«Ғарыштағы математика патшалығына саяхат»


Абдильдина Мереке Кенесбековна

Қарағанды қаласы  “№68 Мектеп – интернат – балабақша  кешені” тәрбиешісі

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: ҚМҰҚ

Тақырып: «Ғарыштағы математика патшалығына саяхат»

Мақсаты: Ғарыш әлемімен таныстыру, оқу қызметіне деген қызығушылығын арттыру.

Білімділік міндеті:

Балаларды ұғымдардың мағынасын түсініп бір-бірінен ажырата білуге үйрету, бекіту.

Дамытушылық міндеті:

Елестету арқылы қиялын дамыту, есептер шығара отырып логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік міндеті:

Адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру, тәрбиелеу және өзін-өзі дамытушы, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру, имандылық бастауын дамыту.

Керекті құралдар:

Шарлар, суреттер,интерактивті тақта, геометриялық пішіндерден құрастырылған адамдар пішіні, планета суреттері, конверт-хат, жұлдызшалар, таяқшалар, сандар, компьютер, панно, әр балаға ыдысқа салынған құм.

Қос тілділік компоненті: ғарыш-космос, ғарышкер-космонавт

 

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті түзетушілік

 

 

 

 

 

 

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң қонақтар!

Пошташының «Лунтик» мультфилімінің кейіпкері Лунтиктен хат әкелуімен тосын сәт ұйымдастырылады.

 

Тәрбиеші балалардыЛунтиктің шақыруын қабылдап саяхатқа шығуға шақырады.

–         Ендеше ол үшін не керек?

–         Ғарыш кемесін геометриялық пішіндерден құрастыру.

Ол жақта, ғарышта ауа жоқ, сондықтан адам салмақсыздықтан ауада қалқып ұшып жүреді. Ғарышкерлер сол үшін арнайы костюм киеді.

Балаларға ойша костюм киюді ұсынады. 10-1 кері санап болған соң ғарышқа ұшады. (Музыка әуенімен. Экраннан ғарыш аймағы және Жер планетасы көрінеді.)

–         Балалар, Жер планетасының пішіні қандай?

–         Түсі қандай?

–         Неге түсі көк?

–         Күн жүйесінде неше планета бар?

–         Қандай?

Балалар бізді қонаққа ертегі кейіпкері шақырғандықтан біз ғарыштағы ертегі әлемі- математика патшалығына келген сияқтымыз.

(Әуеде, шарларда әр түрлі геометриялық пішіндер мен тапсырма жазылған жұлдызшалар тұрады.)

Тәрбиеші әр пішінге келіп тапсырмалар алады.

1 тапсырма. Төртбұрыш – Меркурий

«Аңдар көп пе, шарлар көп пе?»

(Экраннан сурет шығады)

2 тапсырма. Тік төртбұрыш – Марс

Логикалық есептер.

а) Алманың екінші жартысы неге ұқсайды?

ә) Орманда терек ағашы өсіп тұр. Онда үш алма өсіп тұр.  Оның біреуін жұлып алсақ, нешеуі қалады?

б) Әже себетке 100 жұмыртқа салып, үйге бара жатыр еді, себеттің түбі түсіп қалады. Себетте неше жұмыртқа қалады?

в) Гаражда 5 машина тұр еді. Бірінші және бесінші машина кетіп қалды. Гаражда неше машина қалды?

3 тапсырма. Үшбұрыш – Юпитер

Әдемі үшбұрышқа моншақ тіземіз (геометриялық пішіндерден)

(Экраннан үлгі көрсетіліп, қайта өшіріледі.)

4 тапсырма. Дөңгелек – Сатурн

Экрандағы суретке қарап құм үстіне кеңістікті бағдарлау.

Сергіту сәті

Лабиринттен өту. (Ғарыш адамына кездесіп, ол өзімен бірге билеуге шақырады.)

5 тапсырма. Сопақша –Нептун

Таяқшалардан пішіндер құрастыру.

7 таяқшадан – екі шаршы құрастыру.

5 таяқшадан – екі үшбұрыш құрастыру.

6 тапсырма. Бесбұрыш – Плутон

Ғарыш тұрғындарының Жердің экологиясын қалай қалыптастыруы туралы тапсырма береді.

(Экраннан көрсетіледі)

Санамақ айту:

1,2,3 – ал кәнекей ұш.

4,5,6,7 – мынау Жердің беті.

8,9,10 – ал кәнекей қон. Жерге оралу.

Қорытынды:

Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Біздің Жер планетамыз қандай әдемі. Сендер жеріміздің қандай болғанын қалайсыңдар? Жақсы тілектеріңді айтыңдаршы.

 

Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы сезімдерін білдіреді. Тосын сәтке қуанып, қызығушылығын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

–         Ғарыш кемесі.

 

 

 

 

 

Балалар ғарыш кемесін құрастырады

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойша костюм киеді. 10-1 кері санап болған соң ғарышқа ұшады.

 

 

Шар тәріздес

 

 

Көк

Сулар көп

Сұрақтарға жауап беріп, планета атауларын атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сандарды қолданып есептер шығарады.

 

 

 

 

Ойланып, сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Геометриялық пішіндерден моншақтар тізеді.

 

 

 

 

Алдарында тұрған ыдыстағы құм үстіне саусақпен суреттер салады.

 

Ғарыш адамымен бірге ғарыш биін билейді.

 

 

 

Таяқшадан пішіндер құрастырады.

 

 

 

 

Тапсырманы мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

Балалар Жерге қайтуға жиналып, санамақ айтады.

 

 

Саяхаттың ұнағанын айтып, Жер планетасына жақсы тілектерін білдіреді.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Математикалық ұғымдарды ажыратып, суретке қарап есептер шығара алады.

Қандай түсініктерді игерді: Ғарыш әлемімен таныса отырып, табиғаттағы жеке экологиялық заңдылықтарды біледі.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Геометриялық пішіндерді біледі, заттарды салыстыра алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *