Занятие по ФЭМП «Үлгі бойынша тура және кері санау. Нақты заттарды геометриялық денелермен салыстыру. Уақытты бағдарлау»


Койшыбаева Куляш Тлегеновна
воспитатель КГКП  «Ясли-сад  № 10 «Ұшқын»  отдела образования город Жезказган

Мақсаты:  Айналадағы  заттардың сұлбасынан  геометриялық   денелерді көру қабілетін бекіту.

Міндеттері

Білімділік:    Заттың  орналасқан орнын  сөзбен баяндауды үйрету, сөздік  қорын молайту.

Дамытушылық:    Логикалық  ойлау қабілеттерін дамыту, тілдерін  дамыту.

Тәрбиелік:     Дидактикалық ойындар шарттарын  дұрыс орындауға  тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы:    уақытты  бағдарлау, тәулік бөліктері.

Қажетті   көрнекіліктер:   цифрлар карточкасы, А, Й, С, Т, М  дыбыстары, түрлі суреттер, ақ қағаздар, геометриялық денелер.

Тәрбиешінің қызметі

Мотивациялық- қозғаушылық  (Балалардың    қызметі)

Тәрбиеші  балалардан  1- ден  5- ке дейін тура және кері  санап шығуды сұрайды.

(Берілген  тапсырманы орындайды.)

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар, санға санды қосса, сан көбейеді,  ал енді мына дыбыстарды бір- біріне қосса,  не шығады  екен,  соны байқайық

1-тапсырма

Тәрбиеші  балаларға тапсырма  береді: дыбыстарды  бір -біріне қосып  сөз құрастыру

1-ші  бала

А- ға   Й- ді қосқанда

АЙ болады балалар. («Ай»  – деген  сөз шығады.)

2-ші  бала

Т- ға  АЙ-  ды  қосқанда

ТАЙ болады  балалар.

Тай  деген ол көлік қой,

Көкейіңе  тоқып қой. («Тай» –  деген сөз шықты.)

3-ші  бала

М- ға   АЙ-  ды  қосқанда

МАЙ  болады үйдегі.

Нанға  жағып пышақпен

Жеп  жүретін  күндегі. («Май»-  деген  сөз шықты.)

4-ші  бала

С -ға АЙ-  ды қосқанда

САЙ  болады балалар.

Қозы бағып, ән айтып,

Асыр  салып  ойнайтын. («Сай»  деген  сөз  болады.)

Барлығы бірге

Қосылса дыбыс осылай,

Түрлі  сөздер  шығады.

Зейін қойып  оқыған,

Бәрін  түгел  ұғады.

2-тапсырма.

Тәрбиеші  балаларға  енді тәуліктің бес мезгілін атап беру арқылы уақытты  бағдарлауды  ұсынады. (Жаттығу  арқылы  кеңістікті бағдарлайды.)

Ұйқымыздан оянамыз,

Беті  қолды жуамыз.

Апамызға  ереміз,

Бақшамызға  келеміз.( -Таңертең.)

Серуеннен  қайтамыз,

Тамақ  ішіп аламыз.

Біз тәртіпті  баламыз,

Тәтті ұйқыға батамыз. (-  Түс.)

Ұйқымыздан тұрамыз,

Жеңіл тамақ ішеміз.

Серуенге  шығамыз,

Асыр  салып ойнаймыз.( –  Бесін.)

Серуенде  жүреміз,

Ән  айтамыз, күлеміз.

Апамызды күтеміз,

«Апай,  сау болыңыз»  деп,

Үйге  қарай  кетеміз(-Кеш.)

Үйлерде  шам  жанады,

Маңай  тастай  қараңғы.

Ертегіні тыңдап алып,

Тәтті ұйқыға  батамыз.( -Түн.)

Бұдан кейін балалар педагогтің сұрағы бойынша геометриялық денелерді  атайды.

Дидактикалық  ойын «Неге  ұқсайды?»

Ойын  шарты:   қай  зат қандай  геометриялық  денеге  ұқсайтынын  табу.

Тәрбиеші  балаларды  екі орталыққа  бөледі.

Бірінші орталықтағы  балаларға  геометриялық  денелерден түлкі бейнесін құрастыру  тапсырылады.

Екінші  орталықтағы  балаларға геометриялық денелерге ұқсайтын   заттардың  суретін салу  тапсырылады.(сәукеле, шырша, сәбіз).

Төртбұрыш:  орамал, орындық.

Тіктөртбұрыш:  кітап, есік, терезе.

Шеңбер:  күн, доп, қарбыз.

Сопақша: қауын, жұмыртқа,бәдрен (Түлкінің  бейнесін  құрастырады. Күн, орамал, шырша, терезенің суретін салады.)

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар,  бүгінгі  оқу қызметінде  не үйренгендерін,  немен  айналысқандарын  сұрайды

(Дыбысты бір- біріне қосса түрлі сөздер шығатынын.)

Заттарды қандай геометриялық денелерден құрастырдыңдар? (Үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, шеңбер,  сопақшадан.)

Тәрбиеші сабаққа белсенді қатысқаны үшін балаларды мадақтайды.(Балалар  өз жұмыстарын  бір-бірінікімен салыстырады.)

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Тура  және  кері санауды, дыбыстарды  бір- біріне қосса түрлі сөздер шығатынын;

Игереді:  Тәулік  біліктерін, уақытты  бағдарлауды;

Меңгереді:   Геометриялық  денелердің  қандай  заттарға  ұқсайтынын.

Тәрбиеші:    Қойшыбаева  Күләш  Тлегенқызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *