Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде балалармен қазақ тілін оқытудағы жаңа технологиялық әдіс түрлері


Шайхи Бұлбұл
Тәрбиеші
№ 37 «Аленушка» балабақшасы МКҚК

«Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген,

бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан,

имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу,

өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының,

балабақшаның, барша елдің, халықтың міндеті».

Н.Ә.Назарбаев

Үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі білім беру мәселеіне бүгінгі таңда жан-жақты көңіл бөлінуде, осыған орай алға қойған міндеттерді орындауда жалпы балабақша ұжымы балаларға жан-жақты тәрбие беріп, салауатты өмір салтына, заман талабына сай, денсаулығы мықты, парасатты да инабатты ұрпақ тәрбиелеуде талмай еңбек етіп келеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім берудің жаңа стандартын басшылыққа ала отырып «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуцмет» білім беру салалаларына байланысты мектепке дейінгі мекемелерде балалардың жас ерекешеліктеріне қарай оқу іс-әрекетін шығармашылық ізденіс негізінде жүзеге асырудамыз.

Бала неғұрлым кішкентай болса, соғұрлым оның екінші тілді игере алу мүмкіншілігі арта түседі.

Балабақша қабырғасында «Билингвизм» терминін жиі қолданып жүрміз. Қос тілді игеру әдістемесін бірігіп жұмыс жүргізу барысында, нақты жетістікке жетеміз деп ойлаймын.

Бүлдіршіндерге қазақ тілін үйрету барысындағы ең басты тұжырым:

–         пәндік дидактикалық тіл орталығын ұйымдастыру;

–         жаңа әдіс-тәсілдер қолдану;

–         ата-аналармен қарым-қатынас жұмысы.

 

Қазақ тілін үйрету барысындағы балаға қойылатын мақсат-талаптар:

Мақсаты: Мемлекеттік тілді оқып үйренуге дайын, ересектер мен және өз құрбылармен мейірімді қарым-қатынаста болуға талпынған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:

1.     Балаларды мемлекеттік тілде сөйлесуді қабылдауға және түсінуге үйрету

2.     Сөздерді бәсең сөздіктен белсенді сөздікке аудару. Сөйлесуден өзіне таныс сөздерді түсініп, бөліп алуға үйрету.

3.     Сөз құрлыстарын пайдалануға үйрету, қарапайым тапсырмалар мен ережелерді орындауды үйрету.

4.     Сұрақтарды түсінуге үйрету: «Мынау не?», «Қандай?», «Неше?»

5.     Мемлекеттік тілдің өзіндік дыбыстарының айтылуы ерекшеліктерін білу.

6.     Тәрбиешімен диалог және маналог кезінде жеке сөздермен өз пікірлерін қолдануға үйрету.

Білім беру стандартының мемлекеттік тілді үйрету барысын бала өмірінің әр кезеңінде «Мен қазақша үйренемін!» деген ұранмен ойын әдісімен қызықтыра білу – үйрету – сөйлету:

–         режимдік уақыттар (таңғы жаттығу, мәдени-гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу, мәдени тәртіп, мәдени қарым-қатынасқа, еңбек сүйгіштікке баулу);

–         оқыту-тәрбиелеу процессі (сабақтар, ертеңгіліктер, ойын-сауықтар, өз беттерімен іс-әрекеттері);

–         ойын әрекеті барысында (дидактикалық, сюжетті-рөлдік, қимылды, театрландырылған ойындар, т.б.)

 

Жоғарыда айтып кеткендей біздің балабақшада қазақ тілі таңғы қабылдау, ата-анамен қарым-қатынас жасау, ойын барысында балалармен жеке сөйлесіп қазақ тілінің әдемілігін, керектігін үйрете алады.

Балабақша әкімшілігінің басшылығымен «Қазақ тілін үйрету ережесі» қатаң түрде қадағаланады. Қызықты сабақ өткізуге барлық жағдайдар жасалған (техникалық құралдар, көрнекі құралдар, бейне таспалар, үн таспалар, суретті сөйлейтін кітапшалар т.б.)

Қазақ тілін үйрету ісінде ТРИЗ элементтерін пайдаланудың маңызы зор. ТРИЗ – теория решения изобретательских задач – ойлап табу теориясының міндеттері. ТРИЗ әдістемесі бойынша сызбалар арқылы балалар үйренген жеке сөздерден сөйлем, сөйлемнен әңгіме құрастыра алады. Бұл әдістемесі бойынша баланың сөздік қоры сан жағынан ғана емес, сапалық жағынан молайып, сөйлеу тілі дамйды.

Жақсыны жалғастыру, жаңаны дамыту – әр мұғалімнің борышы. Сондықтан қазақ тілі мұғалімдері сабақ жоспарларын жазу үшін тәрбиешілерге берілген технологиялық картасына сүйене отырып өздеріне осыған сәйкес қазақ тілі сабағының технологиялық картасын құрастырады.

Балалардың тіл байлығын дамыту үшін сабақтан тыс «Тіл ашар», «Сөз мәнері» деген үйірмелер жұмыс істейді. Үйірменің арнайы жоспары бар. Жоспар бойынша мерекелік шараларға өлеңдер, мақал-мәтелдер, әндер жаттаймыз, ертегілер, шығын көрністер сағаналаймыз.

Балалардың білім деңгейін анықтау үшін қазақ тілі мұғалімдері әр тоқсан сайын есеп береді. (Бұл жұмысты маниторингтен көре аласыздар).

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңа Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру мазмұны түбегейлі өзгертіліп, құзыреттілік әдістер беріліп отыр, еліміздің жаңа ұрпрақтарын жаңаша оқыту мен бірге ұлттық рухани тәрбие мәселесін жүзеге асыру қазақ тілінен сабақ беріп жүрген мұғалімдер қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді.

Әр түрлі ұйымдастыру сабақтарының арасында балалардың аса қызығушылығын тудыратын – ойын және ойын түрінде берілген түрлі ситуациялар. Олай дейтініміз, ойын баланың сөйлеу қабілетін табиғи нормаларға сай дұрыс дамуына бірден-бір себепкер. Демек, ойын арасында балдырғанның сөйлеуі, бір-бірімен араласуы жақсы және жедел түрде дамиды. Ойын – эмоция мен ақылды көп қажет ететін әрекет. Ойын барысында балалар қандай да бір шешім қабылдауға үйренеді. Бұл жерде балдырғандар қайтсем, жеңем? Не қылсам? Не айтсам? – деген сұрақтардың алдында тұрып, оларға дұрыс жауап беруге тырысады. Балаларда жеңіске деген қызығушылықты көре аласыз. Ойында барлық балалар тең. Сөйлеу қабілеті нашар дамып келе жатқан балдырғанның өзі де ойын барысында бірінші болуы әбден ықтимал: бұл жерде тез ой     лай білу немесе табан астында тапқырплық таныту ең бастысы. Бар баланың бір деңгейде болуы, қуаныш, ойынға деген қызығушылық балалардың бойындағы ұялшақтықты жояды. Бірден бір тіл байлығының дамуына да үлкен себепші. Ойын барысында білінбей сабаққа қатысты материалдар өтіліп жатады және оны балалар бірден тез қабылдап алады. Бұл жерде балалардың өз-өздеріне деген қанағаттану сезімі, яғни «мен де өзгелермен бірдей деңгейде сөйлей алады екенмін» деген бір мақтаныш сезімі, өз-өзімдеген сенушілік пайда болады. Жалпы, ойын өз алдына кішігірім ситуация. Тіпті драмалық шығармадай оның да өз қиындығымен қуанышын, өзара бірлестікті байқауға болады. Ойын барысында белгілі бір ситуация бірнеше рет қайталанады. Қайталанған сайын, ситуациялар жаңара түседі. Былай қарасаңыз, ойындағы ситуация – өмірдегі ситуация. Яғни, өмір шынайлылығы. Жеңіске деген ұмтылыс, алдымен ойлауц қабілетін дамытады. Айта кететін бір жәйі, ойын-маңыфзды әдістемелік басты мақсаттардың орындалуына бірден бір себепкер. Ол дегеніміз:

–         Балалардың сөйцлеу қарым-қатынас психологиялық дайындық тудыру;

–         Сөйлеу қабілетін дамытудағы керекті матиралдарды қайта-қайта қайталанып, сабақты жандандыра түсу;

–         Балалардың дұрыс сөйлеуі, және өздеріне жақын сөйлеу вариантын дамыту. Әсіресе, бұл балалардың тапқырлығын одан әрі дамыта отырып, олардың әр түрлі ситуацияларда өздері ұстауларына үлкен көмекші болуы мүмкін.

Жалпы, ойындарды төмендегідей өз ішінен: грамматикалық, лексикалық және фонетикалық деп 3-ке бөлуге болады. Олардың қай қайсысы болмасын, балалардың сөйлеу қабілетін жақсы дамытатыны сөзсіз.

 

Грамматикалық ойындардың көздеген басты мақсаттары мынадай:

–         Балаларға белгілі бір мысалдарды келтіре отыра, олардың сөйлеуін жақсы жолға қою.

–         Өмірден алынған бір ситуацияға сүйене отыра, яғни мысал ретінде де болуы мүмкін, жаңа сөздерді ситуацияда қолданамыз.

 

Лексикалықойындардың көздеген басты мақсаттары:

–         Бұл жерде де өмірден алынған ситуацияларға сүйенеміз.

–         Сөйлей отыра – ойлау қабілетін дамыту.

–         Сөйлеу реакцияларын қалыптастыру.

 

Фонетикалық ойындарын көздген басты мақсаттары:

–         Балалардың сөйлеу барысында сөздерді дұрыс айтуын қадағалау. Яғни, дыбыстарды дұрыс айтуы.

–         Балалардың дыбыстарды анық және айтқан айтуын бақыла. Одан қалды, өлең және тақпақтарды мәнерлеп оқуға үйрету. Белгілеген бір тақпақты балалардың кезектесіп айтуына дағдыландыру. Демек, тақпақты рөл-рөлге бөлу керек.

–         Сабақ барысында ойындар мен ойын ситуацияларын қолдану. Балалардың тілге деген қызығушылығын ойын арқылы арттыра отыра, бала бойында сөйлеу мен ойлау қабілетінің жақсы дамуының байқалатынын көрсетіп отыр.

Фонетикалық ойындар:

1.     Мұғалім баланы тақтаға шығарып, оған екі сөз айтады. Бала осы сөздердің соңғы әріптерін әліппеден көрсетіп, дыбыстап айтуы керек. Мысалы: ойыншық, түлкі т.б.

2.     Мұғалім тақтаның алдында үш баланы шығарып қазақ тіліне тән бір дыбысты көрсетеді. Осы дыбысқа байланысты қай бала көп сөз келтірсе, сол жеңеді. Мысалы: қ-қасқыр, қара, қоян, қой, қалам.

3.     Әр балаға қазақ тіліне тән дыбыстары бар карточкалар таратылады. Бала сол дыбысқа байланысты сөз ойлап табу керек.

Мысалы: қ-қуыршақ, і-іні, ә-әже, ү-үй.

Грамматикалық ойындар:

1.     Мұғалім бір балаға асық беріп, зат есімді жекеше түрінде айтады. Асық алған бала сол сөзді көпше түрінде айтып, басқа зат есімді атап, асықты келесі балаға береді. Ойын жалғасады. Мысалы: бала-балалар, дәптер-дәптерлер.

2.     Мұғалім тақтаға бір баланы шақырып бұл бала әр түрлі қимыл әрекет жасайды. Мұғалім балалардан сұрайды. – «Ол не істеп отыр?» Балалар айтады. «Ол тұр. Ол ұйықтап жатыр. Ол тамақ ішіп отыр»

3.     Ойынға алты бала қатысады. Мұғалім бірінші қатысушыдан сұрайды: «Балабақшада кім істейді?». Бала бір адым алға шығып, жауап береді: «Балабақшада тәрбиеші істейді». Екінші бала тағы бір адым алға шығып, келесі қызыметкерді атайды, тағы сол сияқты ойын жалғасады.

Лексикалық ойындар.

1.     Балалар геометриялық пішіндерден үй салулары керек және пішіндерден түстерін анықтау. Ол үшін балаларға әр түрлі геометриялық пішіндер таратылады.

2.     Мұғалім балаларға түрлі жануарлардың суретттері бар карточкалар таратады. Балалар шеңбер жасап отырады. Ортадағы жүргізуші екі жануардың атын айтады. Аталған жануарлар орындарын ауыстыру керек. Ауыстырып жатқан кезде ортадағы жүргізуші біреуінің орнын тартып алуға тырысады. Орынсыз қалған бала жүргізушінің орнына барады.

3.     Әр балаға сәбіздің, еттің, балықтың суреттері таратылады. Мұғалім балалардан сұрайды: «Қоян, қасқыр, аю, түлкің не жейді?» Мұғалімнің сұрағына байланысты бала қажетті суреттерді көрсету керек.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *