Жалпы патология пәнін кіші топтарда оқыту әдісі


 Теріскенбаева Бибінұр Берікқызы
 «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің оқытушысы 

        Жалпы патология пәні медицина саласы мамандарын дайындаудағы фундаментальді пәндердің бірі. Сондықтан жалпы патология  пәнінің тәжірибелік сабағын ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, жалпы патология пәні сабағында термин сөздер көптеген атауларымен танысады және оқу материалының көптігі студенттердің тақырыпты жоғары деңгейде меңгеруіне кедергі жасайды. Бұл жағдайға оқыту тәжірибесінде жай қарауға болмайды. Сондықтан, студенттердің тақырыптарды игерудегі нәтижелілігін жоғарылату үшін тәжірибелік сабақ барысында топтарды кіші топтарға бөліп оқыту тәжірибесін қолданылып, өзіндік заңдылықтары мен қалыптасты.

 

Кілттік сөздер: жалпы патология, кіші топтар, тәжірибелік сабақ.

 

Кіші топтарда оқыту – оқытуды ұйымдастыру түрлерінің бірі. Қазіргі таңда оқытуды ұйымдастырудың  фронтальді, топтық және жеке түрлерін ажыратады. Фронтальді түрі деп оқытушының тікелей қадағалауымен, топтың барлық мүшелерінің бір жалпы тапсырманы орындауын айтады. Оқытудың жеке түрі деп оқытушының тікелей қадағалауынсыз, топтың әрбір мүшесінің бір-бірінің көмегіне жүгінбей жеке немесе жалпы тапсырманы орындауын айтады. Оқытудың топтық түрі деп оқытушы мен оның шәкірттерінің бірлесіп, дифференциялық немесе кіші топшалармен (2 – 6 адам) біртектес тапсырмаларды орындауын айтамыз [1, 2].

 

«Кіші топ» –  бұл бір-бірімен үздіксіз қарым-қатынаста болатын, іс-жүзінде құрамы өзгермейтін білім алушылар тобы. Көптеген зерттеулер авторларының айтуынша, кіші топтарда оқыту арнайы тұлғааралық байланыстардың пайда болуына әкеледі және де топ құрамы мүшелерінің өзара арақатынасының жемісті түрі болып табылады. Кіші топтарда жұмыс істеу кезінде :

·         түсінік, біліктілік және дағдылар фронтальды оқытумен салыстырғанда жылдамырақ қалыптасады; оқу материалын түсіну мен есте сақтау дейгейі жоғарылайды;

·         төменгі курс білім алушылары өздерін еркін сезініп, бірлесе жұмыс жасағанына шабыттанып, оларда жанындағы топ мүшелеріне көмек беру сеземі пайда болады, бір-біріне деген агрессия деңгейі төмендейді, білім алушыдар өздері мен өз топтастарын жақсы түсіне бастайды;

·         білім алушылардың шығармашылық, жеке қабілеттері мен олардың танымдық қызметінің әртүрлі қырларын жүзеге асыру мүмкіндіктері ұлғаяды;

·         білім алушылар оқытушының жұмысына үлкен құрметпен қарайды;

·         білім алушының өзіне деген талап жоғарылап, өз мүмкіндіктерін шынайы бағалай алуы жоғарылайды;

·         болашақ мамандығы мен қоғамдағы өмірі үшін маңызды дағдылары қалыптасады: мүшелердің орналасуын, олардың бірлесе қызмет етуін білуі, жауапкершілікті сезінуі, басқа адамдардың ойы мен мүмкіндіктерін есепке алу.

 

Кіші топтар тәжірибелік сабақтардың әртүрлі кезеңдерінде, оқытушының психологиялық, дидактикалық және басқарушылық мақсаттарынан және бақылау нәтижелерінен қалыптасады. Кіші топ өз әрекетін берілген тапсырманы орындауға қажетті уақыт ішінде жалғастырады. Топ  өздерінің жұмыс нәтижелерін тапсырманы бірлесіп орындап біткен кезде көрсетеді. Педагогикалық тұрғыдан қарағанда, маңыздысы нәтиже емес, білім алушылардың бірге жұмыс істеу процесі.

 

В.К. Дьяченко топтық жұмыс белгілерін келесі түрде анықтаған [3, с. 102]:

·         топтың барлық мүшелерінің мақсатының бір болуы;

·         жұмыс міндеттерін, қызметтерін бөліп беру, топ мүшелерін тапсырма сұрақтарына толық қамту;

·         ұйымдастырылған бірлестік, ұжым ішінде сенім мен бір-біріне көмектесуі;

·         топ мүшелерінің әрқайсысын көңіл бөлуді күшейтіп, әрқайсысына жағдай жасау;

·         әрбір білім алушының жемісті еңбектенуіне бірдей қолайлы жағдай жасау.

 

Жалпы патология пәні – медицина саласы мамандарын дайындаудағы фундаментальді пәндердің бірі. Пәннің ерекшелігіне байланысты, бұл пәнді игеруде бірлесіп, бірге жұмыс істемей жақсы нәтижелерге жету қиынға түседі. Жалпы патология пәнінің тәжірибелік сабақтарында төменгі курс білім алушыларын тек пәнге қызықтырып қана қоймай, осы пәннің жоғарғы курстарда оқитын пәндерді игерудегі, болашақ мамандығындағы маңызын түсіндіру қажет. Жалпы патология пәнін оқыту – әрбір білім алушының толыққанды сапалы маман болып қалыптасуына ықпал етеді. Жалпы патология пәні төменгі курс білім алушыларына адам денесіндегі барлық мүшелер мен жүйелердің дамуынан бастап, орналасуын, құрылысы мен қызметін клиникамен ұштастыра отырып игеруге ықпал етеді. Білім алушылардың жалпы патология пәнінің тәжірибелік сабақтарындағы топтық жұмыс істеуі олардың жеке қабілеттерін есепке алумен жүзеге асырылады.

 

Біздің тәжірибеде тәжірибелік сабақ жүргізудің фронтальді түрі жаңа тақырыптарды игеру үшін, студенттердің өзіндік жұмысын игеруі кезінде қолданылды. Бірақ тәжірибелік сабақтарды жүргізудің мұндай түрі білім алушылардың жеке қабілеті мен ерекшеліктеріне байланысты мәйіттермен, макро-микро препараттармен дайындалып жаңа тақырыптарды сапалы игеруіне мүмкіндік бермейтін. Топ білім алушыларының барлық мүшелерінен пәнді игеруде жемісті нәтижеге жету мүмкін емес. Өйткені, топтарда бірнеше қабілеті төмендеу білім алушылар болады. Олар үшін пәнді игеру процесі белгілі бір қиындықтарды туындатады.

 

Кіші топтарда оқыту кезіндегі маңызды сұрақтардың бірі – топты дұрыс құрау. Топты құрау бірлесіп жасайтын жұмыстың мақсатына байланысты болады. Маңыздысы осы топта бірлесіп жұмыс жасау білім алушыға пайдалы болуы қажет. Ол үшін біз топтарға бөлу барысында белгілі бір ережелерді сақтадық:

–          кіші топ мүшелерінің ең жақсы саны – төрт адам. Мұндай топ жұмысқа барлық топ мүшелерінің қатысуына мүмкіндік береді, сонымен қатар қосымша тапсырмалар бергенде мұндай топтарды топшаларға бөлу оңай болады.

–          Әртекті топ құру – топты қабілеті жоғары және төмен білім алушылардан; қыз және ер балалардан; анағұрлым белсенді және белсенділігі төмен білім алушылардан құру.

 

Біз оқытудың топтық түрін оқу уақытының 25%-ға жуығында пайдаландық. Білім алушылар топта жақсы әрі үйлесімді жұмыс істеуі үшін тапсырманы жылдам әрі жоғары нәтижемен орныдаған топ мүшелеріне ынталандыру мақсатында жақсы бағалар қойдық. Қорыта айтқанда осы аралықта білім алушылардың топты орташа балы 10%-ға жоғарылады. Оқытудың мұндай түрі білім алушыларға да қызықты болып, топтағы қабілеті төмен топ мүшелерінің де тақырыптарды игерудегі нәтижесі жоғарылап, пәнге деген қызығушылығы арта түсті.

Әдебиеттер

1.      М.А. Галагузовой. (2001) Социальная педагогика: Курс лекций: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений – М.: ВЛАДОС, 2001. – 380 с.

2.      Василькова Ю.В. Василькова Т.А. (2000) Социальная педагогика: Курс лекций: Учебное пособие для студентов Высших педагогических учебных заведений. – 2-е издание стереотип. – М.: Издательский центр “Академия”, 2000. – 440 с.

3.      Дьяченко В. К. (1991): Книга для учителя. – М. Просвещение 1991. – 187 с.

4.      Дьячкова, С. (2012)Обучение в малых группах по методике сотрудничества.М.Просвещение 2012 . – 169с.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *