“Мемлекеттік Рәміздер – Ұлттық Мақтаныш” сынып сағаты


 Султанбаева Жемис Баламуратовна Ақтау қаласының “№20 М. Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі” КММ 
 мұғалімі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік

белгілер- рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты

сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса

маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету;

Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;

 

Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.

Көрнекілігі: слайд, рәміздердің суреті, елбасының суреті, кітаптар, видеосабақ.

Барысы:

Мұғалім:  Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Мектеп өмірі білім баспалдағы тәрізді. Бір сатыдан екінші сатыға әр түрлі қиындықтар мен қуаныштардан өтіп, жоғарылай бересіздер. Барлық қиындықтарды бірге жеңеміз деген үміттемін. Тек қана білім алуды ғана емес, сонымен қатар дос болуға да үйренеміз. Біздің сыныбымыздағы жақсы қарым-қатынасымыздан әрдайым жылулық сезінсін.

Мұғалім: Қазақ елі ұлан- байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717.3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де тұрарлық. Осындай кең-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол- көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды.

ҚР-ның Ата заңының 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.

Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Олай болса бүгінгі «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы»  атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

Кез-келген мемлекет өз Елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы болады дейміз. ҚР-ның мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

Рәміздеріміз туралы не айтасыздар?

(Оқушылар рәміздерді суреттеп береді)

Ақыл –тон аңдағанға тозбайтұғын

Білім – кен қанша болса азбайтұғын.

Қатарың  оза  шауап  бара  жатса

Арқаның ауруы не  қозбайтұғын,- деп Тұрмағанбет  Ізтілеуов айтқандай, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыру үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріп көрейік.

 

«Кім көп біледі?» қойылған сұрақтарға келіскен-келіспегеніңді  білдіріп «ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі қажет.

1.      Сыйлы адамға берілетін етті  сыбаға деп атай ма?  Ия

2.      Абай  атамыздың  шын  аты  Ибраһим  дегенге келісесіз бе? Ия

3.      Тоқтар Әубәкіров  қазақстанда алғаш ғарышқа ұшты ма?  Ия

4.      Әбілхан Кастеев атақты сазгер ма?  Жоқ

5.      « Үш бақытым» М.Әуезовтың өлеңі ме? Жоқ

6.      « Тоғызқұмалақ» қазақтың ұлттық ойыны ма?  Ия

7.      Күй атасы Қорқыт баба дегенге келісесіз бе?  Ия

8.      1 мамыр балаларды қорғау күні ма?  Жоқ

9.      Мұқағали  Мақатаев «Абай жолы» романының авторы ма?  Жоқ

10.  Аққу киелі құс дегенге келісесіз бе?  Ия

11.  9 мамыр Ұлы отан соғысының басталған күні ма?  Жоқ

12.  « Палау»  қазақтың  ұлттық  тағамына  жата ма? Жоқ

13.  Жылқының пірі Қамбар ата ма? Ия

14.  22 наурыз  қазақ  халқының  Жаңа  жылы  дегенге  келісесіз бе?  Ия

 

« Ата салтың – халықтық қалпың»

Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар.

1.      Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киеді?                             (Жаңа түскен келін)

2.      Жаңа аяқтанған баланың тез әрі сүрінбей жүруі үшін жасалатын салт қалай аталады?                                                                                          (Тұсаукесер)

3.      Үш арсызды ата?                                                                            (Ұйқы, күлкі, тамақ)

4.      Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік қалай аталады?           (Жасау)

5.      Кешкілік ауылдың қыз-жігіттері ауыл сыртына барып ойын-сауық жасайды, бұл қандай ойын?                                                                                   (Ақсүйек)

6.      Бес қаруды ата                                                (Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)

Ән ұран орындау

Мемлекетімізге жарқын болашақ, елімізге саналы ұрпақ тілейміз. Айымыз үнемі оңымыздан тусын, ағайын! Осымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты кешіміз аяқталды. Деніміз сау, санамыз ояу болсын! Көріскенше сау болыңыздар!

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *