Тәрбие сағаты «Кикілжіңдерді тану және оны шешу жолдары»


Акторгаева Гулшара Жузбаевна

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

«Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық

№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ тәрбиеші

Мақсаты: Кикілжің туралы мағлұмат бере отырып, бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Дамуы шектелген балалардың, ой – өрістерін, сана- сезімдерін, тілдерін, көру, есту сақтау қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту, түзету.

Міндеттері:

кикілжің туралы жалпы түсінік беру;

-шығармашылық қабілеттерін, ойлау қабілетін дамыту;

-оқушыларды адамгершілікке, өзара достыққа, сыйластыққа, татулыққа

тәрбиелеу;

-ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы бойларына адам

бойындағы ұнамды қасиеттерді дарыту.

Қолданатын көрнекі құралдар: слайдтар, бейнефильмнен үзінді, рухани өлеңдер, үлестірмелі қағаздар, кітапшалар, күн, бұлт, түрлі түсті шарлар, гүлдер, тілектер жазылған көбелектер, жағымды әуен.

 

Сабақтың түрі: диалог-әңгіме

 

Жоспары:1.Кіріспе.

2.Ой шақыру.

3.Өзіңді-өзің тани біл.

4.Жақсы мен жаман.

5.Тазару.

6.Ғибрат қыл.

 

1.Ұйымдастыру кезеңі.

– Қайырлы күн! Құрметті  ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі біздің  ашық  тәрбие

сағатымызға қош келдіңіздер!

-Балалар, бүгін күн қандай тамаша! Күн шуағын шашып тұр. Бізде күндей

жарқырап, жақсы көңіл-күймен іс-шарамызды бастайық.

1.Кіріспе.     

-Біздің бүгінгі өткелі отырған тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Кикілжіңдерді тану және оны шешу жолдары» деп аталады.

 

Тәрбие сағатының жоспарымен таныстыру.

 

-Балалар, аздап ойланып көрейікші, егерде адамдар бір-бірімен сөйлеспей,

қарым-қатынас жасамай өмір сүрген болса, онда өмір сүру қызық емес, әрі

оқшауланған болар еді. Ең әуелі біз «Кикілжіңдерді тану және оны шешу

жолдары» туралы ойымызды топтап алайық.

 

2.Ой шақыру.

Кикілжің дегеніміз-бұл адамдар арасындағы, таластан туындайтын келіспеушілік.

Кикілжің бұл:1.стресс-ерекше жағдайлардың әсерінен адам организмінің титықтауы, дәрменсізденуі.

2.жағымсыз эмоциялар. Олар: абыржу, ызалану, шапқыншылық, уайымға салыну, реніш, зерігу,өзіне-өзі сенімсіздік.

Кикілжіңнің 3 түрі бар. Олар: ішкі кикілжің, тұлға аралық, топтық кикілжің.

Ішкі кикілжің-адамның өзімен-өзі күресуі.

Тұлға аралық кикілжің-жеке адамдар арасындағы келіспеушілік.

Топтық кикілжің-екі топ арасындағы келіспеушілік.

Кикілжіңді шешу жолдары: 1. кикілжіңнің туу себебі мен салдарын талдау

  1. достық
  2. бірігіп қызмет ету
  3. сенімнің болуы

-Міне, балалар сендер «Кикілжіңдерді тану және оны шешу жолдары» туралы ойларыңды топтадыңдар.

-Сендер қалай ойлайсыңдар, кикілжіңдегі ренішті қандай қасиетпен шешуге болады?

Кикілжіңдегі ренішті адамгершілік қасиетпен шешеді.

-Дұрыс айтасыңдар кикілжіңді шеше білудің өзі адамгершілік қасиетке жатады екен.

Өзгені кешіре білу үшін адам әуелі өзін-өзі тани білу керек.

Олай болса келесі бөлім: 3.Өзіңді-өзің тани біл.

-Балалар қазір біз рухани өлең жолдарын тындайық.

Өлең тындау.

Балалардан өлеңде не туралы айтылғанын сұрау.

    Өлең мазмұны: адамның бүгінгі күні, ертеңгі үлкен күнге айналмақ. Адам бүгін жасаған қателігін, ертеңгі күні жасамау керек. Ол үшін адам өз қателігін өз бойынан іздеп тауып, һәм жою керек. Адам бойында жаман қасиеттерге орын болмаққа жол жоқ. Өткен күннің жаман қасиеттерінің құлы болма, адамға кең дүние бердім, өмірдің жақсылығынан үйрен, шәкірті бол. Үйренем деген адамға өмірде ұстаз!

   Өзіңді-өзің тани біл (үлестірілген кітапшаға жауап жазу)

-Балалар, әрқайсыларыңның алдыларыңда кітапшалар жатыр, онда

«Мен кіммін, қандаймын?» деген сұрақтарға екі графада жағымды және жағымсыз қасиеттер жазылған. Сол қасиеттерді мұқият оқып шығып, ойланып, өздеріңе сай деген қасиеттерді белгі деген графаға белгі қойыңдар. (3 минут уақыт беріледі.)

 

Менің жағымды қасиеттерім:

1.Мен берілген тапсырмаларды әрқашанда жақсы орындаймын.

2.Егерде менің көңіл-күйім жақсы болмаса, мен оны көрсетпеуге тырысамын.

3.Мен әдепсіз адамға ескерту айтуға қорықпаймын.

4.Мен мейірімді көз қараспен, біркелкі дауыс ырғағы арқылы кикілжіңнен шыға аламын.

5.Мен ешқашанда біреудің құпиясын ашпаймын.

6.Мен өзімді сүйкімді деп санаймын-бұл жақсы көз қарасты қалыптастыруға көмектеседі.

7.Маған шындықты айту қиындыққа түседі, бірақ  тырысамын.

8.Мен біреудің затын ала алмаймын.

9.Мен өзімнің бет әлпетіме, сөйлеу мәнеріме көңіл бөлемін. Бұл кикілжіңнен бас тартуға көмектеседі.

10.Мен өз ойымның дұрыстығын дәлелдей аламын.

11.Мен біреуді ренжітіп алудан қорқамын.

 

Менің жағымсыз қасиеттерім:

1.Мен берілген тапсырмаларды тиянақты орындай алмаймын.

2.Мен көңілсіз көңіл-күйімді жасыра алмаймын.

3.Мен әдепсіз адамға ескерту айтуға қорқамын.

4.Мен әркімге мейірімді бола алмаймын, өзімнің сөйлеу мәнеріме көңіл аудармаймын.

5.Менің бет пішінім өзіме ғана қатысты.

6.Мен біреудің құпиясын сақтай алмаймын.

7.Мен өзімді әдемі санамағандықтан, өзімді жақсы сезіне алмаймын.

8.Мен көп өтірік айтқандықтан, шындық шығып қалама деп қорқамын.

9.Мен кішкентай да болса біреудің затын пайдаланып кетемін.

10.Менің бет пішінім, сөйлеу мәнерім кейде мейірімсіз болады.

11.Мен өзімнің дұрыстығымды тек кикілжің арқылы шеше аламын.

12.Мен біреуді ренжітуден қорықпаймын.

 

-Сендер өздеріңнің жағымды және жағымсыз қасиеттеріңді белгіледіңдер. Осы кітапшаны 10-шы сыныпты бітіргенде, өздеріңе таратып беремін. Сол кезде өздіріңнің қай қасиеттеріңнің  өзгергенін байқайсыңдар.

Яғни, біреуді ренжітпеу оны кешіре білу үшін бойымызда жақсы қасиеттер басым болуы керек екен. Ендеше келесі бөлім:

 «Жақсы мен жаман» қасиеттер» деп аталады.

Не нәрседе де жақсы мен жаман бар. Мысалы: адамның өмір сүру белестерінде, қоғамның пайда болуында, өмір сүріп жүрген өзінде де «жақсылық пен жамандық» кезек-кезек кездесіп отыратындығы бәрімізге белгілі. Қазір біз «Менің атым Қожа» бейнефильмнен алынған үзінділерді көріп, сұрақтарға жауап берейік.

«Менің атым Қожа» бейнефильмнен үзінді көрсету, сұрақтарға жауап беру.

1.Қожа мен сыныптағы отырған балалардың арасында не болды?

2.Қожа сыныпта қандай қылық жасады, жасаған қылығы дұрыс па?

3.Жанар мен Қожа дойбы ойнап отырғанда, екеуінің арасында қандай кикілжің болды?

  1. Қожа ақ бұзауын айдап келгенде, дойбы ойнағандағы кикілжіңдегі қателікті бірінші түсінген кім?
  2. Қожа мен Жанар екеуінің арасындағы кикілжіңді қандай жолмен шешті?

6.Сендер Қожаның қай қылығын үлгі тұтып, ал қай қылығынан аулақ болар едіңдер?

-Міне балалар кез келген адамның мінезінде де өмірде жақсы мен жаман қасиеттер кездеседі. Олай болса мына столдың үстінде жақсы мен жаман қасиеттер жазылған үлестірмелі қағаздар жатыр. Сол қағаздарды оқып, ойланып, мына тақтаға яғни, күннің астына жақсы, ал бұлттың астына жаман қасиеттерді ілулерің керек.

Балалар тақтаға шығып сөздерді іледі.

Жақсы қасиеттер: кішіпейілдік, әдептілік, парасаттылық, тәртіпті, кешірімшіл, шыншылдық, адамгершілік, инабаттылық, үлкенді сыйлау, жақсы мен жаманды айыра білу, шынайы адалдық, қарапайымдылық, сыпайылық.

Жаман қасиеттер: жалған сөйлеу, өзімшілдік, бейімділік, ұшқалақтық, ашуланғыш, долы, өкпелегіш, көңілі толмаушылық, жылауық, қыңыр, сенімсіздік, қызғаншақтық.

 

Балалардан сұрау: 1.Қандай қасиеттерді көп жаздыңдар?

2.Қайсысынан өзіңді көбірек таптың?

3.Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдің бе?

4.Бұдан былай жақсы қасиеттерді жиі естеріңе түсіріп отырасыңдар ма? (жақсы қасиеттерді балаларға оқыту)

Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз: біріншіден өзімізді,екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болатын.

Олай болса, келесі бөлім : «Тазару» деп аталады.

 

-Балалар, қазір рухани өлең жолдарын тыңдайық.

 

Мазмұны: Өмір асау дария, адамға дарияның ағысымен ағып жүре бермей, адамның мақсаты жағаға шығу. Адамға түзу және қисық екі жол бердім, сол жолдың түзу жолын тауып өмір сүрулеріңе тілектеспіз.

-Балалар, біздің бүгінгі іс-шарамызды «тілек тілеу» жаттығуымен аяқтаған қызықты болады деп ойлаймын. Назар аударыңдар тақтадағы шарларда гүлдер бар, әрбір гүлде көбелектер қонып тұр, сол көбелектер сендерге тілектер алып келіпті.

Сондықтан, қазір әрқайсың алдыларыңдағы «Мен кіммін, қандаймын?» деген кітапшаларыңды ортаға алып шығып, кітапшадағы нөмірге қарап, сол нөмірдегі шарды алыңдар.Өз орындарыңда тұрып жазылған тілектерді оқыңдар.

 

Тілектер:1.Әр түрлі жағдайларда сабырлы бол!

2.Кикілжің кезінде біреумен сөйлескенде өз көз қарасыңда тұр!

3.Біреумен дауласқанда, оның пікірін соңына дейн тыңда!

4.Біреудің сезімін сыйлай біл!

5.Қандай мәселе болсын шешуге болады!

6.Араласып тұратын адамдарға көп көңіл бөл!

7.Ашуланбай, жымия біл!

8.Әрбір күніңді қуанышпен баста!

9.Жан-жағыңа қарасаң сенімен пікірлес адамдар көп!

10.Сені ренжіткен адамға назар аудар, мүмкін саған оның көмегі      қажет шығар.

11.Жүрегіңді ашсаң әлем де саған құшағын жаяды.

12.Әрқашанда сөйлесіп отырған адамның пікірін тыңдай біл!

13.Біреумен дауласпас бұрын, одан қандай нәтиже болатынын ойла!

14.Кикілжің  кезінде тек қана өзіңнің қызығыушылығыңды ғана ескермей, оның да  ойын ескер!

15.Кикілжің кезінде өзіңді-өзің ұстай білу, мәдинетті болу.

16.Біреумен жанжалдасқанда намысына тиетін балағат сөздерді айтпауға тырыс, кейін ол адаммен кездескен де  ұялмайтындай.

17.Қай кезде болсын, өзіңді аямай шыншыл бол!

18.Өзіңнен әлсіз адамдармен килкілжіңге түсер кезде, өзіңді-өзің  сыйлай біл!

19.Өзіңнің көзқарасыңды дұрыс деп санасаң, өз сөзіңе берік, ашық бол!

-Балалар, есте сақтаңдар, ештеңе де бекер болмайды, мына айтылған тілектер әрқайсыларыңа арнап айтылған.

Адам баласы кез келген нәрсені оқығанда немесе көргенде одан ғибрат алу керек екен. Олай болса келесі бөлім «Ғибрат қыл» деп аталады.

 

Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымызды қорыта келгенде:

Адам бойында екі сәуле пайда болады екен. Ол ақ сәуле және қара сәуле. Ақ сәуле адам бойында басым болса, жақсылық  пен  мейірімділік көп жасалады. Ал қара сәуле басым болса, жамандықты көп жасайды екен. Сондықтан бойымызда ақ сәулені басым ұстап, ешкімді ренжітпеуді, ренжітсек кешіре білуді басты мақсат етіп қояйық. Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен  қарап, бір-бірімізге кешірімді, мейірімді, иманды болайық.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *