«Жабайы аңдарға саяхат»


Кикымова Айгуль Ахметжановна

Қарағанды қаласы  “№68 Мектеп – интернат – балабақша  кешені” тәрбиешісі

Білім беру саласы:   «Коммуникаци». «Әлеумет», «Таным»

Бөлімі:   Сөйлеуді дамыту.Қоршаған орта таныстыру.Құрастыру

Тақырыбы: «Жабайы аңдарға саяхат»

 Мақсаты : Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету.

Білімділік міндеттері: Ормандағы  аңдардың тіршілігіне  байланысты түсініктерін толықтыру және бекіту. Видео арқылы қостілділік компонентті бекіту, үйрету және дидактикалық ойын ойнату.

Дамытушылық: Аңдарды сипаттауға жаттықтыру, жұмбақтар  арқылы тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту.  Сөздік қорларын байыту, тәрбиешіні тыңдай отырып, өздігінен байланыстыра сөйлем құрауға жетелеу.

Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері:  көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ – жауап,

Қос тілдік компонент: Орман- лес, аңдар-животные, қасқыр-волк, қоян-заяц, аю-медведь, түлкі-лиса.

Көрнекі құралдар: Аңдардың суреттері, интербелсенді тақта, орман бейнесі (шыршалар, бөренелер) орман аңдары ойыншығы, маймыл ойыншығы.

 

Қызмет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
 

Мотивациялық қозғаушылық

 

Шаттық шеңбері :

Армысың шапағатты күніміз
Армысың мейірімді жеріміз,

Армысың табиғат анамыз.

Сәлем бердік өзіңіздің балаңыз,

Сүйейік табиғатты аялайық.

Бізде одан жақсылықты аямайық.

 

Топқа саяхатшы Дара келеді.

Өлең жолдарымен қимыл жасайды.

 

 

 

 

Балалар  таңдана қарайды.

Ұйымдастыру іздестіру –          Сәлеметсіңдер ме,балалар!

–          Сәлеметсің бе, Дара!

–          Мен маймыл досым Ботиді іздеп жүрмін

–          Балалар сендер менімен бірге  орманға барып досымды іздеуге көмектесесіңдер ме?

 

Балалар қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп жіберейікші!

–          Қыс айларын атап беріңдерші?

–          Табиғатта қыс мезгілінде табиғатты қандай құбылыстар болады?

–          Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?

 

 

 

 

–          Орманда қандай аңдар тұрады?

 

 

–          Ал енді көзімізді жұмып айналамыз.Сиқырдың күшімен орманға келіп жеттік

 

Ой, орманның ауасы қандай тамаша!

Ауамен аздап демалайықшы . Таза ауада демалған қандай жақсы.

( мұрынмен демалу жаттығуларын жасату)

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын сол жұмбақты шешуін табатын болсақ досымды тез табамыз.

1-жұмбақ:     Өзі батыл айбатты

Тістері қандай қайратты

Білесің бе,бұл аңды?

Аң патшасы …………

Арыстан қалай дыбыстайды?

Дыбыстық жаттығулар жасау.

Дараның досы осы ма?

 

2 – жұмбақ:   Өзі итке ұқсайды

Аспанға қарап ұлиды,
Малды ауылды ториды.

Қасқыр қалай ырылдайды?

Дараның досы ма?

3 – жұмбақ:  Татті балға тойып алып

Тәтті ұйқыға кетеді.

Аю қалай ақырады,

Қысқа аю не жинайды?

Дараның досы осы ма?

 

4- жұмбақ:  Ұзын құлақты,

Өзі қорқақ

Сәбізді жақсы көреді

Қоян қалай секіреді?

Қыста қоян қалай өгереді?

Ол нені жақсы көреді?

Дараның досы осы ма?

5 – жұмбақ: Ағаштан- ағашқа  секіреді

Бананды жақсы көреді

Дараның досы осы ма?

Дара: Балалар рахмет сендерге менің досым Ботиты тауып бердіңдер.

(Боти ағаш түбінен шығады)

 

Боти: Жарайсыңдар балалар мені досым Дарамен қауыштырдыңдар. Менімен ойнағыларың келеді ма?

 

Д/ойын : «Не қалай дыбыстайды?»
Барысы :
Балалар қойылған қызықты сұрақтарға жылдам жауап берулері керек. Сұрақтарға ең көп әрі жылдам жауап берген балаларды мадақтау.

 

Балалар бойымызды жазып сергіту сәтін жасап жіберейік.

Сергіту  музыкамен ырғағымен  болады.

«Мен қазақпын»

Дара:

–          Бідің астанамыз қай қала?

–          Елбасымыз кім?

–          Жарайсыңдар балалар өз Отандарың жайлы көп біледі екенсіңдер.

Жақсы балалар оқу қызметімізді әрі қарай жалғастырайық.

 

 

 

Балалар менің қолымда ғажайып текше бар. Мен осы текшені жерге домалатап ал сендер онда қандай ертегінің суреті жасырылғанын айдатыңдар.

(қысқаша ертегіне айтып өту)

Боти:Балалар мен орманда достарымнан адасып қалдым соны тауып бересіңдер ме?

–          Балалар қане Ботиға достарын тауып береміз бе?

–          Олай болса мына жерде аңдардың суретін құрастырамыз.

(Аңдардың суретін құрастыру)

Балалар сендер өте білімді, тапқыр екенсіңдер. Менің сендереге деген кішкентай сыйлығымдыбар оны балабақшаға салып жібердім.

Келесі кездескенше сау болыңдар.

 

Ал енді балалар біз балабақшамызға қайтайық.

Көзімізді жұмып балабақшаға ораламыз.

 

Балалар бізге Ботидан посылка келіпті қане,ішінде не барекен жақындап көрейік. Жәшікті ашқанда ішінен шар ұшып шығады астында тәттілері бар.

Дарамен амандасады.

 

Балалар қуана келіседі

 

 

Қыс.

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Күн суытады, қар жауады, боран соғады, айналаның бәрін қар басады.

Балалар аққала жасап шанамен сырғанап  ойнаймыз.

Аю, қасқыр, түлкі, қоян т.б

 

 

 

 

 

 

 

Тыныс алу жаттығуын жасайды.

 

 

 

Арыстан – лев

АР-ар-ар-ар-ар-ар

 

Жоқ

 

 

 

Қасқыр – волк

У-у-у-у-у-у-у

Жоқ

 

 

Аю

О-о-о-о-о-о

Бал жинайды.

Жоқ

 

Қоян – заяц

Ақ түске айналады?

Қимылмен көрсетеді.

Сәбізді

Жоқ

 

 

 

Маймыл

Ия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ия

 

Жазылған аңдардың дыбыстарың естіп таниды .

 

 

 

Музыка ырғағымен қимыл жасайды

 

Астана

Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев

 

 

 

Балалар: «Шалқан», «Жеті лақ пен қасқыр»,  «Бауырсақ», «Қызыл телпек»

Ия

 

 

 

 

Балалар Дара және Ботимен қоштасып балабақшаға қайтады.

 

 

 

 

 

Балалар жәшік ішінен шықан шарға қатты қуанады.

Рефлексивті- түзетушілік – Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма ?

– Қай жаққа саяхат жасадық?

– Орманда қандай аңдарды кездесдірдік?

– Тағы орманға саяхатқа барамыз ба?

– ҰОҚ сендерге ұнады ма?

– Несімен ұнады?

– ҰОҚ белсенді қатысқан балаларды мақтап мадақтау.

Балалардың   жауабы.

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Нені біледі: Аңдарды бір-бірінен ажырата білді.Қыс мегілін сипаттай алады.

 

Қандай түсініктер игерді: Берілген тапсырманы қызығушылықпен орындай алатындарын игерді.

 

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Сұрақтарға толық жауап бере білу іскерліктерін, қыс мезгілінің ерекшеліктерін білдіретін сөздерді қолданып, сипаттау мәтінін қалай құрастыру керектігін меңгерді.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *