Жас ұрпақты этно-педагогика бағытында тәрбиелеуде халық музыкасының маңызы


Заит Пернегул
Қарағанды қаласының №101 мектеп лицейінің  ән-күй пәні мұғалімі

 «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп ақын айтқандай  тәуелсіз мемлекетіміздің болашақ тірегі, бүгінгі жас ұрпақ. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болу үшін,ел болашағы бүгінгі жастар  білімді де білікті, өз отанын сүйетін, туған жеріне ,халқына деген махаббатымен  сүйіспеншілігі мол, жігерлі намысшыл азамат болуы  керек.Ерте заманнан бастап-ақ халқымыз бала тәрбиесіне аса зор мән берген. Тәрбие – тал бесіктен басталады дейді.  Аналарымыздың бесік жыры, әжелеріміздің ертегілері, сол заманда баланың ұлтжанды болып өсуіне өз үлесін қосып отырған. Сонымен қатар ұлттық музыка өнеріміздіңде бала тәрбиесінде өзінідік орны болған. Әр халықтың музыка өнері салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тарихымен тығыз байланысты. Өз тілін, тарихын мәдениетін терең білген адам ғана сол елдің патриоты бола алады деп ойлаймын.Музыканың бастауы –халық әуендерінде.

Бүгінгі күні баларымыз  қандай ән, әуендерді тыңдап  өсуде? Бала  тәрбиесінде халық музыкасының алатын орны ерекше екенін ескерсек  қазақтың дәстүрлі ән, күй өнерін жастарымыз  қаншалықты тыңдайды. Осы  сұраққа жауап іздеу үшін мектеп оқушыларының арасында зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде оқушылардың 90% шет елдің музыкасын тыңдайтынын жазған. Ал, қазақ музыкасынан эстрада жанрындағы әндерді  ғана қабылдап, тыңдайды. Дәстүрлі ән, жыр, терме  сияқты ұлтымыздың  тәрбиесі мол адамға рухани тәлім -тәрбие  беретін ән мен күйлерімізді қазіргі жастар тыңдамайды  да, тіптен терме,  жыр өнерінің не екенін  кейбір жастарымыз білмейді. Қазақтың терме өнері тұнып тұрған тәрбие мектебі. Әннің де есері бер естісі бар деп айтпайма. Сол шет елдің даңғыра музыкасын тыңдап өскен ұрпағымыздың еліне туған жеріне деген сүйіспеншілігі патриоттық көз қарасы ұлттық рухани болымысы қаншалықты қалыптасады. Қазіргі қоғамдағы әр түрлі келеңсіз жағдайлар, бойында ұлттық намысы жоқ адамгершілікпен мейірімділігі аз азаматтарымыздан шығады деп ойлаймын.

Алтынбек Қоразбаев атамыздың «Қара шал», «Қара кемпір» әндерінің шығуына бүгінгі қоғамда болып жатқан келеңсіз оқиғалар себепші. Қазірде бұрын соңды болмаған қарттар үйі, балалар үйі, ұрпақ тәрбиесінде кеткен қателіктердің көрінісі.  Жастарымыздың қазіргі көретіні  шет елдің әр түрлі   телехикаялары, интернеттегі қажетсіз ақпараттар. Солардың салдарынан  қазақи  ұлттық болымысы өзгеруде. Соларға ұқсап еліктейді, бой түзейді. Соның салдарынан қартайған ата-анасын қарттар үйіне апарып тастайтын безбүйрек тасбауыр ұрпағымыз өсуде.  Бүгінгі таңда ер мен әйелді ажырата алмайтын жағдайға жеттік. Құлақтарына сырға, қолдарында сақина.Қазақ тарихында болмаған бұл көрініске қарап ішің ашиды.

Баланы кішкентайынан  ұлтын сыйлайтын өз ұлтымен мақтанатын, намыс жігері мол етіп тәрбиелеуде жоғарыда  айтылған жыр терме өнеріміздің алатын орны ерекше. Ата-бабаларымыз, сырттан жау шапқанда,  елін  жерін қорғаған  батырлардың ерлігін жырға қосып жырлаған. Алпамыс, Ер тарғын, Қобланды батыр жырларындағы олардың ерлігін бүгінгі жас ұрпаққа үлгі ретінде дәріптесек, олардың отанға, туған жерге деген патриоттық сезімдерін оятуға болады. Батырларымыз туралы қазақ  мультфильмдері түсіріліп телеарналардан берілсе нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені қазіргі бүлдіршіндердің көретіні батыстың атыс шабыс, өлтіру тағы, тағысын әр түрлі қиянатшылыты дәріптейтін тәрбиелік мазмұны аз мультфильмдер. Жуықта ғана Ресей мемлекеті өз батырлары туралы «Три богатыря» мультфильмін түсіріп, көрсет Хәкім Абай: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер білімінде.Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, досынан. Әсіресе олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады»-деген екен.

Ата-анаға деген құрмет, үлкеннің алдынан кесе өтпейтін қазақи тәрбиеміз бүгінігі  қоғамда қалыс қалғандай. Мектептегі музыка пәнінің оқу бағдарламасына  осы айтылған терме,жыр жанрлары  көбірек қамтылса бала  тәрбиесіне өз үлесін қосар еді. Майлы қожа термелерін, Бұқар Жырау  атамыздың термелерін үйрете отырып бала бойына адамгершіліктің құнды қасиеттерін сіңіріп жақсы мен жаманды ажырата білуіне, ата-анасын сыйлап, құрметтеуге баулимыз.  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің мақаласында «ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз  бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абай даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні-біздің рухани мәдениетіміздің бір патасы ғана» деп бүгінгі  жастардың рухани дамуына орасан зор мән беріп отыр. Сан ғасырлар бойы тәуелсіздік жолында күресіп өткен ата-бабаларымыздың мұрасын жаңғырту біздің басты құндылықтарымыздың бірі болмақ.

Ақ  патшаның отаршыл саясатына қарсы күресіп өмірінің  көбісі түрмеде өтседе домбырасын жанына серік еткен Құрманғазы атамыздың  Сарыарқа, Адай, Балбыраун күйлері адам бойына рух береді. Сол бостандық жолында күрескен батырларымыз Исатай, Махамбет  жырлары, желмаясын мініп жер шарын шарлаған Асанқайғы, Қорқыт күйлері ұлтымыздың мақтанарлық  мұрасы .Қазақ халқы үшін тәуелсіздіктің қаншалықты қымбат екенін осы бостандық, тәуелсіздік жолында күрескен батырларымыздың ерлігі, өмір жолдарымен таныстыра  отырып, оқушы бойына отанға, туған  жерге деген патриоттық сезімін қалыптастырамыз. Ұлы ғұлама Әл-Фараби  айтқандай «тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы». Ендеше, бүгінгі жас ұрпаққа халықтық педагогикадан нәр бере отырып, салт-дәстүрлерді біліп, ел қамын ойлайтын, тілін, дінін, құрметтейтін.өз ұлты мен өзгелерді сыйлай алатын етіп шығару  ата-анамен ұстаздардың басты мақсаты болуы тиіс. Қазіргі қоғамның алдында тұрған мәселенің бірі-бүгінгі жастарды бойына бәсекеге қабілетті құндылықты қалыптастырып, дамытуға айрықша көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл құндылықтардың бастау көзі тек халықтық тәрбие беру тәсілдерінде екені рас. Ендеше өскелең ұрпаққа білім беруде ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, мектеп қабырғасында бала тәрбиесіне ерекше мән

беруіміз керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *