«Тәуелсіз елге білімді ұрпақ» (Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік сценариі)


Кайыржанова Меруерт Толеутаевна

Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің

“№ 12 “Арай” бөбектер бақшасы” КМҚК-ның тәрбиешісі

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Әнұраны, рәміздері, Қазақстан Республикасының Бірінші президенті туралы түсінік қалыптастыру.  Тәуелсіз елін, жерін мақтан тұту, патриоттық сезімдерін ояту.

(Музыка ойналып, ортаға балалар мен тәрбиеші шығады.)

Әнұран орындалады.

Балалар барлығы хормен айтады:

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің – Қазақстан!

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің – Қазақстан!

(балалар орындарына отырады, тәрбиеші жалауларын жинап алады)

Тәрбиеші:

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.

Тәуелсіздік туым деп,

Биік көтер жасұлан!

Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері! Бүгінгі «Тәуелсіз елге білімді ұрпақ деп аталатын» ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!  Еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толды, бүгін үлкен  мереке, бұл ертеңгілікте  сіздер желтоқсан  оқиғасына байланысты елге, жерге деген ән-жыр, көркем сөз, билеріміз бен батырларымызды тамашалайсыздар! Тәуелсіздік үшін күрескен батыр-ұл қыздарымызды мақтан ете отырып, мерекені бастауға рұқсат  етіңіздер!

Ән: «______________________________________»

(балалар бас иіп , орындарына отырады)

Тақпақтар.

Тәрбиеші: Балалар ,сендер Тәуелсіздік туралы, Отан, Ана, Жер туралы тақпақ ән-жырды көп білесіңдер, дегенмен де бізге әлі  үйренетін тәрбие, өнеге көп. Біздің ертеңгілігімізге қонақ келу керек еді.

(Күй ойналады . Ортаға Қазбек би келеді.)

Хан: Ассалаумағалейкум , халайық! Амансыңдар, балаларым! Мен  хан боламын. Бұнда не жиналыс?

Балалар: сәлеметсізбе хан бүгін бізде тәуелсіздік күні үлкен той

Хан:  құтты болсын .  Ал, қазір елді кім басқарады?

Балалар:  Елбасы, Президент Н.Ә.Назарбаев.

Хан: Балалар, сендер қандай Республикада тұрасыңдар?

Балалар: Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Хан : Қазақстан қандай Республика?

Балалар: Егеменді, Тәуелсіз Республика.

Хан : Дұрыс балалар, сендер бәрін біледі екенсіңдер.

Мен мерекеге өзімнің биші балаларды жібергенмін, қане балалар билеп беріңдер.

би: «________________________________________»

Хан : Бәрекелді , балалар, сендерге ризамын, жауаптарың да, өнерлерің де тамаша. Енді мен кетейін. Отанымыз гүлдене берсін, болашағымыз көркейе берсін! Аумин! Сау болыңдар, балалар!

(Хан шығып кетеді)

Ән: «_______________________________________»

Тәрбиеші: Балалар, біз тақпақ айттық, ән шырқадық, би биледік, ендеше, бір  ойын ойнайық!

Ұлттық ойын: «_____________________________________»

Музыка ойналып, залға Бөгенбай батыр келіп кіреді:

Тұлпары биік тулаған,

Тулары биік самғаған.

Жауға қатты қасарып,

Найзамен елін қорғаған,

Бөгенбай батыр мен болам!

Ассалаумағалейкум, халқым менің! Тәуелсіздіктің  25 жылдық мерекесі құтты болсын! Отан деген сөздің мәні 21 ғасырда да жойылмаған екен. Мен сендерге ризамын. Отанды үлкен де, кіші де сыйлайды екенсіңдер. Сендерге мен өзіммен бірге асықтар ала келдім. Оларды жай әкелген жоқпын, әрқайсысында менің тілектерім жазылған. Сендерді білімді, өнерлі балалар деп естігенмін, соны өзім көргелі келдім.

(қапшықтың ішінен тәрбиеші бір асық алады)

Тәрбиеші: Мұнда ағылшынша тақпақ (ән) орындалсын деп жазылған.

Ән/Тақпақ ағылшынша: «___________________________________»

Бөгенбай батыр: Тамаша, керемет орындадыңдар! Ендеше әрі қарай  жалғастырайық, келесі тілегімде  қандай өнерлеріңді тамашалайды екенбіз!?

(тәрбиеші екінші асықты қапшықтан алады)

Тәрбиеші: Бұл асықта сұрақтар жазылған: «Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар»

Балалар рәміздерді атайды:

1-ші бала: Ашық аспандай көгілдір туымыз бар.

2-ші бала: Мағыналы әнұранымыз бар.

3-ші бала: Қасиетті бой тұмар елтаңбамыз бар.

Бөгенбай батыр: Балалар , сендер шынымен білімді екенсіңдер. Жарайсыңдар! Ал енді үшінші тілегімді оқи ғой.

Тәрбиеші: Мына асықта ойын ойнасын деп жазылған.

Ойын: «_________________________________________»

Бөгенбай батыр: Тамаша, қандай керемет ойын. Сендермен біраз көңілім көтеріліп, бой жазып қалдым ғой! Шыныңда да 21 – ші ғасырдың балалары  өнерлі, білімді, алғыр екен. Енді менің сендермен қоштасатын кезім келді. Елімізде әрқашан тыныштық болсын, бейбітшілік заман болсын! Еліміздің іргесі аман болсын, ертеңгі жол ашатын бүлдіршіндер аман болсын! Барлық тілектер қабыл болсын! Аумин! Балаларым сау болыңдар!

(музыка ойналып шығып кетеді)

Тәрбиеші: Абай туған, Сәкен туған,

                   Құрметте достым қазақтың жерін,

                   Қамбаға жылда миллиард құйған

                   Қазақстан Тәуелсіз Республикам менің!

Сарыарқа күйімен алтын адам кіреді

Алтын адам  :

 

Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық!

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық!  (оң қолдын жұдырығын жүрекке соғып қояды 3 рет)

 

(Жалаушаларды тарату)

Тәрбиеші: Балалар және қонақтар, балабақша қызметкерлері,еліміздің Тәуелсіздігінің  25-ші жылдық тойына арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Еліміздің Тәуелсіздігі құтты болсын! Көк байрағымыз желбірей берсін!  Ән : «________________________________»

(балалар жалаушаларды жоғары көтеріп желбіретеді. Музыка әуенімен шығып кетеді.)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *