Ойын – баланың негізгі әрекеті


Өскемен қаласы «№22 орта мектебі» КММ

Тәрбиеші-Бельдеубаева Альмира Муратбековна

Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта» ойыны.

Мақсаты: ұзын – қысқа, жуан – жіңішке, үлкен – кіші ұғымдарын бекіту.

Көрнекі материалдар: қарындаштар, таяқшалар, кітаптар, доптар, қуыршақтар және т.б.

Ойынның мазмұны.

Бұл ойында балалар қолымен ұстап көру арқылы (бұлшық ет сезімі) қарындаштың ұзын-қысқалығын анықтауы тиіс. Ол үшін ұзындығы әр түрлі қарындаштар алынады. Тәрбиеші балаларға алдымен жұп заттарды, жұп қарындашты көрсетеді. Балалар оларды мұқият қарап, ұзындығын, көз мөлшермен салыстырады. Тәрбиеші бір баланы шақырып, оған: «Көзіңді жұм. Менің саған ұзын әлде қысқа қарындаш ұстатқанымды анықта» дейді. Көзі жұмулы бала қарындашты сипап, оны жаңа ғана көрген қарындашымен ойша салыстырады да, өзінің қолында қарындаштың қайсысы тұрғанын анықтайды. Жауап берген соң көзін ашады. Қай жағдайда болсын – бала дұрыс жауап берсе де, қате жауап берсе де, көрсетілген қарындаштар бір-бірімен тағы да салыстырылады. Тәрбиеші осылайша 4-5 баланы топ алдына шығарып, қарындаштың келесі жұбын көрсетеді де, оларды салыстырған соң, балаларға: «Көздеріңді жұмыңдар. Ал енді ашыңдар да, менің қолымдағы қандай қарындаш екенін айтыңдар» дейді. Бұл жолғы қарындаштардың түсі мен пішіні бірдей, ұзындықтары әр түрлі болуға тиіс. Кітап, дәптер, қиындықтар қалыңдығы жөнінен, доп және басқалары – үлкен-кішілігі бойынша салыстырылады.

«Зейінді бол» жаттығуы.

Мақсаты: биік – аласа ұғымдарын пысықтау.

Көрнекі материалдар: суреттер.

Жаттығудың мазмұны.

Тәрбиеші биік және аласа заттарды немесе осындай заттар бейнеленген суреттерді көрсетеді. Биік заттар көрсетілгенде балалар орындарынан тұрады, аласа заттар көрсетілгенде – бастарын төмен түсіреді.

Мысалы: «Телевизия мұнарасы» – балалар орындарынан тұрады. «Өрт бақылайтын мұнара» – орындарынан тұрады. «Иттің күркесі» – бастарын төмен түсіреді және т.с.с.

Жаттығу 2-3 минутқа созылады.

 

«Тапсырманы орында»  жаттығуы.

Мақсаты: балаларға үлкен және кіші заттарды дұрыс айыра білуді үйрету.

Керекті материалдар: әр баланың қолында үлкен және кіші 2-3 жұп ойыншық – доп, машина, қуыршақ және т.с.с. болуы тиіс.

Жаттығудың мазмұны.

Тәрбиеші оң қолымен үлкен допты, сол қолымен кіші допты көтеруді сұрайды; үстел бетімен кішкене машинаны төменнен жоғары, үлкен машинаны жоғарыдан төмен қарай жүргізуді ұсынады.

Жаттығу 2-3 минутқа созылады.

 

 

Әр түрлі өлшеулер арқылы   жиындарды салыстыру.

«Ол не?» ойыны

Мақсаты: балаларға заттардың бір-бірінен үлкен-кішілігін анықтай білуді үйрету.

Керекті материалдар: балалардың санына есептеліп, бөлшектелген ағаш матрешкалар.

Балаға тапсырма. Матрешканың бөлшектеу және құрастыру, кіші матрешканы үлкен матрешканың ішіне салу, матрешканың жоғарғы және төменгі жартысын үлкен-кішілігі және өрнектері бойынша салыстыру.

Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға мынадай жұмбақ айтады.

Бойы әр түрлі, жұмбағымды тыңдашы,

Өзара ұқсас жүзі менен сымбатты.

Бір-біріне сыйып кеткен көрінбей,

Жиналғанда бір ойыншық сияқты.

Ойынды қайтадан өткізгенде балалардың ынтасын туғызу үшін матрешка туралы кітаптарды көрсетуге болады. Осыдан кейін матрешканы бөлшектеп, оның жоғарғы және төменгі бөлігіне балалардың назарын аударады, оларды салыстырады, соңынан қайтадан құрастырады. Тәрбиеші материалдардың ең үлкенінен кішісіне қарай орналасу тәртібін көрсетеді. Балалар бір матрешканы екіншісінің ішіне, оның қайсысы үлкен екенін анықтайды. Бала матрешканың өз бөліктерін үлкен-кішілігі бойынша тауып, оларды бойларына қарай қояды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *