Ашық сабақ «Сыр сандық»


Амангельдиева Айнур Мамырбаевна «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ
қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

 1.Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толықтыра отырып , «Сыр сандық» өлеңін оқып,тақырыбы мен идеясын көркемдігін ашу,лирикалық кейіпкер, бейнелеу құралы символ туралы түсініктерін кеңейту.

2.Сөз еркіндігіне баулу,шығармашылық  ізденіске  бағыттау.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал жасау.
Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: матрица,интерактивті тақта, слайд,сынып тақтасы
Тақтаға: 63% Үйкеліс күші
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру. 2мин Сергіту ( көшбасшы сөзі) матрицаға бос орындарды белгілеу. Ойымызды жинақтау үшін ШАПАЛАҚ

І кезең өткен тапырып бойынша сұрақтар қоямын

1.Ж.Жабаев қай жылы дүниеге келді? 1846 жылы 28 ақпан

2.Ж.Жабаев қай жерде дүниеге келді? Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде

3. Ж.Жабаев неше жасында ақындық өнерге келді? 15 жасында ақындық өнерге келді

4.Ол өзіне кімді пір тұтқан? Жетісайдың ақыны Сүйінбай Аронұлын

5.Жамбыл есімін әлемге танытқан толғау? «Туған елім»

6.Осы толғау қандай газетте жарияланды? « Правда»  газетіне жарияланды.

7.Жау қолында қалған халыққа рух беретін өлеңі қалай аталады?  «Ленинградтық өреңдерім»

8.Қандай дастандары бар? «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр».

9.Ақындық өнерге келгеніне 75 жылдығын қай жылы тойлады? 1938 жылы

10.Ж. Жабаев неше жыл өмір сүрді? 99 жыл яғни 100

11.Қандай өлеңдерімен біз таныстық? « Алғадай туралы әрбір ой»

12.Аттандыру өлеңі кімге арналған? Баласына арнаған

13.Баласын қайда аттандырды? Ұлы Отан соғысына аттандырды

14.Қоштасу дегеніміз не? Туған жермен,жақын доспен,жүйрік атпен қоштасу

15.Алғадай кім? Ж.Жабаевтің ұлы

16. «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінде не туралы айтылған?

17.ІІІ бөлімінде ақын не істеді ? жұбатты

18. «Атаның әлдиі» өлеңі кімге арналған? Немересіне

19.Ж.Ж қай жылы дүниеден өтті? 1945 жылы

20. Францияның  ұлы перзенті Роман Роллан оны не деп атады? «Жаңа адамзаттың жаршысы»

Өткен сабақты оқушылардың меңгергендігін зерттеу + , — таңбаларын санау. Тақтаға жазу.
2.Дәптерге бүгінгі күнді және жаңа тақырыпты жаздыру.
ІІ жаңа тақырып бойынша слайд арқылы тірек сөздерді ашу: 1 мин 15 сек Ойымызды жинақтау үшін ШАПАЛАҚ
1.Нағыз дос,

2.Құзды шатқал

3.Аққан су

4.Шың басы

5.Алтын жазу

6.Қымбат жасау

7.Сыр перне.

 

Балалар «Қолдағы қалам -қателік» Есте сақтауға 1 мин 15 сек уақыт беріледі.
Уақыт өтті . Ойымызды жинақтау үшін ШАПАЛАҚ .

Жазуға 1 мин 15 секунд беріледі.
Уақыт бітті. Қолдағы қалам қателік. Дәптерімізді алмастырамыз.

Кімде 6-7 сөз матрицаға белгілейміз.

ІІ кезең бойынша неше бала + алғандығын айту. Тақтаға белгілеу.
ІІІ кезең Оқушыларға жаңа тақырыпты оқуға 8 минут уақыт беріледі. ШАПАЛАҚ Уақыт кетті. Уақыт аяқталғаннан соң , жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
Жаңа тақырып бойынша қойылатын қарама-қарсы сұрақтар 8 мин
1.Сәкеннің шын аты кім? Сәдуақас

2.С.Сейфуллин қай жылдары өмір сүрді? 1894-1938жылы  15 қазанда

3.Сәкен өз отбасы туралы не дейді? «Әкем саятшы,аң аулағыш,домбырашы,ақжарқын адам,шешем әңгімешіл еді»,-дейді

4.Тұнғыш өлеңдер жинағы қалай аталады? «Өткен күндер»

5. «Асығып тез аттандық» атты өлеңі қай жылы жазылды? 1917 жылы 9 наурыз

6.Ақынның әйгілі поэмасы қалай аталады? «Көкшетау»

7.1917 жылы қандай тұңғыш әңгімесін жазды? «Жұбату»

8.1927 жылы жарық көрген романы қалай аталады? «Тар жол, тайғақ кешу»

9. «Қазақ әдебиеті» кітабын қай жылы жазды? 1932 жылы

10.С.Сейфуллинның анасының аты? Жамал

11. Досқа арналған өлеңі қалай аталады? «Сыр сандық»

12. Сыр сандық дегеніміз не?

13. «Сыр сандық» өлеңі не деп аталған? «Досқа жазған хат»

14. «Сыр сандық» өлеңі қай жылы жазылған? 1926 жылы

15. Досыңмын деп ант береді ,Жем іздеген жанама

Жем таусылса жалт береді,Сенерлік дос санама

16.Ұйқас түрі?  Шалыс ұйқас

17.Неше бунақ бар? 2

18. Неше буын бар? 7-8

19.Осы өлеңнен қайталаудың қай түрін байқадыңдар? Еспе қайталау

20. Адал дос,амал дос деген мақалды қалай түсіндіріп бересің?

 

ІІІ-кезең бітті. + таңбасын санаймыз. Тақтаға белгілейміз.
ІV –кезең. Жаңа тақырып бойынша сыни тұрғыдан сұрақтар: 7 мин

1. С.Сейфуллинның  шын есімі Ибраһим, жоқ

2.Алғашқы өлеңдер жинагы «Өткен күндер» деп аталады, иә

3.С. Сейфуллин Жамбыл тауының етегінде 1894 жылы дүниеге келді, жоқ,иә

4.«Біздің жақта» өлеңі досына арналған, жоқ

5.Ол ауырып қаза тапты, жоқ (халық жауы деп айтты)

6.С. Сейфуллинның  анасының аты Жамал, әкесінің аты Сәдуақас, иә, жоқ

7.C. Сейфуллин Ұлын майданға аттандырды, жоқ

8.С. Сейфуллин  ұстаздық қызмет атқарған жоқ, жоқ атқарды

9.Ақмола қаласынан «Жас қазақ ұйымын ашты, иә

10.С. Сейфуллин  Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды, иә

11. «Сыр сандық» деген анасына арналған өлеңі бар,жоқ

12.Жалған достар қолыңда жемің болса,сені шырқ айналып, қасыңнан кетпейді деген жолдар кездеседі өлеңде,иә

13.Досының танымаймын деп жауап бергеніне қатты ызаланады,иа

14. «Сыр сандық» өлеңінде отан және достық туруалы жазған,жоқ,иә

15 «Сыр сандық» қара  өлең ұйқасы,жоқ.

Матрицадағы + таңбаларын санап, тақтаға белгілеу.
V- кезеңдер Сөз қоры 5 мин
-Балалар, кітапты жабамыз. Жаңа тақырып бойынша ЭССЕ жазу.

Сөз қысқартылмаған түрде. Түсінікті етіп жазылады. Әр сөз сөйлем мүшесі болуы керек.
Сөз қоры -63 5 минут уақыт беріледі.

Уақыт өтті. Қолдағы қалам қателік. Әркім өз сөздерін санасын.

Тақтадағы матрицаға белгілеу.
Ең көп жазған оқушыға оқыту.
Бағалау. Күнделікке өз бағаларын өздері қояды.1 мин
Үйге тапсырма. «Біздің жақта»,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *