Сабақ әзірлемесі, «Киіз басудың дымқыл және құрғақ әдістері арқылы әшекей бұйымдар жасау»


Сатымбекова  Бибигул  Ажибековна Жезқазған қаласының,  «Балалар мен Жасөспірімдер сарайы» КМҚК
қосымша білім педагогы

Мақсаты:

Жүннен бұйымдар жасаудың  жаңа технологиялық тәсілдерін  қолдана отырып, тәжірибе алмасу

Міндеттері:

– Заманауи өңделген жүндерден бұйымдар жасаудың жаңа технологиясын көрсету

– Қазіргі заманғы сұранысқа сай қолөнер бұйымдарын жасап үйрену.

– Бұйымдарды көркемдеп өңдеу технологиясына түсінік беру.

– Шеберлікті ,ынталандыру мен белсенділікті арттыру.

– Киіз басу әдістерінің жаңа технологисы бойынша әдістемелік көмек беру

Сабақтың түрі:

Сабақ.Тәжірибе алмасу. Жаңа технологияны меңгеру.

Сабақтың әдісі:Түсіндіру, көрсету, жасау.

Сабақтың көрнекілігі және керекті құрал жабдықтары: қол өнер бұйымдары,боялған жүндер,ши,сабын,тор,ине,жіп,қайшы.

Техникалық оқу құралдар: компьютер,экран,проектор.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Негізгі бөлім.

3. Сармандық жұмыс (практикалық).

4. Қорытынды.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

I. Кіріспе

II.Үйірме тарихы (слайд.)

III.Негізгі бөлім.

1. Жүннен мағұлмат беру.

2. Жүннен бұйым жасаудың жаңа технологиясы.

3. Сабақ әзірлемесі

Сарамандық жұмыс:

1. Жұмыс жасауға керекті құралдар тарату.

2. Үлгі бойынша жүнмен жұмыс жасау.

3. Жұмысты әсемдеу.

Халқымыздың  дәстүрлі  тұрмысында киіз бұйымдарын жасау жетекші орын алды. Берекелі, салмағы жеңіл, фактурасы жұмсақ және жағымды, ауа өткізетін және жылу ұстайтын қасиеттері бар материал болып табылатын киізді түрлі бұйым жасауда басқа ештеңе алмастыра   алмайтын,киізбен,киіз үй сүйегін сыртын анайналдыра жабады.Киіз басу үшін қой жүнін таңдап алады,негізінен күзем жүн алынады.Қазіргі кезде киіз бұйымдары нағыз қауырт өркендеу үстінде.Бұл икемді және пластикалық қасиеті бар материал іс жүзінде бүкіл әлемге танымал.Қазіргі шеберлер бұйым жасауда өте кең ауқымда киізді пайдаланады.Ол жиһазбени нтерьер заттарынан, пуфиктер мен орындықтарды сәнді кілемшелерінен, перделер мен жастықтардан, үстелге қойылатын сәнді жаймалар мен мата салфеткаларға арналған сақиналардан,шамдардың абажуларынан және перделердің безендірмелерінен,сәнді панно мен еденге төсейтін кілемдерден тиісті орын алған.Олар қазіргі заманғы әр түрлі  технологияларды пайдалана отырып,сан түрлі  фактуралар мен  маталарды –жібек, мақта, кендір, тоқыма заттарды үйлестіре отырып, нағыз өнер жауһарларын жасап жүр. Киімге арналған киіз бижутерия мен  аксесуарларды да кездестіруге болады.Олардың ішінде-моншақ,сәнді түйме,шаш қыстырғыш, белдіктер мен сөмкелер,әмияндар мен ұялы телефондарға арналған қаптамалар,жеңіл аяқкиім,тіпті етіктер,бөріктер мен береттер, косметика қалталары мен құжаттар үшін мұқабалар,бизнес-папка мен пеналдар бар.Қолөнершілер сый етіп тартуға ыңғайлы өнімдерді,шыршаны безендіретін ойыншықтарды ықыластана жасайды. Бұларға мысалды көптеп келтіруге болады.

Қазіргі заманғы технологиялар киізді жылдың кез келген уағында,шағын орында және азғана шығын шығарып жасауға мүмкіндік береді.Киіз бұйымдар дайындау тіпті балалардың да қолынан келеді, тек оған белгілі бір машық төзім керек.

Киіз жасаудың дымқыл және құрғақ әдістері деп аталатын жолдарының бірнеше техникалық тәсілі бар.Бірінші әдіс,атынан көрініп тұрғандай,суды және киіз басу үдерісін жылдамдататын құралдарды қажет етеді. Оның сабын немесе «Турбо»тәрізді арнайы жуғыш құрал болуы ықтимал.Екінші әдіс соңғы кезде пайда болды.Ол жазық заттарды да, жұмыр көлемі бар заттарды жасауға мүмкіндік береді.Онда арнайы инелер қолданылады.Бірімен –бірін үйлестіре қолданғанда,олар шығармашылық үшін шектеусіз мүмкіндік туғызады.

Қажет материалдар;

– Жүн «нақты жасалмақ затқа байланысты меринос,қылшық жүнді немесе биязы жүнді флис.

– Сұйық балалар сабыны,1л ыстық суға сұйық сабынның 1ас қасығын қосу есебінен. Сабын неитрал болғаны жақсы.

– Қалың клеенка төселген үстел,қалың клеенка үстелдің бетін бүлдіріп алмау үшін керек.

– Синтетикалық полотно,тюль,тор, капрон немесе тығыз қағаз-мақта матасы,бұлар сулы жүн қолға жабыспау үшін қажет.

– Түбінде ұсақ тесіктері бар кез келген тостаған немесе су шашуға арналған щетканы пайдалануға болады.

– Суға арналған тостақ.

– Сұйықты жақсы сіңіріп алатын түкті  немесе басқалай қағаз-мақта полотно.

– Артық суды сорғытуға арналған губка.

Көлемдік детальдарды инемен тік шанышпай,детальді майыстырып алмас үшін инені көлбеу, тіпті көлденеңдеу ұстап, өте абайлап бекіту керек.

Егер сурет екі түрлі түске боялған жүннен  салынып,олардың бір-біріне біртіндеп,жатық ауысуын қамтамасыз ету қажет болса, онда керек түстерді бір-біріне қатар салады.

Қажет материалдар:

Инелер техникасы;

Жазылған жүнді арнайы инелердің көмегімен тығыздау-киізді құрғақ басу деп аталады. Жұмыр детальдарды әзірлеу кезінде бұл техника жабыстыруды еске салады. Сондай-ақ, құрғақ басуды кеиде фильснаделдеу деп те атайды.Бұл жүнді алдын ала тығыздауды білдіретін неміс сөзінен шыққан. Ағылшын нұсұасында бұл техника needle felting деп аталады.Бұл жағдайда басу үдерісі тұла бойында кертпелері (кертіктер) бар инелерарқылы жүреді.Бұл кертіктер жүн ішінен өткенде,жүн талшықтарын іліп әкетіп,араластырады,түрлі қабаттағы жүнді матастырып кіріктіреді

Иненң сұлбасы әдетте үшбұрыш түрінде болып келеді.инелер неше түрлі болады –жуандығы,ұзындығы мен белгіленуі әр түрлі; 32, 36, 38, 40, 42 мөлшер (халықарлық классификация); ірі,орташа және жіңішке немесе А, В, С, Д.

Қабатталған шикізатты көктей тесіп өтетін ең жуан инені пайдалана отырып,өңдеуді бастайды. Содан соң жұмысыңызды мұқият, ұқыппен жалғастару үшін орташа немесе жіңішке инені алуға болады.

Инелерге арналған сұғындырмалар да болады. Үдерісті жылдамдату үшін 3-10 инеге дейін орнатылатын сұғындырмаларды пайдалануға болады.

Инелер өте өткір және морт сынғыш келеді,сондықтан зор ұқыптылық талап етеді.Үдеріс аяқталған соң инелерді арнайы қаптамаларда сақтау керек немесе поролонға (пенопластқа) шаншып қою қажет.

Бұл әдістің артықшылығы;

– суретті шекарасын айқын етіп салуға мүмкіндік береді;

– бұйымды жұмыс барысында түрлі детальдармен толықтыруға болады.

– түрлі тәсілдің түрін пайдалануға және әр түрлі материалдарды арластыруға болады;

– тура жасалмаған суретті түзетуге немесе салынған суретті мүлдем алып тастауға болады.

Жүннің түрлі түстерін айқын жіктен шекерасын дәл ажыратуға болады;

– көлемдік детальдарды және тіпті мүсін жасауға болады;

– суретке тоқыма жіп пен матаны енгізуге болады;

– киізбен ұсаұ бұйымдар жасауға болады;

– ою-өрнекті оңай салуға болады;

Осындай артықшылықтардың арқасында инелер арқылы киіз бұйым жасау бүкіл дүние жүзіне кең таралып отыр.

Инелермен жұмыс істеудің тек кейбір тәсілдері ғана қарастырылады.

Суретті бедерлеу үшін алдымен киіздің негізін дайындап алу керек.Бұл үшін поролонға бірнеше (екі-үш) қабат жүнді біріне бірін айқастыра,перпендикуляр бағытпен саламыз.Жазық жүннің бетін тегістеп тығыздау  үшін оны инелермен өңдейміз.Инені жазыққа тік (перпендикуляр) сұғуға тырысамыз.Жүн қабаттарын инелердің көмегімен өңдегеннен соң,айналдырып басу кезінде ол киізді дәстүрлі әдіспен дайындағаннан гөрі азырақ шөгеді.

Көлемдік детальдарді инемен тік шанышпай ,детальді майыстырып алмас үшін инені көлбеу,тіпті көлденеңдеу ұстап,өте абайлап бекіту керек.

Егер сурет екі түрлі түске боялған жүннен салынып,олардың бір-біріне біртіндеп,жатық ауысуын қамтамасыз ету қажет болса,онда керек түстерді бір-бәріне қатар салады.Сосын сол түстес жүндерден бірдей мөлщерде алып,өзара жақсылап арластырады.Мұны киізге арналған щеткалар жәрдемімен жасаған жақсы.Немесе мұқият тарап, талшықтарға бөлу керек те,барлық талшықтарды бір жаққа бағыттап,біріне-бірін араластыру қажет.Екі түстің шекарасына жүннің жұқа қабатын салу керек. Барлық талшықтардың бір бағытта жатқаны дұрыс. Бұл қабатты өте абайлап бекіту керек.Талшықтардың бағытын өзгертіп алмас үшін инені көлбей,мейлінше көлденең қадаған жөн.

Киізді мұндай әдіспен дайындау приципі мыныда;сіз инені бұйымға неғұрлым көп сұққан сайын,киіз соғұрлым тығызырақ бола түседі.Сондықта, жүннің тығыздау кезінде шөгетінін ескеріп,әзірлемені мөлшері жағынан біршама үлкендеу етіп алады.

Суреттің шет-шекарасын айқын етіп бедерлеу үшін жүннің сурет бойынша қажет түсін үлгі бетіне сурет шекарасынан біршама асырып салады. Сосын сурет сұлбасын ұқыппен, тәптіштеп,инемен жиі-жиі шабақтайды.Одан кейін инемен шабақталған сызықпен жүн ішке қарай бүктеледі де,инемен бекітіліп қойылады.

Егер киіздің неғұрлым тығызырақ болғанын қаласаңыз,оны одан әрі «ылғал әдіспен»басуыңызға болады.Сурет салынып, шикізат инемен өңделгеннен кейін, киізді тормен жауып, қолмен ақырын сипалау қажет. Осылайша талшықтар арасындағы ауаны қысып шығарамыз және полотноны аздап тығыздаймыз. Содан соң оған кеуекпен сабынды ертінді жағып, сулайды да,қайтадан нәзік қимылмен сипалай отырып нығыздайды. Әзірлемені сабындайды. Сабын мен судың артығын кеуекпен сорғызып сүртіп тастайды.Өйткені артық сабын киіздің тұтасып ұстасуына мүмкіндік бермейді.Полотноны қолмен айналдыра сипалауды жоғарғы қабаттың талшықтары бір-біріне кірігіп кеткенше,қайтып тікіремейтін болғанша жалғастырады.Осылардан кейін оны шиыршықтап орап, дөңгелетіп уқалаймыз.Жүннің бойындағы суы тартылғанша уқалаймыз, болғаннан кейін ашып кептіреміз.

Суретке мата фрагменттерін енгізу қажет болған жағдайда иненің мөлшерін дұрыс таңдап алу керек.Ол матаның фактурасы мен қалыңдығына сәйкес,матаны бүлдіріп алмайтындай болуға тиіс.Мата неғұрлым нәзік болса,иненің де соғұрлым жіңішкесін алған жөн.Ою-өрнекке немесе суретке ерекше әсерлі сипат беру үшін оның нобайын иірілген жіп арқылы жасау керек,әсіресе бостау иірілген жіп жақсы.Түкті иірме жіппен өте жақсы жұмыс істеуге болады.

Киіз басудың дымқыл әдісі арқылы әшекей бұйым,моншақ жасау.

Жұмысқа керекті құралдар;

– Стол,столдың бетін бүлдірмес үшін жұқа кленка.

– Су құятын табақша.

– Сабын (балалар сабынын қолдануға болады).

– Ине,жіңішке жіп.

– әр түрлі жүндер.

Әшекей бұйым жасайтын жүн сапалы және жақсы түтілген болуы керек.

1. Жылы сабынды су дайындап алу керек.Жүннің шамалы бөлігін алып алақанымызға салып дөңгелек шар сияқты пішінге клтіріп уқалаймыз.Шар пішінге келтірген жүнді сабын суға малып алып алақанымызға салып дөңгелетіп уқалау керек.Әлсін-әсін сулап жүн қоса отырып  пішінді үлкейтуге болады.

2. Шар пішінді жылы сабын сумен уқалаған сайын жүннің қылшықтары бір-бірімен ұйысып тығыздалып қатая бастайды.Пішін уқалаған сайын кішірейе береді,үстінен жүн қосып отырып өзімізге керекті мөлшерге дейін жасауға болады.

3. Дайын болған шар пішінді таза салқын суға салып шайып белгілі бір уақыт кептіреміз.

4. Кеуіп дайын болған шариктерді өзіңізге ұнайтындай етіп инеге жіп өткізіп, шарик шығып кетпейтіндей жіптің ұшын түйіп алып тіземіз.  Фильснаделдеу немесе құрғақ басу әдісі .

Жазылған жүнді арнайы инелердің көмегімен тығыздау –киізді құрғақ басу деп аталады немесе фильснаделдеу (фильс-жүн,надел-ине) деп атайды.

Осы әдісті қолдана отырып картина жасау.

Жұмысқа керек заттар:

– Әр түрлі жүндер.

– Арнайы инелер.

– Поролон.

– Қайшы,түйрегіштер.

– Киіз, фетр.

Жаңа технологияны пайдалану арқылы әшекей бұйым жасау.

1.  Алдын ала сурет салынған киізді поролонның үстіне қоямыз.Суретті

бедерлеу үшін сызықтың ішіне (екі-үш) қабат жүнді біріне бірін айқастырыра саламыз.

2. Жазық жүннің бетін тегістеп тығыздау үшін оны инелермен өңдейміз.Инені жазыққа тік (перпендикуляр) сұғуға тырысамыз.

3. Сурет сұлбасын ұқыппен,тәптіштеп,инемен жиі-жиі шабақтайды.

4. Жүн қабаттарын инелердің көмегімен өңдеген соң,айналдырып басу кезінде ол киізді дәстүрлі әдіспен дайындағаннан гөрі азырақ шөгеді.

5. Инемен жұмысты аяқтап болған соң киіздің шетін әдемі ленталармен тігіп аяқтайды.

Білімді, жан-жақты тәрбиелі, қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы,сондықтан жастарды қабілетті азамат етіп өсіруде халық қолөнерінің тәлім-тәрбиелік,білім-танымдық рөлі орасан зор.абзац.Абай атамыз «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек болар. Мал жұтайды,өнер жұтамайды»-деген болатын.абзац.Қолөнер дегеніміз-кәсіптің бірі.Ал кәсіпшілік ол адамзаттың тіршілік көзі.Мектеп қабырғасында қолөнердің бастауынан нәр алған жастар болса,өмірде өз орнын таба алады. Киіз басудың тиімді жаңа әдістерінің қыр-сырын меңгере отырып,  оқушылар әртүрлі бұйымдар,тұрмысқа қажетті нәрселер жасай алады.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Шинковская.К.А.Вещицы из войлока. Москва. АСТ-ПРЕСС.2007.

2. Қосымша білім және тәрбие №2 2010ж

3. Тәжімұратов.Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы.1977ж

4.Мектептегі технология.Технология в школе.№4 2012ж

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *