«Халық сүйген мейрам – бұл!» Наурыз мейрамына арналған іс-шара конспектісі


Мухтарова Раушан Заировна қосымша білім беру педагогы

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

«Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені» ҚМКК

Балбұлақ интелектуалды шығармашылық дамыту студиясы

Қатысушылар: Қызыр баба, Жиренше, әже, Қожанасыр, Алдар, Тазша,  Наурыз қыз.

Қуанышты музыка: Тамылжыган табигат, таң  рауандап атып келеді. Алыстан әсем әуен естіледі. Сахнаға сыйлықтарын арқалап  Қызыр баба  шығады.

 

Қызыр баба:  (домбыраман әндетіп)

Ау, аман ба, жараңдар!

Алтын таңға қараңдар:

 

Ерте жайнап атты таң.

Естіліп тұр шаттық ән.

Жұрағатым қуанып,

Рақатын тапты жан.

 

Келе жатыр жылымыз:

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз.

 

Күннің жаңа нұры бар:

Мұның ғажап сыры бар,

Халық сүйген мейрам –бұл:

Қарсы алайық, тұрыңдар!

 

Бәрі  орынарынан тұрып, ду қол шапалақтап, келе жатқан  Жаңа күн- Наурызды  қарсы алады….

 

Наурыз қыз: (құлпыра жайнап)

Сәлем, ата-аналар!

Айналаайын балалар!

Қызыр баба, аман ба?

Жаса жайлы заманда.

Уақыт үдеп, келдім мен

Бақыт тілеп адамға!

Қудым жерден суықты;

Қырдан салқын бу ықты:

Гүл жайнаған көктемде

Гүлден сыйлық көп менде.

Әне гүлдер келеді,

Ән сап, билеп береді.

 

Шаттық биі. Салтанатпен билеп гүлдер келеді. Олар айнала билеп, гүл  шоқтарын қойып  сахнадан өтеді.

Қызыр баба:  Қош келіпсің, Наурыз!

Арман  тойы  ананың,

Қуанышы ғаламның,

Құтты болсын қадамың!

Сені тойлап, қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

«Бейбітшілік тойы!» деп,

Қол соғады барша жұрт.

 

Көрермендер қол соғады. Наурыз оларға  бас иіп, ізет білдіреді, көңілді күй.

 

Наурыз қыз:    Ашық болса Күніміз,

Ашылады нұрымыз:

Бай, тұлғалы өңірде

Айтылады жырымыз.

Күн мен түн теңелді

Гүлмен жерді жайнатып,

Гүлдендірем мен енді,

Жайнатамын гүл-гүлді,

Сайратамын бұлбұлды.

Мерейлі жұрт тойласын,

Мейрам етіп бұл күнді.

 

Қызыр баба:   Ау жараңдар, келіңдер!

Той қызығын көріңдер!

 

Дауыс:   Жаса,жаса  жаңа күн!

Наурыз оң болсын!

Ақ мол болсын!

 

Наурыз безендірілген  гүлді таққа отырады, Жиренше  шешен келеді.

 

Жиренше:   Той әкелген ғаламға,

Наурыз айым аман ба?

Бас иеміз, бабамыз-

Бас  иемін саған да.

(Жұртқа қарап)

Барша жұртым ,аман ба?

Құтты болсын Наурыз!

Сүтті болсын малымыз!

Бәрі: Төрлетіңіз, Жиренше!

Қызыр баба: Келдің шаршап алыстан;

Төрлет, шешен- данышпан!

Жиренше арнаулы орынға отырады. Қожанасыр келеді.

 

Қожанасыр: Арайы бар даланың

Амансыңба жаңа күн!

Сәлем , Халқым, тірегім!

Сендермен бір жүрегім!

Орындалды ойларың:

Құтты болсын тойларың!

Бәрі:  Мың жаса, Қожанасыр!

 

Наурыз қыз:  Әзіз жұртқа үзік сыр-

Әңгімеміз- қызық жыр.

Қожанасыр Наурыздың қасындағы биік орынға отырады. Домбырамен әндетіп, Алдар көсе келеді.

 

Алдар:          Уа- аау!

Салем, Наурыз-Күніміз!

Мейман парқын біліңіз…..

Қыруар істі бастаймыз,

Қуанышты үніміз!

Қайтқан емес талайым;

Той болсын деп толайым,

Алдарыңа кеп тұрмын,

Айналайын ағайын.

Қызыр баба: Аман болған, жарқыным!

Көңілін көтер халқының!

Думанды болсын әр күнің!

Алдар  Қожанасырды алдап, орнынан түсіреді де, ол орынға өзі отырып алады.

Домбырамен әндетіп Тазша бала келеді.

 

Тазша бала: Күн мен айға әлемнің

Берем ыстық сәлемін.

Қарттарыма сүйініп,

Салем берем иіліп,

Орындалады ойларың

Құтты болсын тойларың.

Тазша есік алдына отыра кетеді.  «Қош келдің, наурыз!» әні шырқалады.

 

Балалар хормен:  Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса, Наурыз, дәстүрлі!

Жүргізуші:

– Біздің халқымыз үлкенді сыйлап, оларды тыңдай білген. Біз кезекті үш әжеге берейік.

(Ортаға әжелерше киінген үш оқушы шығады)

Оу, айналайын балалар,

Тоя ішсін деп, тамсанып,

Жеті түрлі дәм салып.

Наурыз көже пісірдік.

Оттан қазан түсірдік.

Бал көжеден татыңдар,

Бар қызыққа батыңдар!

Жүргізуші : -Әжелердің дастарханына барайық. Наурыз көжеден дәм татайық!

Балалар  дөңгелек үстел жанына жайғасады. Әжелер наурыз көже құйып береді.

 

Қызыр баба көпшілікке батасын береді:

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барса, жол болсын,

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Бәле, жала жерге енсін.

Наурыз қыз:

Кел, балалар келіңдер.

Тамашаны көріңдер.

Бізде қызық ойын бар,

Барлығын ден қойыңдар.

Тақпақ айтып, жырлаңдар

Жұмбақты да ойлаңдар,

Таппай оны қоймаңдар,

Думандатып тойлаңдар!

 

Балалар дөңгелетіп шеңбер  етіп орындыққа  отырады.

Тазша бала «Сақина салу»,  «ақсүйек» ойындарын ойнатады».

Жиренше : «Айтыс –той сәні» дегендей  келесі Арулар мен Сұлтандардың айтысын тамашалайық.

Айтыс: Сұлтандар мен Арулар

Алдар Көсе: Семіз-семіз қойларды,

Су астына байладым.

Құрлықтағы балықты.

Бір шыбықпен айдадым.

Жүргізуші:- Қане,  Алдар көсенің қоржынында не бар екен?

(Қоржында  бірден онға дейін  жазылған асықтар болады.Дөңгелене  отырған  кез-келген бір оқушыны тұрғызып бір асық алдыртады, жауабын айтқызады. Асық нөміріне орай дайындалған сұрақтар төмендегідей болады:)

№1. Наурыз көже туралы на білесің?

№2. Асықпен ойналатын ойындар.

№3. Қазақтың ұлттық ойын өлеңдерін ата.

№4. Ай аттарын өз ретімен қазақша ата

№5. Жаңылтпаш айт

№6. Жұмбақ айт

№.7.Сары май қалай жасалады?

№8. Түйе сүтін қалай атайды?

№9.Жылқы сүтін қалай атайды?

№10. Жыл қайыру.

Соңында  өнерпаз оқушылар Наурыз туралы тақпақтарын айтып,  өнер көрсетеді.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *