Ашық сабақ жоспары «Мұқаали Мақатаев. «Қайран Қарасазым-ай» лирикасы, «Дариға жүрек» поэмасы»


Аманжолова Шынарай Зияшевна
«Павлодар инновациялық көп профильді колледжі» ББҰМ қазақ тілі және әдебиет пәндерінің оқытушысы

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша білімді толықтыру.

Білімділік: М. Мақатаевтың творчествосын толық меңгеру, шығармаларының мән-мағынасын ашу, әдеби талдау жасау.

Дамытушылық: Студенттердің  шығармашылық ізденісін дамытып, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Студенттердің Отанға деген сүйіспеншілгін арттыру, ақынның поэзиясынан рухани тәрбие алу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: Жартылай ізденгіштік, көрнекілік, іскерлік ойын.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сабаққа қажетті құрал-жабдықтар.

Пәнаралық байланыс: Музыка, тарих.

Сабақтың барысы:

1.     Мотивациялық межелеу блогы:

–         Сабаққа жағымды жағдай туғызу. (түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару).

–         Үй тапсырмасын еске түсіру: «Өрмекші торы» әдісі арқылы үй тапсырмасы бойынша білімдерін жинақтау. (З. Шашкиннің өмірі мен шығармашылығы)

–         Шығармаларының тақырыптарын анықтау.

–         Өткен тақырып пен ортақ белгіні табу, байланыстыру.

–         Мұғалім сөзі: – Ендеше осы уақытта жазылған шығармалардың тақырыптары не туралы екенін тағы да бір пысықтап жіберейік.

–         (студенттердің жауабы)

–         Релаксация, рефлексия (М. Мақатаевтың  портретін қойып, әндерін тыңдау.

2.     Операциялық-танымдық блогы

Мұғалім сөзі: – Ал, балалар жаңа ғана тамаша ән тыңдап демалып қалдыңыздар. Араларыңызда осы әннің авторын білетіндер немесе портреттен танығандарың бар ма?

–         (Оқушылардың жауаптары тыңдалады).

Мұғалім сөзі:

–         Дұрыс айтасыздар, бұл қазақтың ақиық ақыны-  М. Мақатаев.

Бүгінгі өтілетін тақырып та Мұқағали ақынмен байланысты.

Қазір алдарыңыздағы ақпараттың негізінде әрқайсымыз дәптерге  хронологиялық кесте құрастырамыз. (тексеріледі)

Мұғалім сөзі: Жақсы, барлығымыз Мұқағалидің шығармашылығымен таныстық. Жұмысымызды ары қарай жалғастыру үшін «Жайлы аймақ» іскерлік ойынын ойнаймыз. Мен қазір ойынның шартымен таныстырамын.

Сіздер барлықтарыңыз бір жұмыс ұжымысыздар. Мен сіздердің басшыларыңмын. Сіздерге тапсырмалар беріледі. Әр тапсырмадан кейін дұрыс жауабы көрсетіліп, айтылып отырылады. Жауабын дұрыс берген оқушы отырған орнында қалады. Ал, жауап бере алмағандар қысқартуға түседі де келесі қатардағы бос орындарға ауысады. Орнында қалған оқушылар келесі тапсырмаларға көшеді. Ал, қысқартуға жатқан оқушылар ұжымға қайта қабылдану үшін психологтың көмегіне жүгінеді. Жұмыс барысында тапсырманы орындауға атсалыспаған оқушы қысқартуға жатады. Жалпы жұмыста және қалпына келу тапсырмасын, жолдастық көмек сұрақтарын орындамаған адам қайта «Жайлы аймаққа» орала алмайды. Яғни, бұл «2» мен «3» арасындағы бағаға ие болатын оқушылар.            Мұғалім сөзі -Түсінікті болса, жұмысымызды бастайық.

1-    Тапсырма:  Бағанағы хронологиялық кесте құрған мәтіннің ішінен Мұқағалиға қатысты 9 деректерді табыңыздар.  Әр деректі мәтінде цифрмен таңбалаңыздар. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұпта бір-бірлеріңді тексересіңдер.

1 сұрақ: Мұқағалидің азан шақырып қойған аты кім?

2 сұрақ: Ақынның алғашқы өлеңдерін атаңыз?

3 сұрақ: Ақын нені жақсы көрді?

4 сұрақ: Мұқағалидің хоббиі?

5 сұрақ: Астың қай түрін жасайтын?

6 сұрақ: Өлеңді қай мезгілдерде көп жазатын?

7 сұрақ: Аударған шығармасы?

8 сұрақ: Ақтық демі шыққанға дейін аузынан нені тастамады?

9 сұрақ: Неше жасында, неден қайтыс болды?

Мұғалім сөзі: Жұмыс аяқталды. Белгілеген парақтарыңмен жандарыңдағы достарыңмен ауысыңдар. Қазір слайд арқылы бір- біріңізді тексере қойыңыздар.  (9 дерек бойынша слайд көрсету). Кімдерде қате бар, қате жібергендерің қысқартылуға түсіп, жайлы аймақтан келесі қатарға көшіңдер.

Мұғалім сөзі: Мұқағали Мақатаев 20 ғасырдың таңдаулы ақындарының бірі. Оның қаламынан шыққан Отан, туған жер, табиғат, махаббат туралы лирикалық өлеңдері өз заманында да қазіргі заманда да оқырмандар арасында жоғары бағаланды.

Қазір 2 тапсырма «Қайран, Қарасазым-ай» өлеңі туралы болмақ. Бұл тапсырманы 1 тапсырманы дұрыс жасағандар орындайды.

2 –Тапсырма:  Өлеңді мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдаңыз.

1. Авторы:

2. Тақырыбы:

3. Жанр түрі:

4. Идеясы:

5. Шумақ:

6.Тармақ:

7. Бунақ :

8. Буын саны:

9. Ұйқас түрі:

Мұғалім сөзі: Қысқартылған оқушыларды қалпына келтіру жұмыстары үшін мәтіннен алты сұрақтың жауабын табу. Қадағалайтын орталықтың басшысы. Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар қайта «Жайлы аймаққа» оралады

Қалпына келтіру сұрақтары:

1.  Ақынның өмір сүрген жылдары? (1931-1976)

2.  Ақын ауылда қандай пәннен мұғалім болды. (Орыс тілі)

3.   Мұқағали Қазақ радиосында кім болып жұмыс істеді.  (диктор)

4. Ақынның анасының есімі?  ( Нағиман Батанқызы)

5.  Ақынның жары? (Лашын)

6.  М.Мақатаев  Атындағы мұражайы қайда орналасқан? ( Алматы облысы Қарасаз ауданында)

(Қалпына келтіру тапсырмасын тексеру, дұрыс жауап бергендерді орындарына қайтару)

Мұғалім сөзі:  2- тапсырма тексеріледі.

Балалар, Мұқағалидың мектеп қабырғасынан қандай поэмаларын білесіңдер? (Оқушылардың жауабы тыңдалады). Келесі тапсырма бойынша оқулықпен жұмыс істейді. Дәптерге жазып алады.

3-тапсырма: «Дариға -жүрек» поэмасы кімге арналған, қандай бөлімдерден тұрады, әр бөлімде не туралы айтылған?

Жауаптары тыңдалады. Тапсырманы орындай алмаған балалар тағы да қысқартуға жатады. Орындарын ауыстырады.

Бұл оқушыларға жалпы тақырып бойынша орындарында қалған оқушылар сұрақ қояды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген балалар орындарына қайтып оралады. (жинақтау үшін слайд қарау)

3.Рефлексия

Мен сабақта жұмыс істедім
белсенді  / белсенді емес
Сабақтағы жұмысыма мен
ризамын/ риза емеспін
Мен үшін сабақ
қысқа/ ұзақ көрінді
Сабақта мен
шаршадым/ шаршаған жоқпын
Менің көңіл-күйім
көтерілді/ түсті
Сабақтағы материал маған
түсінікті/ түсініксіз

қажет/ қажетсіз

қызықты/қызықсыз
Бағалау:  Бағалау парағы негізінде қорытынды баға шығару.

Үй тапсырмасы: М. Мақатаевтың 1 өлеңін жатқа. «Дариға –жүрек»

поэмасының мазмұнын айтып келу.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *