Баяндама “Кітапхана”


 Багимова Құралай Сағымбекқызы   Баянауыл ауданы

 №2 Баянауыл ЖОББ мектебінің  кітапхана меңгерушісі

Кітапхана –мектеп  мәдени өмірінің  орталығы    «ХХ1 ғасыр  – білім мен ғылымның ғасырыболады», деп Елбасымыз атап айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз  заман талабына сай жаңа ақпараттық  технологиямен  жұмыс жасауға  бет бұрып келеді. Осы жерде  кітап пен кітапхана  жұмыстарының  сырт қалып қойып  жататыны белгілі. Жастарымыз  кітап пен  кітапхананы  жаңа  заманның  ақпараттық  технологияларымен  айырбастап  жібергені анық. Кітапхана – дүниеде  ештеңеге  теңестірілмейтін білім  бұлағының  көзі. «Кітап- білім бұлағы»демекші , осынау білімінің тұнық та мөлдір бұлағынан  шәкірттерді

сусындатып, оларды рухани  дүниесін молайтып,  тағлымы мол тәрбие ошағына  айналып  отырған  кітапхананың  мектепте  алар орны зор.  Мектеп  кітапханасы  кішкентай  болғанымен , атқарар қызыметі  үлкен. Мектеп кітапханасының алдында  тұрған басты  мақсаттардың бірі  -,  ролі өте зор. Кітапханашылар  оқушыларға  маңызды  ақпараттық  ресурстар  мен  қажетті  кітаптарын  тауып беріп отыру , электрондық   оқулықтарды  ұсына  отырып , жаңалықтардан  қажетті  білімді  таңдап алуға ықпал  етеді. Бұл- оқу тәрбие  үрдісіндегі  мектеп  кітапханасының  мәртебесін  көтеру.                                                                                                                                                   Білімді ұрпақ – егеменді елдің  берік  тірегі. Білімді болу үшін  рухани  дүниеміз бай , оған қоса  адамгершілік , кішіпейілділік, қайырымдылық қасиеттеріміз болу керек. Кітапханашылар өзі  оқып білген  жаңалықтардың бәрін оқырман бойына  сол қалпында жеткізеді де жанға жайлы  жаңалық тудыра  отырып, қиялының  шарықтауына, қайырымды бәсеке мен  достық  қарым-қатынас орнауына жағдай жасауға тырысады.   Әрбір  кітапханашы  өзінің оқырмандарын, яғни мектеп оқушыларын  Отан сүюге баулу,туған жерін қастерлеуге  үйрету, Қазақстанның  ертеңі  мен болашағын бүгінгі  ұрпақтың өз қолында екеніне көздерін  жеткізу,терең білімді, парасатты, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстан  Республикасы  кітапханалар ассоциясының  ұйымдастыруы  мен  ел көлемінде  өткізіліп  келе  жатқан «Бір ел- бір кітап» акциясының  маңызы өте зор. Бұл   акция- кітап оқитын  қауым  мен  оқырмандарымыздың көбеюіне, ұрпақтың рухани  құндылыққа  ден қоюына  мол мүмкіндік берері  сөзсіз. Жас ұрпақты парасатты да білікті, мәдениетті де , білімді етіп  тәрбиелеуде, олардың  жан дүниесін дамытуда  мектеп кітапханасының  алатын  орны  ерекше. Кітапхананың  тіршілігіне жан беретін  кітапханашылар.                                                                         Ұлттық құндылықтар мен оқырмандар жалғастырушы,үгіт- насихат жүргізуші , педагог- психолог және көмекші әрі ұстаз, әрі үйретуші – кітапханашылар. Олай болса ,Қазақстанның  болашағы  біздің де қолымызда , аянбай,өз үлесімізді  қосайық .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *