Авитаминоздың патологиялық-морфологиялық өзгерістері


Ержанова Раушан Сагатбековна

Шымкент аграрлық колледжінің оқытушысы

Жалпы ғылыми әдебиеттерде құстар авитаминозының клиникалық белгілері туралы деректер өте аз. Аталған аурумен үй жануарларының ішінде тек ірі қара мал, жылқылар, қойлардағы клиникалық белгілер туралы мағлұматтар жиі кездеседі [11].

Көптеген авторлардың [12,13] тұжырымдауынша авитаминоздың қай түрі болмасын жануарлардың клиникалық белгілері біртипті болады.

Ал кейбір авторлардың [2, 3] деректеріне қарағанда, әртүрлі мал түрлеріне, витаминнің әсер ету механизміне және берілген азықтардың құрамында антивитаминді қосылыстардан дайындалған препараттарды бергенде клиникалық белгілері бір-біріне ұқсас болған және олар 2 – 3 аптадан соң көріне бастаған.

Ал, В.Ф.Копленконың мәлімдемесінде авитаминоздың түріне, витаминдердің әсер ету механизміне қарамай 80 – 90% клиникалық белгілері ұқсас келеді.

А авитаминоздың негізгі клиникалық белгілері – балапандарда – 1 аптадан кейін, ал тауықтарды – 2-3 аптадан кейін байқалады. Құстардың тәбеті төмендеп, қауырсындары түсе бастайды, көздің кілегей қабығы бозарып, көз айналасында ірімшік тәрізді масса пайда болады. Соңынан тыныс алуы қиындап, мұрын қуысында экссудат сұйығы жиналып, жүдей бастайды.

 

А авитаминоздан ауырып өлген тауықтардың ішкі мүшелеріндегі патологиялық анатомиялық өзгерістер

Ғылыми жұмыстың мақсаттарының бірі –авитаминоздан өлген тауық өлекселерін патологиялық-анатомиялық зерттеу болғандықтан, біз тауық өлекселерін толық сойып-зерттеп, ішкі мүшелерге макроскопиялық сипаттама жаздық.

Барлық сойып зерттелген тауық өлекселерінің ішкі мүшелеріндегі макроскопиялық өзгерістер негізінен біртипті болды. Бәрі жүдеу, қоңдылығы нашар, айдары және сырғалары ақшыл қызыл түсті, көкшіл реңді, көзінің және ауыз қуысының кілегейлі қабықтарының түсі ақшыл-қызыл түсті көкшіл реңді (сурет 3).

Қаңқа сүйектері айқын білініп, қаңқа бұлшық еттерінің көлемінің кішірейгені білініп тұрды.

Қаңқа және жүректің бұлшық еттерінің көлемі кішірейген, түсі қызыл- қоңыр түсті, консистенциясы нығыздалған, ішкі суреті, яғни талшықты құрылымы айқын.

Бауырдың жай-күйі көлемнің кішіреюімен, шеткі жиектің сүйірленуімен, түстің өзгеріп, қою қызыл, қызыл қоңыр тартуымен, консистенциясының нығздалуымен, тілік бетінде әдетте байқалатын бөлікшелер суретінің айқындала түсуімен сипатталды.

Көбінесе өкпе домбығуға ұшырап, көлемі ұлғайған, түсі өзгеріп, ақшыл қызғылттанған, консистенциясы қамыр тәрізді болды. Мүшенің тілік бетінен көп мөлшерде көпіршіктенген домбығу сұйығы ақты. Ақшылдау немесе қызғылт түсті домбығу сұйығы ірі бронхтар мен олардың тарамдарының қуысында да, сондай-ақ кеңірдектің ұзына бойы қуысында да болды. Осылай өзгерген өкпе кесекшелерін суға салғанда жартылай қалқып тұрды.

Безді қарынның кілегейлі қабығы қызарған, ісінген, безді құрылымдары анық көрінеді. Безді қарынның етті қарынға жақын орналасқан бөлігінде қанталаулар мен ойылымдар орналасқан. Безді қарынның сірлі қабығында көптеген нүктелі, дақты және жолақты қанталаған ошақтар орналасқан.

Көбінесе бүйректің көлемі кішірейген, капсуласы оңай сыпырылады,  консистенциясы нығыздалған, түсі қызыл-қоңыр түсті, тіліп қарағанда қабаттарының шекарасы айқындала түскен. Сирек жағдайда бүйректер жіті веналық гиперемияға ұшырап, түсі қара қызыл түсті, тілік бетінен қан ағады.

Етті қарынның сірлі қабығында нүктелі және дақты қанталаулар орналасқан.

Талақтың көлемі шамалы кішірейген, пішіні өзгермеген, домалақ пішінді. Консистенциясы нызыздау, түсі қызыл-қоңыр түсті. Кесіп қарағанда тілік бетінің суреті айқын.

 

Аш ішек сірлі қабығындағы қантамырлар қанға толған, кілегейлі қабығы қызарған, ісінген, жолақты қанталаған болды.

А авитаминоздан өлген тауықтардың ішкі мүшелеріндегі өзгерістердің жиілігі № 10-шы кестеде көрсетілген.

 

10 – кесте

Анықталған макроскопиялық өзгерістер

 

Өзгерістер түрлері Құстың саны %
Жалпы зерттелен құстың саны 18 100
Айдары мен сырғалығының анемиясы 15 83,3
Бауыр мен талақтың атрофиясы 18 100
Қаңқа және жүрек бұлшық етінің атрофиясы 18 100
Өкпенің жіті веналық гиперемиясы және домбығуы 18 100
Бүйректің атрофиясы 14 77,8
Бүйректің жіті веналық гиперемиясы 4 22,2
Безді қарын сірлі қабығындағы қанталаулар 15 83,3
Етті қарын сірлі қабығындағы қанталаулар 14 77,8
Жалпы жүдеу 18 100

 

Сонымен 10-шы кестеде көрсетілгендей, авитаминозға тән өзгерістер, жалпы жүдеу, ішкі мүшелердің атрофиясы және өкпенің веналық гиперемиясы және домбығуы 100 % кездесті. Барлық құстардабезді және етті қарын сірлі қабықтарында қанталаулар, бүйректің атрофиясы 78 % және сирек жағдайда бүйректің жіті веналық гиперемиясы 22,2 % тіркелді. Сонымен қатар, ауырған тауықтардың қауырсыны көмескіленен, ұйпаланған, табиғи жылтырлығы жойылған.

Сонымен қатар, клиникадағы өлген 6 тауық өлексесін сойып зерттеенімізде ішкі мүшелердегі патологиялық морфологиялық өзгерістер мынадай болып сипатталды: жұтқыншақ, өңештің кілегейлі қабығы қызарып, ісінген, көмекейдің қуысын нығыз келген казеозды тығындар бітеген. Кеңірдектің кілегейлі қабығы  қызарып, ісінген, қан аралас кілегейлі заттар мен казеозды массалар жиналған, кілегейлі қабығында нүктелі қанталаулар бар.

Өкпесі қызарған, консистенциясы нығыз, сұрғылт түсті көлемі әр түрлі шектелген ошақтар бар. Жүректің көлемі шамалы ұлғайған.

Жемсау ақшыл-қызыл түсті. Аш ішектің көлемі сәл ұлғайған, ашық қызыл түсті, кесіп қарағанда кілегейлі сұйық ағады, тамырлары қанға толған, қанталаған жері бар.

Фабрициус қапшығының көлемі сәл ұлғайған, кілегейлі қабықтары қызарған, ісінген. Бауырдың көлемі шамалы ұлғайған. Клоаканың көлемі өзгермеген, кілегейлі қабығы ісінген, қызарған, оның беті қою созылмалы жабысқақ сұйықтықпен жабылған.

Сойып-зерттеу нәтижесінде негізгі осы ауруға тән өзгерістер ауыз қуысында, кеңірдекте, көзде, безді және етті қарында (20 мм өлшеміндей жара) кездесті.

Сонымен авитаминоздан өлген тауықтардың көпшілігінде: геморрагиялық диатез, паренхималық мүшелердің дистрофиясы және гиперемиясы, кеңірдектің, ірі бронхтардың фибринді қабынуы, безді қарынның қанталауы және ойылымы, аш ішектің сірілі қабықтары астында қанталаулары, катарлы қабынуы және катарлы-геморрагиялық қабынуы, құрсақ қуыстарының қанталауы кездесті.

Зерттелген барлық тауық өлекселерінде негізгі патологиялық өзгерістер бір типті болғандықтан, біз дипломдық жұмысқа екі сойып зерттеу хаттамасын беруді жөн көрдік.

 

А авитаминозбен ауырып өлген тауықтардың ішкі мүшелеріндегі гистологиялық өзгерістер

Гистологиялық зерттеулер нәтижесінде негізгі өзгерістер бауырда және миокардта қоңыр атрофияға ұшыраумен сипатталды.

Бауырдың бөлекшелік құрылымы, бауыр уықтары айқын көрінді. Бірақ та микроскоппен қарағанда көз аясында бірнеше бөлекше қамтылды, себебі бұл бөлекшелердің көлемінің кішірейгендігін айғақтайды.

Бауыр уықтары жіңішкерген, бірақ та уықтық құрылымы сақталған. Орталық вена және бөлекше аралық қантамырлар қуысы бос. Уықтарды құрайтын гепатоциттер цитоплазмасында және ядролар айналасында көптеген майда сарғыш-қоңыр түсті пигемент түйіршіктері көрінеді. Бұл пигмент липофусцин пигменті. Синусоидтағы аралық дәнекер ұлпасы жуандаған. Талшықты дәнекер ұлпа басқан.

Безді қарында кілегейлі қабық ісінген, қалыңдаған, өзіндік қабатта қантамырлар қанға толған, олардың айналасындағы дәнекер ткань ісініп домбыққан, эпителий жабындысы ажырап, қабық үстінде жиналған, қарынның кейбір бөлімінде ойылымдар кездеседі.

Талақтың ақ фолликулдерінде лимфоидты торшалардың мөлшерінің артқандығы байқалды. Яғни бұл иммуногенез мүшелерінің лимфоидты ұлпасының гиперплазияға ұшырағандығын айғақтайды.

Миокардты зерттегенде ет талшықтары жіңішкерген, яғни ядролардың біразы ет талшықтарының енін түгел қамтыған. Ет талшықтарының көлденең талшықтары көрінбейді, жойылған. Ет талшықтарының саркоплазмасында, кейбір ядроларға жақын жерде майда келген сарғыш түсті липофусцин пигменті шөккен. Аралық дәнекер ұлпа жуандаған .

Бүйрек түтікшелерінің көлемі біршама кішірейген, ирек түтікшелердің қабырғасы жұқарған. Несеп қуысы кеңіген. нефроциттердің шекарасы анық емес және олардың ядролары цитоплазманың шекарасын толық қамтып, айқын көрінеді. Түтікшелер арасындағы интерстициялық тканінде қабыну реакциясы дамыған, ол жерде лейкоциттер шоғырлары орналасқан (сурет 14).

Ішек кілегейлі қабығының бүрлері мен кіріңкілерінің (крипталар) эпителиоциттері дистрофияға ұшырап, орнынан сыдырылып түскен. Кіріңкілер торшаларының дистрофиясы түйіршікті, сулану және кілегейлі дистрофиялар түрлерінде болды. Олар базальдық мембранадан сыдырылып түсіп, құрылымсыз үгінді массаға айналған. Кілегейлі қабықтың өзіндік қабаты – дәнекер тканді серозды экссудат кеулеген, тамырлар молайған қанмен кернелген. Кілегейлі қабықтың бетін және сақталып қалған бүрлер аралығын сарысудан, кілегейден және орнынан сыдырылып түскен (десквамацияланған) эпителиоциттерден тұратын, бунақталған ядролы нейтрофильдер мен лимфоциттер араласқан экссудат, яғни катарлы экссудат бүркеген. Қан тамырларының адвентициялық торшалары мен қылтамырлар эндотелиоциттері ісінген, көбейген.

Өкпеде респираторлық қылтамырлар мен ұсақ қан тамырларында қан молайған, альвеолаларда домбығу сұйығы жиналған, қан тамырлары айналасында нейтрофилдер, гистиоциттер және лимфоциттер шоғырлары болды (сурет 16).

Мида нейрондар бүлінеді (хроматолиз, жіті ісіну, вакуольдену, бүрісу, көлеңке-торшалар, т.б), тамырлар қанмен кернеледі, диапедездік қанталаулар туындайды, майда қан тамырларын азды-көпті торшалар топырлары қоршайды және торшалар тамырлар қабырғаларын жайлайды, глиоциттер саны көбейеді, глиоциттер мен нейрондар айналасында домбығу сұйығы жиналады (периваскулярлық, перицеллюлярлық домбығу). Бүлінген нейрондарды глиялық торшалар қоршайды, нейрондарға еніп жойып жібереді (шынайы нейронофагия).

 

Ауруға тән анықталған гистологиялық өзгерістер 11-ші кестеде келтірілген.

11 – кесте

Алиментарлы дистрофия кезінде анықталған гистологиялық өзгерістер

 

Мүшелер түрлері

Атрофия Қанталаулар Гиперемия Қабыну Гиперплазия Домбығу Дистрофия
Бүйректе + +
Миокардта +
Өкпеде + +
Бауырда +
Талақта + +
Қарында +
Ішектерде +
Мида + + +

 

Сонымен, 11-ші кестеде көрсетілгендей, авитаминозға тән гистологиялық өзгерістер, яғни бүйректің, бауырдың, миокардтың және талақтың атрофиясы, ми нейрондарының дистрофиясы кездесті. Сонымен қатар, өкпеде гиперемия мен домбығу, талақтың гиперплазиясы, безді қарында катарлы қабыну және ішектерде катарлы геморрагиялық қабыну процестері тіркелді. Жоғарыда көрсетілген гистологиялық өзгерістер алиментарлы дистрофияға тән. Себебі бұл өзгерістер барлық тауықтарда кездесті.

Ветеринария факультетіне қарасты ветеринариялық клиникадағы тауық өлекселерін сойып зерттегендегі ішкі мүшелерден алынған кесекшелерде гистологиялық өзгерістер барысында мынадай өзгерістер байқалды:

Көмекей мен кеңірдекте – кеңірдектің кілегейлі қабығының эпителий клеткалары көп жерде базальды мембранадан ажырап, кеңірдек қуысындағы экссудаттың құрамында көрінді.

Кілегейлі қабықтың қан тамырлары қанға толған, өзіндік қабатта көптеген псевдоэозинофильді лейкоциттер тобыры және периваскулярлы ошақты қанталаулар байқалады. Кейбір қантамырлар айналасында лимфоидты клеткалар шоғырлары бар. Ұзаққа созылған процестен өлген тауықтарда псевдоэозинофильді лейкоциттерден басқа диффузды түрде орналасқан  лимфоидты және плазмалық клеткалардың көбеюі орын алды. Кеңірдектің кейбір жерінің кілегейлі қабығы некроздалған.

Көмекей мен кеңірдектің қуыстарында кілегейден, фибриннен, десквамацияланған эпителийлерден, псевдоэозинофильдерден, лимфоциттер-ден және эритроциттерден немесе некроздалған  массадан тұратын экссудат жиналған. Қуыстарда жиналған экссудаттың құрамында псевдоэозинофиль-ді лейкоциттер 3 тауықта басым болды.

Респираторлы эпителий клеткаларында, әсіресе десквамацияланған-дарында ядроішілік денешіктер көрінді. Денешіктердің пішіні әрқалай, кейбіреуі домалақ, кейбіреулері сопақша болды. Денешіктің айналасында ақшыл түсті жолақ бар. Денешік бар ядроның көлемі басқаларына қарағанда өзгеше болды. Ауруға тән денешіктер көмекей, кеңірдек, бронхтардың эпителий клеткаларында кездесті.

3 тауықтың катарлы бронхопневмониямен зақымдалған өкпесіндегі бронхтар қуысында десквамацияланған эпителий, псевдоэозинофильдер және лимфоциттер кездесті. Зақымдалған көздің, мұрын қуысының, көз асты синусының гистологиясы да жоғарыда көрсетілген мүшелерге ұқсайды.

Яғни кілегейлі қабықтың бетінде құрамында эритроциттер, фибрин және некроздалған массадан тұратын сарысулы экссудат болды.

Ішек бүрлерінің эпителий торшалары десквамацияланған. Олар вакуольды дистрофия және некроздық өзгерістерге ұшыраған.

Өкпенің ауқымды бөлігінде, алвеолалар аралық дәнекер тоқымада орналасқан капиллярлар қуысы кеңіп қанға толған, алвеолалар қуысында эозинмен қызыл түске боялған домбығу сұйығы жиналған.

Бұл сұйықтың құрамында жекелеген эритроциттер, лейкоциттер және альвеоциттер көрінеді. Кейбір бронхтар айналасында сарысулы экссудат жиналған.

Өкпенің кейбір аймақтарында эмфиземаға тән көрніс анықталды. Бұл жерде альвеолалардың қуысы кеңіген, қабырғалары жұқарған және үзілген, альвеолярлық эпителий созылып жұқарған, альвеолалар қабырғасындағы қантамырлар қансызданған.

Бауырда гепатоциттердің сулану дистрофиясы және олардың некрозы байқалды. Сонымен қатар бауырда лимфоидтық және лейкоцитарлық массаның түзілгені көрінді.

Мидың жұмсақ қабығы және оған жақын орналасқан ми заты домбыққан, қантамырлары шамадан тыс қанға толған және қантамырлар айналасында ұсақ қанталаған ошақтар кездесті. Жекелеген қантамырлар қабырғалары ісінген.

Ми затындағы ұсақ қантамырлар қуысында стаз белгілері байқалады. Бұл жерде эритроциттер бір бірімен тығыз орналасып, біркелкі массаға айналған. Қантамырлар қабырғасындағы кейбір эндотелий торшалары ісінген және ажыраған. Көптеген қантамырлар және нейрондар айналасында домбығу сұйығы жиналған.

Нейрондар терең дамыған дистрофиялық және некробиоздық өзгерістерге ұшыраған. Көптеген нейрондардің көлемі ұлғайып, ісінген, цитоплазмада олардың хроматофильді заты диффузды түрде ыдыраған, ядросы шетке қарай ығысқан.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *