«Менің сүйікті қалам -Қарағанды»


Рустембекова Толғанай Досымбекқызы

Қарағанды қаласы  “№68 Мектеп – интернат – балабақша  кешені” тәрбиешісі

Білім беру салалары: «Таным», «Әлеумет», «Қатынас»

Бөлімі: жаратылыстану, қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: « Менің  сүйікті қалам -Қарағанды»

Мақсаты: Қарағанды қаласы жайлы , көмірдің шығу тегімен таныстыру, қоршаған ортаға және отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балалардың эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, сөйлеуін,  білімдерін толықтыру.

Білімділік міндеттері:

-Ақпараттық технологияны қолдану арқылы балаларды өздері тұратын  қаламен таныстыру;

– Кең орындарымен таныстыру арқылы үлкендердің  еңбегін бағалай білуге үйрету;

-Аппақ Байжанов туралы аңыз арқылы көмірдің шығу тарихымен таныстыру;

Дамытушылық міндеттері:

– Ойын ұйымдастыру арқылы балалардың білімдерін дамыту;

-ТРИЗ әдісінің элементтерін қолдану арқылы ойлауын, тез жауап беруін дамыту;

– ағылшынша, орысша сөздерді қолдану арқылы  балаларды  үш тілде түсініп сөйлеуін дамыту;

– Сұрақ- жауап арқылы өз ойларын  толық айтуға төселдіру;

– Балалардың есте сақтау қабілеттерін  түрлі көрнекіліктер арқылы жетілдіру ;

 

Тәрбиелік міндеттері:

– Қарағандының әсем жерлерімен таныстыру арқылы өзінің туған жерін сүйе білуге тәрбиелеу;

– Тақпақ айту, нақыл сөздер оқу арқылы  әдеби сөздік қорын молайтумен қатар дүние танымдарын кеңейту;

Қолданатын көрнекіліктер: Слайд, Қарағанды қаласының фото-суреттері, көмір, қораптағы кәмпиттер, интерактивті тақта, сұрақтар салынған дорба т.б.

Сөздік жұмыс: туған жердің байлықтары, туған қалам, Қарағанды.

Қос тілдік компонент: қала-город, жақсы-хорошо, жаман-плохо, көмір-уголь, кенші-шахтер т.б.

Қызметтің кезеңдері Тәрбиеші әрекеттері Балалардың әрекеттері
Мотивациялық-қозғаушылық         Шаттық шеңбері.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз.

 

Балалар біз кеше естеріңде болса Қарағанды шахтасында істейтін Кенші  ағайға хат жазып едик қой. Біздің хатымызды алыпты. Кенші ағай бүгін қонаққа келіпті.

Кенші ағай қолындағы дорбасымен топқа кіреді.

 

Өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталады
Ұйымдастырушылық-іздестіру Кенші ағай: Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар мені таныдыңдар ма?

Мен кенші болып жұмыс істеймін. Біз жерді қазып көмір аламыз. Мен сендердің хаттарынды алдым. Мен сендерге өзім ғана келмей тапсырмамды да ала келдім. Орындауға дайынсындар ма?

Педагог: Кенші ағай сіз жұмыс жасап шаршаған боларсыз, сіз отырып дем алып алыңыз. Біз сіздің әкелген тапсырмаларыңызды орындаймыз. Кенші ағай қолындағы дорбасын педагогкке  ұстатады.

 

Педагог: Біз тапсырманы орындамас бұрын Қарағанды жайлы біліп алайық.

Балалар біз Қарағанды қаласында тұрамыз. Қарағанды қаласы өте әдемі. Қарағанды қаласында көмір, шиколадттар шығарады. Ендеше Қарағанды қаласының әдемі ғимараттарын тамашалайық.

Қарағанды туралы слайд.

Сергіту сәті:

 

Балалар кенші дегеніміз-жер астында жатқан көмірді қазып,бізді  жылытып отыру үшін жұмыс жасайтын адамды айтады. Кеншілердің жұмысы өте қиын. Кеншілер жер астында жұмыс жасайды.

Педагог дорбаны  ашып, ішіндегі көмірді алып шығып, балаларға көрсетеді. Балалар көмір-ол түсі қара, қатты зат. Оны біз үйіміз, тобымыз жылы болу үшін пешке жағамыз.Бұл көмір бізге қалай келеді?

Балалар сендер мені мұқият тыңдап отырыңдар. Мен сендерге көмірдің қалай келгенін айтып беремін.

Аңыз.

Бір күні ақсақал мал бағып жүргенде, шаршап жата тұрайын деп жатса қасынан суырды көріп қалады. Оны ұстап алайын деген кезде, суыр бір тесікке кіріп кетеді. Соны тауып алу үшін жерді  қаза бастайды. Жерді шұңқырғып қазған кезде қара тастарды көреді. Оның не екенін білмейді. Таң атқан кезде ауыл ақсақалдарын сол жерге шақырып, не екенін анықтайды. Бірақ ешкім не екенін білмейді. Суға салса ерімейді, малға берсе жемейді. Бірақ отқа салған кезде жанып,өзінің жылуын береді. Сөйтіп онымен үйді жылытуға болатынын біліп, отын ретінде пайдаланады. Міне, содан бері үлкен заводтар салынып, кеншілер жұмыс жасай бастайды. Балалар көрдіңдер ме кеншінің киімін, басында каскасы бар, жердің асты  қараңғы болғандықтан оны барлық кеншілер киіп алады.

1 тапсырма.Балалар Қарағанды жайлы тақпақтар біледі ме?

Ерасыл:

Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел-Қазақстан

Көркіне көркі жарасқан.

Аружан:

Туған қалам сеннен қуат аламыз

Қияға қанат қағамыз,

Елге шырақ жағамыз,

Өзіннең бақыт табамыз

 

Кенші: Балалар мен шаршадым қайтуым керек. Менің  басқада баратын балабақшаларым бар.

Педагог: Кенші ағай сіз шаршасаңыз бізбен бірге бой сергітіп алыңыз. Ойын: Балалар шеңбер жасап, көмірлерді бір-біріне беріп тұрып билеп тұрады, кімде музыка ойналғанда көмір қолында көмір болады сол бала ортаға шығып билейді.

Рахмет балалар! Онда мен кетейін, менің жұмыстарым өте көп. Сау болыңдар, балалар!

 

Слайд: Батырлар жайлы (Тохтар Әубәкіров, Мартбек Мамраев, Нүркен Әбдіров.)

Ойын: «Болады-болмайды».

Шарты: Балалар мен сендерге суреттер көрсетемін. Істеуге болатын суретті көрсеткен кезде жасыл түсті қағазды көтересіңдер, ал істеуге болмайтын суретті көрсеткенде қызыл түсті қағазды көтересіңдер. Балаларға қызыл және жасыл түсті қағаздарды таратады.

 

Педагог. Балалар кеншінің жұмысы өте қиын екен. Олар көп еңбек етеді. Еңбек туралы кім мақал біледі.

Ясмин: Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

 

Інжу: Кім еңбек етсе, сол тоқ.

 

Қостілділік компонент: қала-город, жақсы-хорошо, жаман-плохо, көмір-уголь, кенші-шахтер.

 

 

Топтық жұмыс: Барлық бала орындарынан тұрып, үстелге келеді. Олар әр ұлттын тағамдарын дұрыс орналастыру керек.

Тапсырманы орындап болған соң, орындарына отырады.

Педагог сабақта қорытады.

Балалар орындарыннан тұрып шеңберге тұрады, сабақ ұнаса көк түсті, орташа болса сары түсті, ұнамаса қызыл  түсті көтереді. Балалардаң сабақтың қай жері, несімен ұнағанын сұрайды. Орындарына отырып, педагог балаларға кенші әкелген сыйлықтарды таратады.

Балалар амандасады.

 

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогті мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар педагогті мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойынға белсене қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойынға қызығушылық танытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды. Қостілділік компонент: қала-город, жақсы-хорошо, жаман-плохо, көмір-уголь.кенші-шахтер.

 

 

 

Рефлексивті- түзетушілік Қорытынды: Педагог бүгінгі өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.

Педагог: Балалар біз қай қалада тұрамыз?

-Қандай батырларды білесіңдер?

-Сендер өздерін тұрып жатқан қала жайлы не білесіңдер?

-Бүгін бізге кім қонаққа келді?

-Бүгінгі сабақ ұнады ма, несімен ұнады?

-Бүгінгі сабақтаң біз не білдік?

Балалар  қоштасады.

 

 

 

-Балалар ойланып жауап береді.

 

Балалар сұрақтарға  жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже: 

Нені біледі: 

-Жақсы, жаман қасиеттер туралы,

-Қарағанды қаласы жайлы біледі;

-Сұрақтар, мақалдар арқылы танымдық деңгейі кеңейтуді;

-Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, балалардың қызығушылықтарын арттыру;

Қандай түсініктерді игерді:

– Қарағанды қаласының байлықтарымен танысады.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

-балалар ойын арқылы білімдері  дамиды,

-өзінің туған жерін сүйе білуге және бағалай білу керек екенін меңгереді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *