Лакторрея ауруының клиникалық белгілері, емі, профилактикасы

 Абдуллаева Құралай Сейдуллаевна

Шымкент аграрлық  колледжінің оқытушысы

Желін іште жатқан кезден бастап-ақ ұрғашы жануардың желіні бірте-бірте өсіп жетіле бастайды. Жануар буаз болысымен, желін тез үлкейе бастайды, бара-бара толық жетіліп болады. Буаздықтың бірінші жартысыңда мүндай өсуге корпорин (сары дененің гормоны), пролан, кейінірек қағанақтан шығатын фолликулин әсер етеді; буаздықтың екінші жартысы кезінде өсуге қағанақ пен іитегі телден белінетін гормондар әсер етеді. Бұл кезде жүмсара бастаған дәнекер тканьнен гері без ткані тезірек өседі және қан мен сел тамырлары өте кеңейеді.

Лактация (лат. lactare — сүт болу, емізу), сүттену — ”сүт” безінде сүттің түзілу, жиналу және оның мезгіл-мезгіл бөліну процесі. Сүттену кезеңі деп желінде сүт түзіліп және осы процесс тоқтағанға дейінгі аралықты атайды. Лактация кезеңі лактогенез (уыздану) процесінен басталып, лактопоэз (сүт түзу) процесіне ұласады. Лактогенез — буаздықтың соңғы күндері мен мал төлдегеннен кейінгі алғашқы күндерде сүт бездерінде секрециялық процестің басталуы. Осы процестің әрі қарай дамуын әрі жалғасуын лактопоэз дейді. Жабайы аңдарда лактация кезеңі төлді емізу мерзімімен шектеледі, ұсақ кемірушілерде ол 10 — 20 күнді құраса, кашалоттарда 25 айға созылады. Сиырда лактация кезеңінің ұзақтығы жылына 305, ешкіде 240 — 300, түйеде 300, қойда 120 — 150, биеде 180 — 210, мегежінде 60 күн. Адамда сүттену процесін жүктілік кезіндегі даму сатыларынан өткен сүт безі қамтамасыз етеді. Жаңа босанған ананың сүт безінен алғашқы күні бірнеше тамшы уыз бөлінеді. Одан әрі сүт бірте-бірте көбейеді. Лактация организмнің көптеген функционалдық жүйелерінің (ас қорыту, қан айналым, тыныс алу, тағы басқа) дұрыс қызметінің нәтижесінде жүреді. Дұрыс тамақтанған, күтімі жақсы ананың сүт безінен тәулігіне 2 — 3 л сүт бөлінеді. Малда (сиырда) буаздықтың алғашқы жартысында өзектер жүйесі мен түтікше бездердің дамып, жетілуі аяқталады. Буаздықтың 5 — 7 айында желіннің безді құрылымы қалыптасып, 6 — 8 айлар арасында миоэпителийлік клеткалар пайда болады. Мал төлдеуден 2 — 3 ай бұрын желін паренхимасының клеткалары май түйіршіктері бар секрет түзе бастайды. Бірақ бұл уыз да, сүт те емес. Желін тек мал төлдер алдында ғана уызданады.

Сүт түзілу процесі бірнеше сатыдан өтеді: 1) сүт құрамына енетін заттарды қаннан сүзу; 2) сүттің өзіне тән құрамаларын түзу; 3) түзілген заттардың біраз мөлшерін кері сору. Орта есеппен желін безінің әр грамы тәулігіне 1 мл сүт түзеді. Сиыр желіні әр минутта 0,6 г белок, 0,82 г қант және 0,7 г май түзе алады. Сүтте қанда кездеспейтін казеин, бета-лактоглобулин, альфа-лактоальбумин, лактоза, т.б. заттар пайда болады, ал сүт майы қышқылдық құрамы жағынан плазма мен ұлпа липидтеріне ұқсамайды. Қанмен салыстырғанда сүтте қант 90 — 95, май — 26, кальций — 14, калий — 9 есе көп, белоктар — 2, натрий — 7 есе аз.             Сүттің түзілу қарқынына малдың тұқымы, күтіп-бағылу жағдайы, ас қорыту және зат алмасу деңгейі, сүттену кезеңінің сатысы, тәулік мерзімі (күндіз сүт көбірек түзіледі), сауу жиілігі, т.б. әсер етеді. Толассыз түзілген сүт альвеолдар, майда, орташа және үлкен сүт өзектері мен қуыстардан алдымен альвеолдар қуысы мен сүт жолдарына, содан кейін орташа және ірі сүт өзектері мен желін қуысына толады. Желін альвеолдары қуысының 60 — 70%-ы сүтке толған соң, сүт желін қуысына өтеді.

Сүт жинау мал сауылғаннан соң 5 — 6 сағаттан кейін басталады. Егер мал уақтылы сауылмаса желіндегі қысым жоғарылап, сүт түзу процесі баяулайды. Желіннің сыйымд. жүйесіндегі қысым капилляр қысымы деңгейіне (35 — 50 мм сын. бағ.) көтерілген соң, сүт түзу баяулайды. Бұл мал сауылғаннан 10 — 12 сағ өткен соң (желін сүтпен 85 — 90%-ға толғанда) байқалады. Желіндегі қысым 50 мм сын. бағ-нан асқанда сүт түзу процесі тоқтайды. Оған альвеолдарға келетін капиллярлардың қысылуы, желін арқылы өтетін қан мөлшерінің азаюы, безден өнімдерді шығару процесінің қиындауы әсерін тигізеді. Бұл кезде белоктар мен суда еритін қосындылар клеткалар мембранасындағы жасушалар арқылы шығарылады да, май глобулалары клетка ішінде қалып қояды. Сондықтан, мал сирек сауылса, сүттің майлылығы төмендейді. Малдың сүттілігі желіннің сыйымдылығына байланысты. Биелер желінінің сыйымд. 1 — 1,5 л (кейде 2,5 л), сиырларда 18 — 25 л, ал өте сүтті сиырларда 40 — 50 л-ге дейін жетеді.

 

 

Әртүрлі жануарлардың сүтінің құрамы

 

Жануарлар Кұрамдык заттардыц проценті Сыбағалы салмағы
құрғақ зат белок май кант тұздар су
Бие 9,7 1,9 6,5 0,3 90,3 1,035
Сиыр 12,7 3,4 3,7 4,9 0,7 87,3 1,031
Буйвол 17,8 4,3 7,5 5,2 0,8 82,2 1,039
Есек 9,9 1,8 1,4 6,2 0,5 90,1 1,033
Інген 13,4 4,0 3,1 5,6 0,8 86,5
Ешкі 13,1 3,8 4,1 4,4 0,8 86,9 1,033
Саулық 16,4 5,1 6,2 4,2 0,9 83,6 1,035
Мегежін 16,7 6,2 6,4 4,0 1,1 83,3
Солтүстік бұғы 32,3 10,9 17,1 2,8 1,5 67,7 1,047
Қаншық 23,0 9,7 9,3 3,1 0,9 77,0
Мысық 18,4 9,1 3,3 4,9 0,6 81,6
Үй кояны 30,5 15,5 10,5 2,0 2,5 . 69,5

 

Туғаннан кейін сүттің көп шығатын себебі – желінге қан көп келеді, өйткені жыныс органдарының қанмен жабдықталуы кемиді. Сүттің мөлшері мен сапасына азықтандыру, бағу, күту жағдайлары және жануардың жеке ерекшеліктері мен түқымы әсер егеді. Осымен қатар, оған сауын малдарын сауудың жиілігі мен сауу әдісі де әсерін тигізеді.

Бұзылмаған сүттің түсі сәл сарғылт тартқан ақ болыл көрінеді, ішінде түйіршектер мен қан болмайды, иісі үнамды, тұтқырлығы жоқ, дәмі тәттілеу келеді.

Қанға сіңген заттардың дәмі сүтке шығады. Мысалы, малға ішінде люпин, жусан және ащы шөптері көп пішен берсе, сүттің дәмі ащы болып кетеді. Сиыр су фиалкасын жесе, оның бояғыш заты сүтке шығады. Онан сүттің түсі көкке айналады.

Сүтте токсиндар мен антитоксиндар болады. Сүтпен бірге, ферменттер мен витаминдер де бөлінеді. Малға берілген кейбір дәрілердің дәмі де сүтке шығуы мүмкін.

Лакторрея (сүт тоқтамау). Лакторрея дегеніміз — үрпі каналы арқылы сүттің өздігінен тамшылап,  не сауылдап ағуы.

Себебі. Үрпі каналын сығып тарылтатын ет талшықтары — сфинктердің жарақаттануынан, параличке ұшырауынан, әлсіреуінен, сондай-ақ семіруінен болады. Сиырдың үрпі сфинктерлері әлсіз болса, сүт шығару рефлексі сауын мерзімінен ертерек басталады да, өздігінен сүт сауғалай ағады.

Сүттің жапқыш мускулының босаңдығынан болады. Тіпті цистернаға аз ғана жиналса да, сүт емшектен тамшылап не сорғалап аға береді. Бұл кемістіктен сүт көп шығын болады.

Сүт тоқтамау сфинктерінің (жапқыштың) жетілмегендігінен не мускулдың параличке (жансыздану) ұшырағандығынан болады.

Емдеу. Әрбір сауудан кейін емшектің сырт жақ бетін және үрпін коллодиймен майлау керек. Кейде мұқият уқалаумен немесе сфинктер маңына спирт жағумен жазып алуға болады.

Жапқыштың нервтері паралич болғандығынан сүт аз аққанда, сүттің ысырап болуын азайту үшін жиі сауған жөн. Егер сүт көп шығын болса, операция жасайды. Ол былай жасалады. Сиырды жығып, емшектің үрпіне жуан зонд тығыды, содан кейін емшектің бір жақ терісін хирургиялық инемен айналдыра бүріп, жиі түйінді тігіспен тігеді, мұнда кілегей қабықты бүлдірмейді. Тігісті кемінде үш апта өтпейінше  алмайды. Бұл уақытта сүттің ағуы тоқталады, өйткені тігістен қалған тыртық ткань емшектің үрпін тарылтады. Сүт ысырап болмау үшін сауып болғаннан кейін үрпінің үшын сүртіп кұрғатады да, коллодий салынған стаканға 1—2 секунд бастырады, не үрпінің ұшына (78) резина сақина кигізеді. Сақина қан айналымына бөгет жасамайтындай, үрпіні өліетке айналдырмайтындай етіп салынады, мұның нәтижесінде сүт тоқтауға тиіс. Сфинктер параличке ұшыраса, семіп әлсіресе, сауып болысымен 5—10 минут бойы үрпіні уқалап, оған массаж жасайды. Үрпі каналын тарылту үшін 5 проценттік йод ерітіндісіне малынған жібекпен оның айналасын бүріп тігеді. 8—10 күннен сон, тігістегі жіп алып тасталады.

Үрпі ұшында ұрып-соғу не уытты ісік шығу салдарынан болған ақауларды операция жасап алып тастайды.

         Қорыта айтқанда, желін аурулары өте көп, әсіресе, желінсауды емдеу, біз ойлағандай нәтиже бере бермейді. Сондықтан оның алдын алатын, жүйелі түрде жүргізілетін шаралардың жоспары болуы керек. Ол жоспар зоотехникалық, агротехникалық, мал дәрігерлік, санитарлық және шаруашылық ұйымдатыру шараларын қамтиды.

Атап айтқанда, жалпы зоотехникалық-малдәрігерлік шаралар мына бағытта жүргізіледі.

Дұрыс азықтандыру. Рационда бірыңғай жем немесе сүрлем ғана емес әр түрлі азықтардың құрамы болып, оның ішінде кальций, фосфор тұздары мен А жәнге  Д витаминдері жеткілікті болуын қадағалау керек. Әсіресе шіріген, көгерген, үсіген жем-шөпті бермеу керек және жем-шөптің бір түрінен екіншісіне бірден, ешқандай дайындықсыз ауыстыра салуға болмайды.

Дұрыс бағып-күту. Малдың тұрған жері құрғақ, таза болып, өкпек желден сақтау керек. Кунделікті таза ауаға серуендетіп келеді. Қорадан айдап кіргізгенде, шығарғнда қақпадан қысылмай, сүрініп жығылмай жүретіндей жасауы керек. Күн сайын малдың сауырын, құйрығын тазалап тұрады.

Дұрыс пайдалану. Тууға 1,5-2 ай қалғанда сиырды суалту керек. Саууды бірден тоқтатуға болмайды, әсіресе, сүтті сиырларды 7-8 күннің ішінде біртіндеп суалтады. Суалған малдың желінін 2-3 аптада бір рет тексеріп, дезинфекциялық май, дәрі жағып қояды. Сауын сиырлардың желінін сауар алдында 2-3 минут бұрын жуып, уқалап дайындайды. Машинамен сауғанда сауу агрегаттарының тазалығына, режимінің бұзылмауына көңіл бөледі. Жаңа бұзаулаған сиырды алғашқы 10 күнде қолмен сауып, кейін машинамен саууға ауыстырады. Сауып болған соң сиырдың емшегін құрғатып, сүртіп, майлап қояды.

Малдәрігерлік-санитарлық бақылау. Ай сайын сиырларды жасырын желінсауға димастинмен тексеріп тұрады. Жем-шөптің сапасын агрохимлабороторияда тексеріп, организмдегі зат алмасу құбылыстарын малдың қанын тексеру арқылы анықтап, сол сараптаулардың нәтижесі бойынша рационның құрамына түзетулер енгізіп отырады.

Мұнымен қатар, малдәрігері сиырлардың жалпы денсаулығына, әсіресе жыныс органдары мен ас қорыту органдарына, ферманың санитарлық жағдайына үздіксіз бақылау жасап отырады.

 

 

 

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.