Шетел тілдерді және мәдениеттерді оқытуды қазіргі әдістері мен модельдері


Кайпова Азиза

Павлодар облысының Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің 1 курс студенті

Қазіргі кезеңде шетел тілін оқып білу, тек қана үлкен әлеуметтік маңызы бар ғылым және білімде, сонымен қатар қазіргі заманғы өркениеттің белгісі болып табылады. Қазіргі уақытта шетел тілі халық арасындағы өзара байланыс негізі. Шет ел тілі – бұл әлемді тану кілті. Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі – ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана  емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың тарихи тәсілдері мен оның негізгі тенденцияларын жетілдіру жүйесіне орала кету орынды.

Қазір шетел тілін оқыту методикасы ғылым болып қалыптасып келе жатқанына ешкім күмән келтіре қоймас. 1930 жылы Е. М. Рыт методикаға алғаш анықтама берген. Ол: «Шетел тілін оқыту методикасы салыстырмалы тіл білімінің тәжірибелік айқындауышы», – деп баға берген болатьн.Қолданбалы тіл білімі секілді әдістемеге де түрлі көзқарастардың туындауы 1930 жылдардағы шетел тілін пән ретінде оқыту жүйесінің жеткілікті деңгейде анықталмауымен тікелей байланысты болатын. Сол кезеңдерде зерттеу әдістерінің жүйесі де әзірленбеген еді.Заман ағымына қарай тікелей әдіске енгізілген өзгерістер педагогикада туындаған прогрессивті идеялармен терең байланысты. Көп ұзамай шетел тілдерін оқытудың салыстырмалы әдісі қалыптасты. Бұл әдіс бойынша шетел тілін үйрету ана тілімен салыстыру негізінде жүргізіледі. Осы тәсілдің негізін қалаған – педагог ғалым  Л. В. Щербу.Бара-бара шетел тілін оқытудың мақсаттары мен оны меңгертуге деген талап өзгерді. Сөйтіп шетел тілін оқыту жүйесі күйзеліске ұшырады.Шетел тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтырылуы, дамытылуы тиіс Шетел тілін оқытудың ең басты міндеті – мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру. Оны тануға бағытталған шетел тілін оқыту- лингвистикалық (тілдік), дискурсивтік (сөйлеу), мәдени-әлеуметтік және басқа. компоненттерден тұратын күрделі интергративтік тұтастыққа негізделген.

Ағылшын тілін оқытудың жаңа білім технологияларын меңгеріп сабақты дұрыс жоспарлау мен өткізудің орны ерекше. Олай болса, шетел тілінің әрбір сабағының мақсаты шетел тілін оқытудың мақсатымен, яғни тілді терең меңгеру және оны ұлтаралық қатынас құралы ретінде пайдалана білумен тығыз байланыста болуы жан-жақты қарастырылады.Ағылшын тілі сабағында тиянақты және сапалы білім беру тәрбие жұмысымен күнделікті бірлікте жүргізілуі тиісті екені күнделікті тәжірибеде дәлелденгені айқын. Осыған орай, ауызша фонетикалық, граматикалық жаттығу мен жаттаған өлең, тақпақтарды қайталау, магнитофон мен электронды оқулықтағы дикторлардың оқыған мәтіндерді тыңдау, әр түрлі ойындар, жұмбақ, мақал-мәтелдерді еске түсіру-өткенді пысықтау болса, бір жағынан оқушылардың жалыққан кезінде көмектеседі, екіншіден, олардың шетел тіліне қызығушылығы мен ынтасын күшейте түсетіндігі сөзсіз.

Шетел тілінің мұғалімі жаңаша оқытудың технологиясын жан-жақты меңгеріп, соңғы жарық көрген ғылыми әдістемелік әдебиеттердегі тәжірибелі ұстаздардың оқыту әдістерін үйреніп, оларды шығармашылықпен өз жұмысында орынды да тиімді жемісті қолдана білуі – ХХІ ғасырдың шетел тілдері мұғалімдерінің алдына қойып отырған негізгі талабы болып табылады. Оны ойдағыдай жүзеге асыру ұстаздарға үлкен міндет жүктейді. Ана тілінің проблемасы шет тілін оқытудың әдістерін жасауда бірінші кезекте тұрады. Бұл мәселенің күрделілігі ана тіліне сүйену, оның ескерілуі немессе оқу үрдісінен ерекшеленуі сынды оқыту қағидаттарында көрініс тапты. Оқушылардың барлық тілдік механизмдері қалыптастырылған және ана тілге жұмыс істейді, қоршаған ортаны көрудің ұлттық көріністерін көрсетеді. Нәтижесінде шет тілді меңгерудің алғашқы қадамдарын ана тілінің құралдары арқылы жаңа лексемаларды шынайылықтардың нысандарымен емес, ана тілінің сөздерімен байланыстыра отырып, жасайды. Оқытудың алғашқы сатыларында көптілділіктің субординативті түрі жасалынады. Тек содан кейін, тілді жоғарғы деңгейде меңгергеннен кейін, екі түсініктік негіздері бар көптілділік қалыптасады, оның әрқайсысы бір тілмен байланысты. Бұл объективті процесс, ана тілінің мәселесін шешуде  көптілділік механизмінің қалыптасуынан іздеу керек.Шет тілдік қарым-қатынасқа оқыту процесі негізгі параметрлері бойынша шынайы қарым-қатынас процесін білдіреді: қызығушылық, мақсаттылық, қарым-қатынас процесінің ақпараттанғандығы, жаңалығы, жағдайлығы, функционалдылығы, оқушылардың араласуының сипаты мен әр түрлі тілдік құралдардың жүйесі. Осының арқасында шынайылыққа адекватты оқытудың жағдайлары жасалынады, бұл қабілеттерді табысты меңгеруді және оларды шынайы қарым-қатынастың жағдайында қолдануды қамтамасыз етеді.

Оқыту процесінің ұйымдастырылуының жүйелілігі тілді меңгерудің дәрежелігін білдіреді, яғни өзіне оқу процесінің әр түрлі деңгейлерін кіргізеді:

v оқыту сатыларының деңгейі (бастапқы, кіші, орта, жоғарғы);

v сатылардың ішінде анықталатын оқыту кезеңдерінің деңгейі;

v кезеңдердің деңгейі (лексикалық, грамматикалық қабілеттердің қалыптасу сатысы, қабілеттердің жетілдірілу сатысы, қабілеттің дамуының сатысы);

v оқыту деңгейлерінің сатылары, олар олар сатылардың ішінде анықталады (орнына қоюдың, трансформациялауды, репродукциялаудың, комбинациялаудың деңгейлері).

Шетел тілін оқыту әдістемесі пәнін ағылшын тілінде жұргізу бірнеше қиындықтар туғызады. Әсіресе оқытушы мен студенттің сөйлесу қарым –қатынасы бір жақты болса. Студенттер көбінесе үнсіз қалады. Яғни:

o   студент өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралдарды таба алмайды;

o   оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылады;

o   өз білімінің дәрежесі төмен екендігін көрсеткісі келмейді.

Сөйлеу – оқытудың мақсаты. Сөйлеу – өте көп аспектілі және кұрделі құбылыс. Біріншіден, ол адам өмірінде қарым-қатынас құралының қызметін атқарады. Мұғалімге ең алдымен оқытуда табысқа жету үшін оның қалайша жұзеге асатынын түсінуі қажет. Екіншіден, сөйлеу – бұл қызмет, адам қызметінің бір түрі. Үшіншіден, сөйлеу қызметінің нәтижесінде оның өнімі – пікір айту пайда болады. Сөйлеу – қарым – қатынас құралы. Қарым – қатынас ауызша, жазбаша түрде де жүзеге асырыла береді. Бірінші жағдайда сөздік қызметтің түрлері ретінде адам қарым- қатынастың екі құралын, сөйлеу мен тыңдап-түсінуді, екінші жағдайда жазу мен оқи білуді меңгеруі қажет. Сондықтан, сөйлеу – сөздік қызметтің түрі ретінде қарым- қатынастың құралдарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында мемлекетте үш тілділік саясаттың жүргізілуі туралы хабарлады. Ол жолдауында әрбір қазақстандық кем дегенде үш тілді меңгеруі тиіс, Қазақстан барлық әлемде жоғары білімді ел ретінде халқының үш тілді білетіні ретінде танылуы тиіс, ол қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі, бір шет тілі табысты жаһандану экономикаға кіру. Ел басы алдымызға кезекті міндеттерді  көп салалы мәдени және көп тілді   тәрбиелеуде  кезекті міндеттерді  қойды.  Өзін-өзі жетілдіру, шамалы еліне пайда келтіру адамдардың алдында үлкен мүмкіндік ашады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» тақырыбындағы жолдауында «өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деген. ХХІ ғасыр білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті тұлғалар ғасыры болмақ. Білім беру саласында түбегейлі өзгерістер еңгізілуде. Жалпы орта мектепті 12 жылдық білім беруге көшіру мақсатында көп жұмыстар атқарылуда. Республикада бірнеше мектептерде экспериментальдік жұмыстар жұріп жатыр. Сондықтан кәсіптік орта және жоғары білім беру мекемелеріне 12 жылдық мектептерге кәсіби құзырлы, жаңа технологиялармен қаруланған, өз пәнін жетік меңгерген мамандарды даярлау жауапкершілігі жүктеліп отыр. Қазіргі таңда  шетел тілі жалпы деңгейін  мәдени кәсібін көтеру халықаралық  байланысты жетілдіреді,  халықаралық интеракция өкілі ретінде рухани құндылықтарға  құрметпен қарауды қалыптастырады. Түрлі аутентикалық теледидарлық жанрларда көп мәдениетті тұлға қалыптасады. Жинақтау, шолу оқытулары өте тиімді. Шағын әдеби шығармалар, әңгіме, эссе, новелла, публицистикалық, көркем мәтіндер, деректі және көркем фильмдер, тарихи материалдар қолдану тиімді болып келеді Жаһандану кезеңінде, Қазақстаннның түрлі елдермен байланысы дамуы кезінде экономика, саясат және мәдени салаларында тіл рөлі көтерілді, өйткені тіл ынтымақтастықты, қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Мәдени құндылықтармен алмасу шетел тілін оқыту арқылы жасалады. Бұл әр ел халқының рухани мәдениетінің элементтерінің кірігу формасының бір түрі. 21 ғасыр-полиглоттар мен көп тілді тұлғалар ғасыры. Шетел мәдениетін шетел тілін білу арқылы тануға болады. Жастарды өз тілін  құрметтеу мен қатар шетел тіліне де құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Осы қойылған мақсаттар тіл қатынасы мен мәдениет қатынасын дамыту арқылы әлем азаматын басқа халықтарға деген толеранттылықты тәрбиелеуге, көп тілділік қоғамдастыққа жеткізеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.     Сабитова М.Р. Аударма және мәдени аралық қарым-қатынас Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары «Халықаралық қатынастар: теория-практика-ізденіс». – Алматы: Абылай хан атындағы ҚазГУ МО и МЯ, 1999.- 458 б.

2.     Маслова В.А. Лингвомәдениеттану: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық.-2-басылым, стереотип. – М.: «Академия» баспа отралығы, 2004.-27б.

3.      Леонтьев А.А. Тіл жат болмау керек/ Шетел тілін оқытудың этнопсихологиялық аспектілері. – М., 1996.

4.      Милосердова Е.В. Ұлттық-мәдени стереотиптер және мәдени аралық қатынастар проблемалары.// Ғылыми-әдістемелік журнал ИЯШ. 2004. №3.  – 80-84бб.

5.     . Орыс-қазақ сөздігі: Лингвистика/ э.ғ.д., профессор Е. Арын. – Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2007.-527б.

6.     Сигуан М., Макки У.Ф. Білім және екітілділік: франц.т. аударма.-М.: педагогика, 1990.-184 б.

7.      Смагина И.П. Шетел тілін оқыту мәдениаралық қатынастың маңызды негізі.// Ғылыми-педагогикалық журнал Білім. 2008. №4.  – 73 б.

8.     Барышников Н.В. Мультилингводидактика// Ғылыми-әдістемелік журнал ИЯШ. 2004. №5. – 19 б.

9.     Е.О. Жұматаева, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясы Л.Ж. Мұқанова С. «Шетел тілінің мәдениеті»Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет 2010ж

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *