Мектептегі музыка пәнінде жаңа технология әдіс-тәсілдерін, бағдарламалар тобын қолдану үрдісі


Омарова Гулжиһан Кайрбековна  Рудный қаласы әкімдігінің №19 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі

Мектептегі музыка пәнінде жаңа технология әдіс-тәсілдерін, бағдарламалар тобын қолдану үрдісі.

Қазіргі таңда жалпы білім беру кешендерінде музыка сабағын жоғарғы дәрежеде өткізу көзделіп отыр. Музыка пәні – шығармашылық пән. Оған көптеген ізденіс, шығармашылық, іскерлік, тапқырлық өте қажет.
Осы күнге дейінгі музыка бағдарламалары әртүрлі құрылымда , түрлі авторлардан туындалып жатса да, барлығының да мақсаты халқымыздың және де басқа ұлт-халық өкілдерінің байырғы сазын терең мазмұнда кейінгі ұрпаққа жеткізу, насихаттау болып табылады. Сондықтанда музыка пәні мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі, ата-аналар зор үміт артады. Жасөспірім бойына музыкалық білімді игерту – пәндегі сабақ жоспары құрылымы бойынша болғанымен жеке дара табиғи дарынды оқушылармен жұмыс аспаптық үйірмелер арқылы дамитыны бізге мәлім.
Сол орайда музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлігі жоғарғы деңгейде болу керек деп ойлаймын. Ал ол үшін пән мұғалімі қазіргі таңда қолданысқа берілген жаңа технология әдіс-тәсілдерін, түрлі бағдарламалар элементтерін дұрыс және ұтымды қолдануы қажет.Өйткені ең алдымен музыка шығармашылық, өнер сабағы екенін үнемі жадымызда ұстап, берілген тақырып мазмұнын шеберлікпен ашып көрсетіп, жас шәкірт бойына музыкалық білімді құнарлы сіңдіруіміз абзал. Көптеген сабақтас пәндер «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» әдісін кеңінен қолданады. Ал ол әдісті біз музыка пәнінде толық қолдануымыз қажет пе?
Міне осы сұрақ көптеген музыка мамандарын жаңылдырады.
Ал ұстаз бағыты шынайы музыкалық тәрбие беруде оның жеке дара психологиясын, жас ерекшелігін, мінез құлқының өзгешілігінің ескеріп, тиімді қолдана білуі арқылы айқындалады. Саз сабағында музыкалық шығарманы талдау процесіне мынадай жүйені ұсынамын:
Шығарма
Екпіні
Сипаты
Бояуы
Мазмұны
Сондай-ақ халықтық педагогика үнемі сабақталып жүріп отыруы қажет. Яғни «Ақ сүйек», «Жүзік салу», «Теңге алу» сияқты ұлттық ойындарды әуендете қолдану және сергіту сәттерінде музыкалық түрде көрсету оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арта түседі. Балалардың музыкалық тәрбиесі дәстүрлі мәдениет тұрғысынан кеңінен берілуі қажет. Өйткені жас шәкірттің дүниетанымы алдымен ұлттық музыка, халық өнері арқылы дамып, басқа жанр түрін сабақтастыра байланыстырып саз әлемінің тұңғиығына өріс алады. Музыка пәні маманының кәсіби шеберлігі ән үйрету кезеңінде жоғарғы дәрежеде ойнап, алдындағы шәкіртті таңырқата орындау тыңдаушыларының көңілінен шығуы арқылы көрінеді.
Болашақ ұрпақтың дәстүрлі сазын бойларына сіңірте келе әлемдік саз әлемімен ұштастырып, рухани байлықты жан дүнесіне игереді.
«Музыка – менің жан – дүнием »,- деп орыс сазгері М.И.Глинка айтқандай әр саз маманы, болашақ мамандар студент-жастар музыка сабағын өздерінің шеберліктерімен мектептегі жоғарғы дәрежелі сабақ ретінде көтеруі парыз.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *