Медицина саласындағы педагогикалық технологиялар


 Дүйсенбаева Мөлдір Сейілбекқызы
 «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің оқытушысы, дәрігер терапевт 

    ХХІ ғасырдың жас ұрпақтарын оқыту мен тәрбиелеу барысында көптеген жаңа белестерге қол жеткізуде, сонымен бірге оқыту  жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар тәжірибелерге еніп, оң нәтижелерін  беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандартқа және білімдік өзгерістерге қарай топтастыруға болады.

Педагогикалық технология негізі ретінде мыналар қарастырылады , оқытудың жалпы мақсаты, құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу, білім алушылардың  білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау, оқу әрекеттерінің жиынтығы және нәтижелерін бағалау. Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін – есту, көру, қимыл және т.б. ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталу. Интерактивті оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті аудиториядағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай, білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.

Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылықтары мынада, тұлғаның қызығушылығын туғызуы, әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеуі,әрбір тұлғаның сезіміне назар аудараруы,оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімделуі, тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етуі,тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастыруы және мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді.

Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:

 

Орта қалыптастыру

Әрекет арқылы үйрету

Өмірмен байланыстыру

Өзінділікпен дербестікке баулу
Интербелсенді әдістер ретінде  келесі қолданылады:
Іскерлік, рөлдік ойындар –студенттерге әртүрлі кәсіби рөлдерде сөйлеуге және сабақты мәселелі жағдайды қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқыту әдісі.
Тестілеу–әртүрлі күрделіліктегі өзара байланысты тапсырмалар жинағынан тұрады. PBL (problembasedlearning–мәселеге-бейімдеп оқыту) әдісі -қойылған мәселемен өзбетінше жұмыс істеунәтижесінде студент әртүрлі пәндер бойынша компетенттілік құрылымдарын игеретін оқыту әдісі. TBL (teambasedlearning–кішітоптардаоқыту) әдісі –студентте топта жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретіноқытудың топтық әдісі. Топтық дискуссия әдісі студенттердікәсіби жағдайды талдауға, мәселені құру дағдыларын қалыптастыруды үйретуге, басқа қатысушылармен қатынасқа түсу игеріміндамытуға, соныменқатар, әртүрлі кәсіби мәселелер бойынша шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әңгімелесудің түрі.
Миға шабуыл әдісі –топтажұмыс істеудешығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде студенттергеситуация шешіміжауабының бірнешежолынайтуға мүмкіндік беретін, идеялармен шешімдердіқабылдаудың оперативті әдісі.

Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *