Сабақ «Л дыбысы»


Тастанбекова Гульмира Даукешевна

Мұғалім- логопед 

«Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық № 4 арнайы мектеп –интернаты» КММ

Тақырыбы: «Л дыбысы».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру, Л дыбысымен өткен дыбыстарды байланыстыра  отырып, буын құрауға жаттықтыру ,дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемде ажырата білуге, сөздегі дыбыстың  орнын табуға  үйрету.

Түзету дамытушылық:Есте сақтау қабілетін дамыту, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру,бет бұлшықеттерін ширату,қол мен саусақ бұлшық ет қимылдарының ұсақ моторикасын дамыту, баланың сөздік   қорын,тіл байлығын кеңейту.

Тәрбиелік:Оқушының ойын тыңдауға,ұйымшылдыққа,коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік,ойын техникасы,оқытудың белсенді әдісі, АКТ.

Көрнекілігі: Л  дыбысына  арналған кестелер, суреттер,слайд, айна, артикуляциялық жаттығулардың видео  жинағы, оқытудың белсенді әдістері,заттық суреттер, тыныс алу жаттығулары жинақтары(кеме,көбелек),Су- Джок.

 

Сабақтың басынан бастап балалар зейінін мұғалімге аударып, сабаққа бағыт-бағдар алды. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.

Сабақтың әр кезеңінде әр түрлі – әдіс тәсілдермен, ойындар өткіздім.

Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.

А.Н. Стрельникова әдісін, Е.А.Дьякова әдісін сабақ барысында қолдандым,

Ш.А. Амоношвилидің “Ойын арқылы оқыту”, В.В. Давыдовтың “Дамыта оқыту”, “Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп, оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды”.

Сабағымды сенсорлық жаттығулар:«Көзбен амандасу»әдісі,«Шынтақпен амандасу»әдісімен бастадым. Сабақта «Логопедиялық өзіндік массаж»,«Саусақ гимнастикасы»,тыныс алу жаттығулары, Л дыбысына артикуляциялық тілге арналған жаттығуларды, Л дыбысына  профиліне кластер құрастыру, «Шашылған сөйлемдерден  мәтін құрастыру», «Ой шақыру» әдісін(сұрақ -жауап), Л дыбысын машықтандыру, Ойын: «Кімнің кемесі жақсы гуілдейді?»,«Ұйқасын тап»ойыны, деңгейлік тапсырмалар,«Ойлан тап!» ойыны, «Сөз ойла, тез ойла» ойыны, оқытудың белсенді әдістері, Су- Джок терапиясы, дыбыстық талдау,дәптермен жұмыс,көзге арналған жаттығу орындалды. Берілген слайд бойынша оқушылардың сөздік қорларын дамытып, байланыстыра сөйлеу дағдыларын көптеген тапсырмалар орындату арқылы  жетілдіріп отырдым. Сабақ мазмұнды әрі қызықты өтті. Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, берген тапсырмаларын жақсы орындады.

Сабақтың үшмақсаттылығы өзара тығыз байланыста болды. Л дыбысына байланысты сөздер, сөйлемдер құрастырылып, оларға дыбыстық талдау жасау арқылы дыбыстың сөздегі орны анықталды. Сабақтың тәрбиелік мәні жоғары деңгейде жүргізілді.Сабақтың көрнекілігі сабақ мазмұнымен тығыз байланысты болды. Оқу материалы бала ұғымына , жас ерекшелігіне және психикалық даму ерекшелігіне сай. Тіл дамыту материалдары сабақтың тақырыбына сай іріктеліп алынды. Сөйлеу әрекетінің түрлі әдістері пайдаланылып, оқушылардың орындауы талап етілді.

Жалпы және жеке жүргізілген жұмыстар оқу мазмұны мен тақырыбына үйлестірілген.Сабақта қолданылған көрнекіліктер методикаға сай.Сабақта пәнаралық байланыс тиімді орын алды.

Жеке жұмыстар :суреттегі адам аттарына Л дыбысы бар есім ойластырып сөйлем құрастыру,Л дыбысы бар киімдерді шкафқа ілу, Л дыбысы бар гүлдерді теру,Л дыбысын қойып сөз құрастыру.

Сабақ тұтастығы сақталып, уақытылы аяқталды.

Қорытынды:

Оқушылар Л дыбысын толықтай меңгеріп, оның дыбысталуы, орны туралы толық игерді. Жаңа сабақты түсіндіруде барлық оқушылар сабаққа қатысты, бірлескен жұмыста белсенділік танытты. Мұғалімнің оқыған әңгімесін назар қойып тыңдап, сөздерге дұрыс талдау жасады,  берілген тапсырмаларды ұқыпты, дұрыс орындады. Тапсырмалар орындау барысында оқушылар қойған сұрақтарына толық жауап берді. Және де барлық жұмыста тәртіптілік танытып, бір-бірін тыңдап, жол беріп, бір-біріне бөгет жасамады.

Кездескен қиыншылықтар:Л дыбысының сөздегі орнын табуда,дыбысты алмастыру жұмысында.

Сабақ мақсатына жетіп, әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде өтті.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *