Урок “Арал теңізінің экологиялық апатты жағдайы”


 Шарыпова Гульнара Женискановна 
учитель казахского языка и литературы КГУ “средняя школа №11”
при отделе образования г.Зыряновск 

Мақсаты: Қазақстандағы экологиялық апатты аймақтар туралы білімдерін тереңдетеді, табиғатты қорғау, сақтау мәселелерін ұғады, біледі. Грамматикалық тақырыптар бойынша білімдерін бекітіп, нығайтады.

Екі тілде ұғу, оқу, аудару, сөйлеу дағдыларын дамытады. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, бірлестікке, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: аралас ықпалдас сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: ИКТ, үлестіру материалдары, фломастер, қағаз, бағалау парақшалары

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (Сәлеметсіздер ме? Бүгінгі ашық сабаққа қош келдіңіздер!

(Ағылшын тілінде сәлемдесу)

Жұмыстың ұйымдастыруы

І-топ: Арман, Юля, Ира, Игорь

ІІ-топ: Володя, Анар, Марина, Амир

ІІІ-топ: Вика, Данил, Естай, Ксюша

 

Сабақтың эпиграфы: «Адамдардың табиғатсыз күні жок,   

                                        Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».

(Ағылшын тілінде аудармасы)

Табиғат туралы өлең (Ира):

Есть просто храм, есть храм науки,

А есть еще природы храм,

С лесами, тянущими руки

навстречу солнцу и ветрам.

Всегда, в любое время суток,

Он нам открыт в жару и стынь.

Входя в него, будь сердцем чуток,

Не оскверняй его святынь!

 

Мұғалімнің сөзі: Адам үшін ТАБИҒАТ – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Ал Қазақстанның табиғаты ерекше!

 

Диалог «Табиғатты қорғау» (Виктория, Ксюша)

  • Қазақстанның табиғаты қандай?
  • Қазақстанның табиғаты өте тамаша әрі бай!
  • Елімізде қандай табиғи байлықтар бар?
  • Елімізде табиғи байлықтар өте көп. Мысалы, жануарлар, аңдар, құстар,дәрілік өсімдіктер, пайдалы қазбалар, ағаштар және тағы басқалар.
  • Қазақстанда қандай мемлекеттік қорықтар бар?
  • 9 қорық бар. Мысалы, Марқакөл, Барсакелмес, Алматы, Ақсу-Жабағалы, Наурызым.
  • Табиғатты не істеу керек?
  • Табиғатты қорғау, сақтау керек, табиғат аясында жүргенде ластамай, аялау керек. Өйткені табиғатсыз өмір жоқ.

 

(Карта арқылы жаңа тақырыпқа көшу)

  • Балалар, картада қызыл түспен нелер белгіленген?
  • Қазақстандағы экологиялық аппаты аудандарды атаңдар?

(Арал теңізі ерекше белгіленген, өйткені Аралдың экологиялық апатты

жағдайы туралы тереңірек әңгіме жүргіземіз)

Сабақтың тақырыбын жариялау

Арал теңізінің экологиялық апатты жағдайы

(Ағылшын тілінде тақырып жариялау)

Не білеміз? (Экранда қазақша сұрақтарға ағылшынша жауап тап)

  1. Арал теңізі қайда орналасқан?
  2. Арал теңізіне қандай өзендер құйылады?
  3. Арал теңізі неліктен экологиялық апатқа ұшырады?

Арал туралы өлең (Юля)

Арал – ты дитя двух матерей великих,

Двух божественных священных рек.

Из каких же побуждений диких

Губит тебя алчный человек?

Ты спасеньем был для всех веками,

Окружал тебя цветущий сад,

Только кто-то зверскими руками

Превратил тебя в пустынный сад.

Медленно от жажды умираешь,

О пощаде умолять устал,

Как свеча, ты на глазах сгораешь,

Сердце Средней Азии – Арал.

 

Арал туралы видеофильм+ағылшынша диалог (Игорь, Володя)

 

Балалар, біз Арал туралы білімімізді ары қарай тереңдетіп толықтырамыз. Ол үшін мәтінмен жұмыс жүргіземіз.

(Үш топқа екі тілде Арал туралы мәтін беріледі. Топта мәтінді бірлесе оқып аударады, түсінеді)

Мәтінді үш оқушы алдын ала даярлаған мәліметпен толықтырады. (Володя, Игорь, Марина)

 

Бекіту: а) ағылшын мұғалімі сөздік жұмысын жүргізеді

б) мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды (Қай топ тез екі тілде жауап береді)

в) қазақ тілі мұғалімі үш топқа үш түрлі грамматикалық тапсырма береді. Оқушылар постер даярлап, қорғайды.

 

 

Қорытындылау: Ағылшынша өлең (Анара), қазақша өлең (Амир)

Арал! Қайта орнына кеп толарсың,

Баяғыдай ұлы думан боларсың.

Толқыныңмен шалқып ойнап шағалаң,

Айдыныңа Аққуларың кеп қонар.

Ұлы теңіз!

Сен теңіз де, мен адам,

Бірақ сенсіз қалай еркін дем алам?

Адамзаттың ақыл-ойы тұрғанда,

Мәңгі жасар ғұмырыңа сене алам!

 

Рефлексия: «Тілек ағашы» (Екі тілде қоршаған ортаға, табиғатқа, өз-өздеріне тілек жазу)

 

Бағалау (бағалау парақшаларын жинап алып, ұпайлары бойынша баға қою)

 

Үй жұмысы: «Біздің қаламыздың экологиялық жағдайы» тақырыбына екі тілде мәтін жазып келу (қазақша, ағылшынша)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *