С. Шаймерденовтің «Ит ашуы» повесінен үзінді


Каусова Дана Биболатовна

мұғалім

БҚО, Бөкейордасы ауданы, Жиекқұм  ауылы, «Т.Масин атындағы ЖОББМ» КММ

Сабақтың тақырыбы: С. Шаймерденовтің «Ит ашуы» повесінен үзінді

Сабақтың мақсаты: повесть мазмұны арқылы Марғау бейнесіне талдау жасау, іс әрекеті арқылы оған баға беру; топтық, жұптық жұмыс негізінде өз ойларын қорғай білуге үйрену, сыни пікір айтуға дағдылану.

Күтілетін нәтиже:

Марғаудың иесіне адалдығын таниды;

Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.

Сабақтың көрнекілігі: стикер, маркер, постер қағазы, ноутбук

І .Ұйымдастыру

  1. Тұлғааралық байланысты орнату.

2.Сыныппен амандасу.

Қызығушылығын ояту

Әр топтың алдына “Ит”, “Ашу”, “Адал достық” деген сөздерді беремін де, ой шақыру сұрақтары арқылы жетелеймін.

Осы сөздерді естігенде сендерге қандай ой келді?

Осы үш сөзді бір-бірімен байланыстырғанда қандай оқиға тууы мүмкін? Бірнеше минут ойланыңыздар.

Мақал-мәтелдерді қоржыннан алу арқылы топқа және жұпқа бөлу

1топ. «Жақсы ит – иесінің көз-құлағы»

2топ. «Итті тепкен, ырысты тебеді»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Конверт сұрақтар арқылы  жазушының өмір жолы мен шығарма мазмұнына байланысты сұрақтар қою.

І топ.

  1. Сафуан Шаймерденов қай жерде қай жылы дүниеге келген.
  2. Ол қандай қызметтер атқарған?
  3. Қандай шығармаларын білесіңдер?

ІІ топ.

  1. Басты кейіпкердің есімі кім, оның кәсібі не?

5Лезбай неліктен ұлына  ит әкелуге тапсырды?

  1. Лезбай неліктен күшіктің есімін Марғау қояды?

Мағынаны тану

Шаймерденовтың «Ит ашуы» повесінен үзінді оқисыңдар. Сендер әңгімені бірнеше үзіліспен оқисыңдар. Мен тоқтатқанға дейін оқисыңдар, сонан соң оқыған бөлім бойынша талқылау жасаймыз және сұрақтарға жауап береміз. 1-үзінді. Қойлы ауыл, Марғаудың іс-әрекеттері.

Сұрақтар:

  1. Қай жұптың әңгімесі оқыған үзіндіге сай келеді?
  2. Шопанның ауылы қандай әрекеттер жасап жатыр?

3.Марғаудың ойында не бар екен?

  1. Оқиға ары қарай қалай өрбуі мүмкін? (бағалау, смайликтер арқылы)

2-үзінді.Повестің идеясы туралы

Сұрақтар:

  1. Ақын осы ойымен не айтқысы келіп отыр?
  2. Оқиға қай жерде болыпты?

3-үзінді. Лезбай мен Марғаудың достығы жайлы.

Сұрақтар:

  1. Марғаудың еңбегі
  2. Адал достық үй жануарының бойынан табылады деп ойлайсыңдар ма?
  3. Егер сен ақынның орнында болғанда қандай тақырып қояр едің?

«Мынау кім?» ойыны.

– Олай болса, тыңдай бер: дүниеде екі жойқын ит бар. Бірі – дог, екінішісі – монгол овчаркасы. / Иван Иванович/.

– Табан астында ит құтырды, ит. Мені де, міне, қан жоса етіп тастады. Неғып тұрсың? Өлтірді ғой аналарды. /Ұмсындық/

– Тұра тұр, бәлем. Енді көрінеу итке талатпақ екенсің ғой?! Итке талатқанды көрсетейін мен саған! / Қарғабек/

– Қасқыр алады деген сөз бе, тәйірі. Менің итім жолбарыс та алады. / Лезбай/

– Аяғыңды қасқыр шайнаса, сенің тамақ жегеніңді көрер едім! Марғау қайта жыламай үнсіз жатыр. Сен болсаң бақырар едің. / Адыр/

Ой толғаныс.

1-топ

Эссе жазу “Ит – жеті қазынаның бірі…” Оқушыларға эссе жазу тапсырылады /5мин/.   бір оқушы автор орындығында оқиды.

2-топ

Венн диаграммасы Шығармадағы Марғау  бейнесін М.Әуезовтың Көксерек» повесіндегі  Аққасқамен салыстыру.

 

Ізгі тілек ағашы плакатта

Кері байланыс

Бүгінгі күннен алған әсерлерін, тілек лебіздерін жапырақшаларға жазып, «Жеміс ағашына» жапсырады.

Үйге тапсырма

«Ит ашуы» повесіндегі кейіпкерлеріне талдау жасап, мінездеме беру.

Итке байланысты ырым-тыйымдар, мақал-мәтелдер,жоралғылар

Бағалау  (Бағалау парағындағы тапсырманың орындауына байланысты бағаланады)

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *