“Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі тәсілдері” сабағы


Ашыкбаева Лазат Шалгимбаевна

Астана қаласы

Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектебінің

математика пәні мұғалімі

Мақсаты:

Білімділік: Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілін білу.

Дамытушылық:  Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу әдісін практикада дұрыс қолдана білуі.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Практикалық сабақ

Сабақтың жоспары:

1)  Сәлемдесу,  оқушылар тізімін тексеру

2)  Үй тапсырмасын тексеру(слайд №1, №2)сұрақ – жауап

3)  Оқулықпен жұмыс(231, №233, №238, №164)

4) Математикалық сауаттылық(логикалық есептер №5, №6 слайд)

5) Тест тапсырмалары(тапсырманы құрастыруға болады)

6)Үйге тапсырма беру

7) Қорытындылау, бағалау

Қайталауға арналған сұрақтар:

1) Квадрат теңдеудің анықтамасын айт.

2) Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?

3) Қандай теңдеуді келтірілген квадрат теңдеу деп  атаймыз?

4) Квадрат теңдеудің қанша түбірі болуы мүмкін?

5) Виет  теоремасын тұжырымдаңыз.

6)Квадрат үшмүше деген не?

7)Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу деген не?

8) Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласын жазыңыз?

 

Қайталауға арналған есеп:

Тік төртбұрыштың ұзындығы енінен 3 есе үлкен. Егер оның енін 4 метрге ұзартып, ал ұзындығын 5м-ге қысқартсақ, онда тік төртбұрыштың ауданы 15м2-ге артады. Тік төртбұрыштың өлшемдерін табыңдар.

2) Бүтін санның квадратынан осы санның өзін азайтқанда жұп сан шығатынын көрсету керек.

Практикалық бөлім:

Тақтада орындалатын тапсырмалар: №282

Үй жұмысы:    № 283/3,4/, ережелерді жаттау

Бағалау:  Оқушылардың белсенділігіне байланысты бағалау.

Рефлексия  №9 слайд

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *