Сабақ “Кестелер. Кесте құру”


 

Жумагазина Индира Галымбековна

«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің

Родина жалпы орта білім беретін мектебі» ММ-нің

информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: білімалушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету.

Тәрбиелік: білімалушыларды техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдық пен жүйелікке үйрету. Алдыға қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: білімалушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмаларды беру арқылы ақпараттық сауаттылықтарын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа оқу материалдарын иегеру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс – тәсілдері: инетрбелсенді тақтаның көмегімен демонстрациялау, баяндау, практикалық жұмыс арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: дербес компьютер, оқулық, интербелсенді тақта, үлгірімі төмен оқушыларға деңгейлік үлестірмелі тапсырмалар.

 

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІV. Практикум.

V.Сергіту сәті.

  1. Жаңа сабақты бегіту.

VII.Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушылар сыныпқа техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жайғасамыз.

Жайғасып болсақ, түрегеліп, бір – біріміздің қолымыздан ұстап, күлімдеп, бір – бірімізге жүрек жылуын сыйлаймыз.

Сіздерге сәттілік тілеймін!

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ал, оқушылар, үйге берілген тақырыпқа тоқатылп өтейік!

Барлығымыз интербелсенді тақтаға қарайық. Дәптерімізге бүгінгі күнді және үй жұмысын тексеру деп жазайық.

 

Тапсырма №1 Тест

 

  1. Жолақтың қандай бөлімі абзацты пішімдеу үшін жауапты?
    A) Кірстіру
    В) Бетті белгілеу
    C) Бас тіркеме беті
    D) Шимайлық.
    Абзацты түзулердің ішіндегі артығы қайсысы?
    A) Сол жақ шеті бойынша
    В) Абзац бойынша
    C) Оң жақ шеті бойынша
    D) Ортасы бойынша.
    3. Сызғыштың көмегімен не істеуге болады?
    A) Шегіністерді орнатуға
    В) Түзеуді баптауға
    C) Жоларалық интервалды анықтауға
    D) Маркерленген тізімді баптауға.
    4. Абзацтың бірінші жолындағы шегініс үшін жауапты сызғыш:
    A) Оң жақтағы төменгі маркер
    В) Сол жақтағы жоғарғы маркер
    C) Сол жақтағы төменгі тікбұрышты маркер
    D) Сол жақтағы төменгі үшбұрышты маркер.
    5. батырмасының қызметі:
    A) Абзацтың шеіністерін баптайды
    В) Ол табуляция
    C) Маркерленген тізім құрады
    D) Абзацтағы түзеуді анықтайды.

    1 2 3 4 5
    С В А В С

Тапсырма № 2. Диктант

1.Ақпараттың түрлері … (мәтіндік, графикалық, дыбыстық, бейнелік)

2.Мәтіндік ақпаратты өңдеу…

3.Графикалық ақпаратты…

4.Дыбыстық ақпаратты…

5.Бейнелік ақпаратты…

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ал, енді оқушылар, жаңа сабағымызға көшейік. Бүгінгі тақырыбымыз: «Кестелер. Кестелер құру» (дәптерімізге жазамыз.)

Сіздерге қояр сұрағым бар, кесте дегеніміз не? Қалай түсінеміз? Не үшін қажет?

Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты бойынша біз кесте жасап, ұяшықтарды қосып, алып тастауды және біріктіруді үйренеміз.

Жаңа кесте құру үшін мына командаларды орындау керек:

 

Кіріктіру (Вставить)=> Кесте (Таблица) =>  Кестені кірістіру (Вставка таблицы)

 

Кесте – бағандар мен жолдардан құралатын ұяшықтар.

Ұяшық – бағандар мен жолдардың қиылысуы.

Мысалға, 4 жол, 2 баған десек, ол былай болады:

   
   
   
   

Мында неше ұяшық бар?

 

Оқушылар, тышқанды үш тілде айтайықшы, кім біледі?

Тышқан – мышка – mouse.

Бағандар – столбцы

Жолдар – строки

Баған және жол қосу:

Сызылған кестемізге тағы екі  баған қосу керек болса, тышқанды кестенің соңғы кез келген бағанына апарып, оң жақ батырмасын басып мына команданы орындаймыз:

Кіріктіру (Вставить)=> оң жағынан баған қосу (вставить столбцы с право)

Баған және жолды өшіру:

Берілген кестенің жолын, не бағанын өшіру керек болса, ең алдымен белгілеп аламыз, кейін Удалить ячейки / удалить столбцы командасын орындаймыз.

 

Бағандар мен жолдарды біріктіру және бөлу.

Бір қатардағы және жақын орналасқан ұяшықтарды біріктіру үшін

  • Берілген ұяшықтарды белгілеп аламыз;
  • Тышқанның оң жақ батырмасын басып, Объединить ячейки командасын орындаймыз.

Берілген жолды, ұяшықты бөлу үшін:

  • Берілген ұяшыққа тышқанды апарып, оң жақ батырмасын басамыз;
  • Разбить ячейки командасын орындаймыз.

 

  1. IV. Сергіту сәті.
  2. V. Практикум.

Оқушыларға үлестірмелі тапсырмалар таратылады.

  1. Менің сабақ кестем.
  2. Оқушылар туралы мәлімет(аты, тегі және туған жылы, сыныбы).
  3. Оқушылар туралы мәлімет(аты, тегі және мекен – жайы).

Сонымен қатар үлгірімі төмен оқушыларға үлестірме тапсырмалар беріледі.

  1. 2жол, 2 баған салу.
  2. 3 жол, 1 баған салу.
  3. 1жол, 5 баған салу.

 

VІ. Бекіту.

  1. Сәйкестендіру.

Жаңа жол қосу үшін                    Вставить, добавить столбцы с право

Ұяшық дегеніміз не?                   Вставить, добавить столбцы слево

Ұяшықтарды біріктіру үшін       Баған мен қатардың киылысуы

Оң жаққа баған қосу                    Таблица – Объединить ячейки

Сол жаққа баған қосу                  Вставить, добавить строки с низу.

 

  1. Жұмбақ шешу.

Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Қане ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған. (Кесте)

Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі. (Жол)

Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысы,
Кестеде қай элементті құрайды. (Ұяшық)

 

 

VІІ. Бағалау. Өздерін  – өздері бағалайды.

VІІІ. Үйге тапсырма: §23, 156 бет Өзіңді тексер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *