Түйенің сүт өнімділігі


Орынбек Арсен

«Шымкент аграрлық колледжі» МКҚК-нің

Вт-161 тобының студенті

                                                  Жетекшісі: а.ш.ғ.к, доцент

                                           Жолшыбек Тұрсынбек

Түйіндеме

           Мақалада түйе малының түрлеріне байланысты сүт өнімділігі салыстырмалы түрде берілген, сонымен қатар түйе малының желнінің құрылысы мен сүт шығу ерекшеліктерінің зерттеу нәтижелері келтірілген.

Тақырыптың өзектілігі. Түйе ежелден шөлді-тұзды аймақтардың жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Түйенің тағы бір биологиялық ерекшелігі – қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Түйенің сүті, еті, жүні өте пайдалы. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, сыр, дайындалса, еті тағамға қолданылады.

Зерттеудің мақсаты. Түйе малының сүті адам үшін бағалы екенін таныту. Түйе түрлеріне байланысты сүт өнімділігінің айырмашылығын, түйе желінінің құрылысын және одан сүт шығу ерекшеліктерін зерттеу. Інгендердің жас ерекшеліктерінің, қолмен және машинамен сауу барысындағы сүт өнімділігінің айырмашылыұтарын зерттеу.

 

Інгендердің сүттілігі және сүт шығу ерекшеліктері.

Інгендердің сүттілігі көбінесе олардың тұқымына, ұрпағына, сауу мерзімінің ұзақтығына байланысты. Інген исініп кетеді, сондықтан оны тез сауу қажет. Інгеннің сауылу мерзімі 16-18 айға дейін созылады. Жекелеген інгендердің сүт беруі 7-ден 12 литрге дейін жеткен. Жүйелі саууды дұрыс ұйымдастырып, күн тәртібі сақталса, сүттің сапасы артады.  Інгендердің сүт шығуы ең алдымен ұзақтығымен ерекшеленеді. Боталарына қарай бұл кезең 500-600 күн, ал айыр түйелерде 517-539 күнге дейін созылады. Қыста боталау кезінде ол көктемгі боталар кезіне қарағанда ұзағырақ болады.  Басқа малдардан  гөрі бір өзгешілігі інгендердің сүт шығуы екі сатылы болады:

 

Інгендердің жас ерекшеліктеріне орай сүт өнімінділігіне

салыстырмалы мәліметтер

Кесте №1

Топ №
Малдың жасы
Сүт шығу кезеңі
Топтағы мал саны
Тәуліктегі орташа сауын
6 ай ішіндегі сауылған сүт
І
6-11
1-2
8
3,9±1,8
688
ІІ
8-14
3-6
7
4,2±2,4
786
ІІІ
15 және одан жоғары
7 және одан жоғары
8
3,6±1,5
612
Інгеннің окситация дозасына және басқа да факторларына байланысты сүт беруі жөнінде бірқатар зерттеулер жүргізілген.  Бұл бақылаулар Шымкент  облысының «Темір» асыл тұқымды шаруашылығында Оңтүстік Батыс ғылыми зерттеу орталығының ғалымдары жүргізген. Інгендер күндіз еркін бағылып  3 кг араласа азық қасиетіне қарай тұз және су берілген. Олар тәулігіне 3 рет сағат 7-де, 14-те және 20-да сауылады. Сүт беру жөніндегі зерттеулер тәжірибесі әр сериясы 3 кезеңге 5 күннен тұратын мерзімде өткізілген.  Бірінші кезеңде інгендерді емізіп сауу әдісімен сауғанда, інгеннің сүт беруін арттыру үшін оған бірнеше рет боталары жіберіліп емізіледі. Олар 3-4 жұтым емгеннен кейін алынып, одан соң саууға кіріседі. Екінші кезеңде інгендерді емізіп сауу әдісінсіз боталарын інгеннің алдыңғы жағына байлап, бірден емізбей саууға көшеді. Үшінші кезеңде сауын бұлшық етке 0,25; 0,5; 1,25; 2,5; 3,0; 10 және 15 МЕ дозадағы оксикация жіберілгеннен кейін 2 минуттан соң жүргізіледі.

Желіннің әр бөлігінен алынған сүт мөлшері де әр түрлі болады. Інгеннің артқы желіні әсіресе, оң жағында жақсы дамыған, одан барлығын қосқанда 31,1% сыйымдылық алынады. Ал алдыңғы желін бөлімдері нашар дамыған, сыйымдылығы 18,5%.  Інген үшін ең тиімді  әдіс, окситасын мөлшері 0,5 МЕ. Одан артық мөлшерде қолдануға болмайды. Аталған сүт берудің барлық ерекшеліктерін түйені машинамен сауу кезінде ескерген жөн.

Түйелерді сауу

Соңғы кезге дейін  түйелерді барлық жерлерде тек қолмен сауады. Ал қазір олады машинамен сауу мүмкіншілігі толығынан бар.

Қолмен сауу. Қолмен сауу техникасы малдың биологиялық ерекшеліктерімен байланысты. Ғалымдардың деректеріне қарағанда әр аруанадан жылына орта есеппен 2000-2500 литрден сүт сауылып отырған.

Аруана тұқымдас түйелерге қарағанда қос өркешті інгендердің сүті аздау болады. Бірақ олардың сүтінің құрамында май мен белок мөлшері көп болады. Айыр інгендерден жылына орта есеппен  880-1570 литр аралығында сүт сауылады.    Түйенің бұл тұқымының сүті, әсіресе сауыла бастағаннан кейін үшінші айында өте мол болады. Айыр өркешті түйелердің желіні өте үлкен болмайды, ол безді тканьдерге өте бай, сондықтан сүтті көп береді. Інгендер қиындық пен сауылатын мал, оны тұра қалып бірден сауу мүмкін емес, сондықтан әуелі ботасын салу керек. Ол төлін иіскеп мейірленеді, одан кейін барып иісіне бастайды.

Айыр және аруана інгендерінің сүт өнімділігімен салыстырғандағы нар мая інгендерінің сүт шығымы

Кесте №2

Інгендер
Тәуліктегі орташа сауын
6 ай ішіндегі сүт өнімділігі
Аруана
9,9-3,3
1782-2,3
Айыр түйе
6,4-2,5
1167-2,7
Нар мая
9,4-3,7
1708-3,4
Түйелердің сүті иіген кезінде шартты рефлекс арқылы бөлініп шығады, сондықтан інгендерді сауғанда ол ботасын көріп тұруы қажет. Түйе желіні  жоғары, жерден 101-110 см аралықта болады, сондықтан оны тұрып сауады. Сауыншы оң аяғымен тұрып, сол аяғын сәл бүгіп шелекті желіннің тұсына қояды. Сауу кезінде сақтық шараларын ескерген жөн. Өйткені, түйе жиі артқы аяқпен, онда да доға бойынша жанына және артына қарай тебеді. Қажет жағдайда малдың аяқтарын тірсек буыннан кендір жіппен байлап қояды.

Машинамен сауу. Інгендердің аппаратпен сауу тың бастама. Түйенің желін құрылысының ерекшеліктерін, сүт шығу және сүт беру физиологиясын ескере отырып, машинамен сауу әдісін ойлап шығарудың сөзсіз практикалық және ғылыми мәні бар. Түйені саууға арналған сауын станогінің құрылысы басқа ауыл шаруашылық малдарына арналған станоктардан өзгеше. Станок төрт бағаннан тұрады, ол бағандарға төрт қалқан және екі көлденең тіреуіштер бекітеді. Станоктың ұзындығы 1,5 м-ден кем болмайды, ені 0,7-0,75 м, түйелерді 0,7 кг/см вакуумде және минутына 60 пульсациямен сауады. Түйелерді машинамен сауғанда олардың сүт беруі өте баяу және үздіксіз болады. Сондықтан желінінде сүт қатпау үшін питулитрин инфекциясын қолданған жөн.

 

Қорытынды.

 

Інгендердің сүттілігі көбінесе олардың тұқымына, ұрпағына, сауу мерзімінің ұзақтығына байланысты. Інгеннің сауылу мерзімі 16-18 айға дейін созылады. Жекелеген інгендердің сүт беруі 7-ден 12 литрге дейін жетеді.  Інгендердің сүт шығуы ең алдымен ұзақтығымен ерекшеленеді. Боталарына қарай бұл кезең 500-600 күн, ал айыр түйелерде 517-539 күнге дейін созылады. Әр аруанадан жылына орта есеппен 2000-2500 литрден сүт сауылып отырған. Аруана тұқымдас түйелерге қарағанда қос өркешті інгендердің сүті аздау болады. Айыр інгендерден жылына орта есеппен  880-1570 литр аралығында сүт сауылады.

Желіннің әр бөлігінен алынған сүт мөлшері де әр түрлі болады. Інгеннің артқы желіні әсіресе, оң жағында жақсы дамыған, одан барлығын қосқанда 31,1% сыйымдылық алынады. Ал алдыңғы желін бөлімдері нашар дамыған, сыйымдылығы 18,5%.

Түйені машинамен саууға арналған сауын станогінің құрылысы басқа ауыл шаруашылық малдарына арналған станоктардан өзгеше. Станок төрт бағаннан тұрады, ол бағандарға төрт қалқан және екі көлденең тіреуіштер бекітеді. Станоктың ұзындығы 1,5 м-ден кем болмайды, ені 0,7-0,75 м, түйелерді 0,7 кг/см вакуумде және минутына 60 пульсациямен сауады. Түйелерді машинамен сауғанда олардың сүт беруі өте баяу және үздіксіз болады. Сондықтан желінінде сүт қатпау үшін питулитрин инфекциясын қолданған жөн.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *