Ашық сабақ «Отаны бірдің – тілегі бір»


Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы “№4 жалпы орта білім беретін мектебі”

Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

Туремуратова Ажархан Каршыгаевна

     9 – сыныпқа арналған «өзін-өзі тану» сабағының жоспары  

Мектеп:  Ақсай қаласы  №4  ЖОББМ     Мерзімі: 12.01.17
Мұғалім: Туремуратова  Ажархан  Каршыгаевна       Сынып: 9 а                                                                                                               Тақырып: «Отаны  бірдің  –  тілегі  бір »
Құндылық:  Сүйіспеншілік                                                                                            Қасиеттер: Адалдық, сүйіспеншілік, ұлтшылдық.
Сабақтың мақсаты:  Отанға  деген  сүйіспеншіліктерін  арттыру.
Сабақтың міндеттері:
– Өз еліне , туған жерге деген махаббатың мәнін түсіндіру;
– Отанның жақын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру;
– Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті

Су асты патшалығына ойша саяхат

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ  тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

– Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын ҚР –ның әнұранын барлығымыз орнымыздан тұрып бірге орындауымызды сұраймын.

1. Қазақстан  Республикасының  әнұраны  орындалады.

2. Кеме жаттығуы арқылы 2 топқа  бөліп  отырғызу.

Балалар әрі қарай бүгінгі көңіл күйімізді қалыптастыру мақсатында барлығымыз шағын сергіту сәтін орындайық.

3. Психологиялық ахуал қалыптастыру (oт шашу).

Ресурстар:

(әуен, үнтаспа,түрлі түсті қарындаштар, плакат)

1. Сұрақ – жауап (Тақырыпты шығару мақсатында) Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады.

1. М.Мақатаевтың  «Үш бақытым» өлеңіндегі ақынның үшінші бақыты?

2. Бір тұтас ел болу үшін не керек?

3. Жауда  қалған  бұлбұлдан,

_____қайтқан ит артық? Жарайсындар балалар, өздеріңіз байқағандай бүгін біз Отан туралы сөз қозғаймыз.Туған жеріміз өз еліміз әрбір баланың жүрегінен айтарлықтай орын алатыны белгілі.

 
Ал қазір барлығымыз өз отанымыз туралы,туған жеріміздің әсемде көркем жерлері бейнеленген бейнебаянды тамашалайык  2. Видеоролик
3. Шығармашылық жұмыс.

«Менің сүйікті кейіпкерім» шағын ой толғау

Мақсаты:

1.Таңдаған тұлғаңыздың үлесі, болар өнегесі?

2.Отан үшін жасаған ерлігі?

Шығармашылық жұмыс бойынша әрбір оқушы өздеріне ұнайтын қазақтың бергілі бір үлгі тұтатын тұлғасын тандап,таныстырып,неліктен үлгі тұтатындығын айтып,сол туралы мәлімет айтып өтуі тиіс.

  Бүгінгі сабағымызды одан әрі аша түсетін тақтада берілген дәйексөзді барлығымыз бірге екі рет қайталап,дәптерімізге көшіріп жазып алайық.

4. Дәйексөз. Таңғажайып атың да дәл табылды,

Табылды да талай жұртқа танылды

Қазақ елі көкке жетіп көк туың,

Сен Тәуелсіз мемлекетсің  кәдімгі

С.Сейітов
Келесі тапсырма:алдымызда берілген плакаттарға тақырыпқа сай сөз жұмбақ құрастырып,тақтаға шығып,екі топ бір-бірімізбен алмастырып орындаймыз.

5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма.

Топтық тапсырма. Сөзжұмбақ құрастыру. Берілген тапсырмаларға жауап беру.

6. Кері байланыс.

1.Отан үшін күрес,

    Елге тиген үлес.

2.Отан алдындағы борышымыз деп нені есептейміз?

Өз ойымызбен толықтырып сабағымызды қорытындылаймыз.

–         Балалар сабақ ұнадыма? Ендеше алдымызда жатқан конверттегі суреттердің бірін тандап алып, өз көңіл – күйлеріңді білдіріңдер.

7. Топпен ән айту. «Өз  елім»

Келгенде көктемі, Көңілін гүл басқан.

Шырағы көктегі, Жұлдызбен сырласқан.

Өз елім менің – Өзегім менің,

Жырыма қосып жүремін,Төрім деп менің,

Жерім деп менің, Соғады мәңгі жүрегім.

Түлегі сендер,

Тілегі сендер,

Тірегі сендер сол елдің.

Назары сендер,

Базары сендер,

Ажары сендер сол елдің!

Ақ күмбез астығы, Асқар боп өрілген

Жалынды жастығы, Жүлдені бермеген

Өз елім менің – Өзегім менің,

Жырыма қосып жүремін,Төрім деп менің,

Жерім деп менің, Соғады мәңгі жүрегім.

Сөзі: Қ.Мырза Әли

Әні: Н.Тілендиев

8. Сонғы тыныштық сәті.

Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.   Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *