Кім жақын?


Жусунбаева Зарема  

9 «Ә» сынып оқушысы

Ақмола облысы Степногорск қаласы

Бестөбе негізгі мектебі

Жетекшісі: тарих мұғалімі

Қоңырова Райса Жасқайратқызы

Кім жақын?

Аяулы анаң жақын.

Кім жақын?

Әлпештеп,аялаған әжең жақын.

Кім жақын?

Ақыл берген атаң жақын.

Кім жақын?

Асқар тау әкең жақын.

Кім жақын?

Бауырмал інің жақын.

Кім жақын?

Қимас қарындасың жақын.

Кім жақын?

Сырлас достарың жақын.

Жақындардың жақыны жақын.

Не қиын ?

Үлгере алмаған қиын,

Уақытты бағаламаған қиын.

Адамдарға түсіңдірсең,

Осыны түсіне алмағанға қиын.

Өмірді бос өткізген қиын.

Уәдесін беріп,

Оны орындамаған қиын.

Қиындықтан қашып,

Өмірден түңілген қиын.

Бәрінен де өзіне есеп бере алмаған қиын.

Не қымбат?

Отан қымбат,

Ақылшың атаң қымбат.

Не қымбат?

Отбасымның деңсаулығы қымбат,

Анамның берген тәрбиесі қымбат.

Не қымбат?

Кең байтақ жерім қымбат,

Туып өскен елім қымбат.

 

 

Дала деген,

Қазақтардың ерлігі.

Дана деген,

Қазақтардың тектігі.

Бала деген,

Ұрпағыңның жалғасы.

Қыз деген,

Талайлардың арманы.

Жігіт деген,

Өз елінің арланы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *