,балалар орындайды .

Дымбілмес  қате  салады  ,балалар  дұрыс  көрсетеді

Балалар  енді  біз  тобымызға  қайтуымыз  керек . Біз  қайда  саяхатқа  бардық  .  балалар  жауап  береді

Дымбілмес  рахмет  балалар  мен  көп  нәрсе  үйрендім  Сендерге  мен  сыйлық  әкелдім  Дымбілмес  қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *