«Көктем» тақырыбына өлең


Тлекқабыл Аружан БҚО, Бөкейордасы ауданы, Жиекқұм ауылы Т.Масин атындағы ЖОББМ 6 сынып оқушысы

жетекшінің аты-жөні: Қаусова Дана Биболатовна

Көктемнен жаңа шырайға енді бұл ғалам,

Күлімдеп қарап шуағын шашты күн маған.

Қайтқан құстардың қуаныш әні естіліп,

Сылдырап, сырғып ағылды сулар жылғадан.

 

Жоғалды лезде қаһарлы қыстың бораны,

Жер бетінде көктем жылы лебімен орады.

Төрт түлік малдар күн санап бірден көбейіп,

Жас төлдің дауысы шулатып жатыр қораны.

 

Бүршігін ашып жалаңаш ағаш киініп,

Жап-жасыл түске боялды барлық жер беті.

Самал желменен гүлдердің иісі аңқыды,

Керемет қандай көктемнің биыл келбеті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *