Қазіргі қоғамда мұғалімнің ролі


Жуматаева Анар Аманжоловна
«Ақтанберді атындағы орта мектеп – бақша» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

«Терең білім – Тәуелсіздігіміздің тірегі,

ақыл – ой – азаматтарымыздың алдаспаны»

Н.Ә.Назарбаев.

«Дала қоңырауы» данышпан Ыбырай Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөзді айтқанына, міне, бірнеше ғасыр өтіпті. Өзін басқалардан кішік, қарапайым ұстаған дана мұғалім еліміздің ертеңгі болашағына бағыт – бағдар беріп, жас ұрпақтың рухани өсіп – өнуіне үлкен жағдай жасағаны ақиқат. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздіктің туы – білімді ұрпақтың қолында» деген қағидасы ұлы данышпан Ыбырайдың аталы сөзімен сабақтасып жатыр.

Қазақстан ғасырлар тұрғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселелерін шешу қажеттілігін қойып отыр.

Біз қазіргі уақытта біз білім беру жүйесіне өзгеріс енгізу адамзаттың ортақ мәселесіне айналған заманда өмір сүрудеміз. Сол себептен мен мұғалім ретінде дүние жүзіндегі білім берудегі жаңалықтарды, дамуларды назарға ала отырып, одан жақсысын, тиімдісін оқушыларға ұсына білуім керек.

Бұрын мен сабақтарымды дәстүрлі оқыту түрінде ұйымдастырып жүрген едім. Дәстүрлі оқыту кезінде сабақта өтілген тақырып мазмұны көбінесе ауызша сұрақ-жауап түрінде сұралып және арнайы үйге берілген тапсырмалар арқылы тексерілетін, жаңа сабақты негізінен көрнекілікті пайдалана отырып өзім түсіндіретінмін, оқушылардың түсінгенін жаттығулар орындау арқылы бекітетінмін, өзім қорытындылап, өзім бағалайтынмын, сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылып, сол тақырып бойынша оқушыларға тағы да үй тапсырмасын беретінмін. Оқушылар негізінен тыңдау, есте сақтау сияқты жұмыс түрлерін атқаратын.Оқушыларым үнемі сабаққа дайын болып келіп, менің қойған талаптарымнан шықпайтын.

Ал үшінші деңгей бағдарламасының жалпы мазмұнымен танысуым менің мектептегі жұмысыма өзгеріс енгізуіме негіз болды.

Қазақта жетіні қасиетті санға теңесе, мен үшін де осы бағдарлама мазмұнындағы жеті модульдің қасиеті ерекше болды. Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымда пайдаланып жүрсем де, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппін. Әрине, бұрыңғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, дегенмен білім беру саласында сапалы өзгерістер болуда, олардың мақсаттары ауысуда. Әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары бар. Осы жеті модульді сабақтарымда қолданған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарастары мен оқу үрдісіне қатысы бойынша орын алған өзгерістерге көзім жетті. Мұғалім жеті модульді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол жеткізе алса – мұғалімнің көшбасшылығы. Оқушыларды топқа бөлгеннен кейін-ақ көшбасшы көрінеді. Ол әдетте басқа оқушыға көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, өйткені ол өзін емес, сыныптастарын, топты алға сүйрейді.

Жеті модульді ықпалдастыра өткізген сабақтардан байқағаным сынып оқушыларында алға ілгерілеушілікті байқадым.Осыған орай кеңейтілген тапсырмалар ойластырып, деңгейлеп оқыту әдісін қолдандым. Деңгейлік сұраулар оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарламада, бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі болып табылады. Әр сабағымда  жұмыс парақтарын пайдалану арқылы сынып оқушыларының өзіндік ерекшеліктері тапсырмаларды орындау барысында көрінді. Бұл әдіс арқылы оқушылардың сабаққа, білімге қызығушылығының артуы, ой жүйесінің дамуы, сапалы білім алу сияқты жетістіктерге жетуге болады.

Алғашқы сабақтарымда сыныптың белсенді оқушылары әдетінше көшбасшы атанып, барынша өз қабілеттерін көрсетуге тырысып, постерлерін қорғауға шығып, атсалысып жүрді.Ал көлеңкеде отыруға бейімделген, үндемей құтылып жүретін оқушылар көрінбей қалатынын байқадым. Бірақ сабағымда сыныптың белсенді, үздік деген оқушыларын бақылаушы ретінде белсенді емес бір топқа жинақтадым. Бұл әдістің тиімділігі: біріншіден – сынып оқушылары жаппай жұмыс жасайды, екіншіден – бос отырған оқушы болмайды, үшіншіден – сынып ұйымшылдыққа, бір – біріне қайырымдылыққа тәрбиеленеді, төртіншіден – деңгейлік тапсырмаларды орындауға үйренеді, бесіншіден –  М.Чиксентмихайдың ағымына түсуге көмектеседі.

«Алдымен қажеттіні, сосын пайдалыны, сонан соң қызықтыны оқу керек» деп даналықта жазылғандай алдымен оқушыға ол үшін қажетті стандартты меңгертіп, сосын егер меңгере алса қиындау – пайдалыны беріп, ал егер одан да талапты, дарынды болса, онда ары қарай қызықтыны да меңгенуге болады деп ойлаймын. «Әрбір өзі талпынбақ, басына бітер бағы үшін»,-  деп Ақтанберді бабамыздың даналығында айтылғандай, әр бала өзіне ыңғайлы жұмыстар кезінде талпынып қуана- қуана М.Чиксентмихайдың «өзіндік мақсат» деп атайтын төмен машықтар мен жоғары машық пен төменгі талап кезіндегі зерігуді болдырмай, ағынға түсуіне ықпал келтіруім керек болды.

Исаак Ньютон өмірінде былай депті: «Мен Ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана  кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде ол секілді тастар қаншама». Мен таза сондай күйде іске асырамын-ау, қалайша іске асырам екен деген сан қырлы сауалдарға жауап іздеу кезінде тапқан асыл тасым су түбіндегі асыл тастармен салыстырғанда мардымсыз болып қалғандай. Әлі ашылмаған талай сырлар бар екен.

Осы бағдарламаны ерекше назарға алған кезімде байқағаным: мен үшін көптеген қиыншылықтар да тиімді, сәтті жерлерім де және болашаққа ұсыныстарым да баршылық екен.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерге сәйкес білім беру мен сабақтарымның аясы сәтті көрініп, оң нәтиже берген жерлері: біріншіден – сынып оқушылары жаппай жұмыс жасайды, екіншіден – бос отырған оқушы болмайды, үшіншіден – сыныпты ұйымшылдыққа, бір-біріне қайырымдылыққа тәрбиелейді, төртіншіден – тапсырмалар оқушылардың деңгейіне сәйкес дайындалады, бесіншіден – оқушы мазасыздық, зерігу секілді ыңғайсыз кері әсерлерге ұшырамай, өз шамасында жұмыс атқарады.

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді

Ұлы мұғалім шабыттандырады,- деп Уильямс Уорд айтқандай, оқушыларды әрдайым ұлы жаңалықтарға итермелеп, шабыттандырып отыратын ұлы мұғалімге айналсақ екен.

Елбасымыз айтқандай «Ықылым заманнан бері атам қазақ «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қанатты сөзді қолданып келді. Қазақтың бұл сөзінің өзектілігі бүгінгі күні айырықша болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заманға айналды. Елдің қуаты, ең алдымен білім мен ғылымда екенін түсінетін уақыт әлдеқашан жеткен. Сол білімді жаратып, тұрмыс игілігіне пайдалана білсек қана өзге жұрт бізді бағалайды. Инемен құдық қазғандай күрделі, орасан қажыр-қайратпен, ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір жоқ мына заманда. Терең білім – Тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаматтарымыздың алдаспаны».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *