ХХІ ғасыр


Айтбаева Айымгүл

Бестөбе негізгі мектебі

9 “Ә” сынып оқушысы

Жетекшісі: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі

Мешел Гүлдана Сарманқызы 

Жігіттері сүйенген тіл мен жаққа,

Батылдығы қайда екен бұл шақта?

Қыздары қысқа киіп бүлінген,

Ата-ана тәрбиесін көрмеген.

Әке жүрсе, ішкіш болып, бір жерде,

Ана жүрсе, бала тастап, әр жерде.

Қайдан келген қазақтарға бұл пәле?

Түзелуге тырысайық, ең болмаса бір мәрте.

Жаңалықтан көрсетеді қазақты,

Жатырмыз-ау айыра алмай мақтау менен мазақты.

Жаман жағын көп болды- ау ,қазағым,

Жетпеді ме осы күнге дейін тартқан азабын?

Түзелейік, кеш емес әлі алашым,

Заманменен неге жарысып сен барасын?

Қанша түрленсек те, өзгерсек те біргеміз,

Ешқашанда бұзылмасын іргеміз!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *