«Жас өрт сөндіруші!» сабағы


Аскарова Назгуль Оразкеевна
 Көкшетау қаласы “Амина” №13 балабақшасы” МКҚК

дене шынықтыру пәні мұғалімі

Мақсаты:

1.Балаларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру.

2.Өрт сөндірушілердің телефон номерін естеріңде сақтату.

Қимыл-қозғалыс белсендігін және ойлау қабілетін дамыту.

3.Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: өрт сөдіруші құрал, гимнастикалық орындық, доға, өткелдер, ойыншықтар,текшелер, құм салынған қапшықтар.

Өткізілетін орын: музыка залы.

Барысы:

Балалар музыка әуенімен сапқа келіп тұрады.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: -Сәлеметсіздер ме , балалар!

-Бүгінгі біздің  «Жас өрт сөндіруші!» атты мерекемізге қош келдіңіздер.

Балалар бүгін біз өрт қауіпсіздік ережелерін қаншалықты білетінімізді және өрт болған жағдайда не істеу керектігі жайлы айтамыз , көрсетеміз.

Алдымен сендердің назарларыңызды мына бейне таспаға аударғым келеді. Қанекей бәріміз бірге тамашалайық.

Теледидармен жұмыс.

Өрт сөндірушілер туралы бейне жазбаны тамашалайды.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: -Балалар жаңағы бейне таспадан нені түсіндіңдер?

-Өрт шыққанда кімдер көмекке келді?

-Өрт шыққан жағдайда қандай номерді тереміз?

-Сіріңкемен ойнауға бола ма?

-Жақсы балалар сендер өрт қауіпсіздігі жайлы біледі екенсіңдер.

Осы кезде есік тықылдатады. Қонаққа өрт сөндіруші ағай келеді.

Өрт сөндіруші ағай: -Сәлеметсіңдер ме балалар, мен осы  «Амина» балабақшасында  «Жас өрт сөндіруші!»  атты мерекесі болып жатқанын естіп сендерге келдім.Сендердің өрт қауіпсіздігі жайлы қаншалықты білетіндерінді, егерде өрт шыққан жағдайда не істеу керектігі жайлы білетіндерінді тексергім

келеді.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: -Ағай, біздің балалар өрт қауіпсіздігі жайлы біледі.

Алдымен балалар өрт туралы өлең шумақтарын айтып берсін.

1 бала: От жақпа , күйерсің,

Өртеніп жүрерсің

Сіріңкені ұстасаң

Бәлеге сен түсерсің.

2 бала: Бықсып жанған от енді,

Алып ұшып жөнелді

Өшірем деп ұмтылған, балаларға көнбеді.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: -Жарайсыңдар ,балалар.

-Ал енді өрт, от туралы мақал-мәтелдер білесіңдер.

 

1.Отпен ойнама, күйерсің.

2.Өрт тілсіз жау.

  1. От жақпа –пісерсің,

Ор қазба –түсерсің.

  1. Ойын түбі-от!.

 

Дене шынықтыру нұсқаушысы: -Балалар екі топқа бөлініп, өрт туралы білгендерімізді ойын-жарыс арқылы көрсетейік.

1-жарыс:  «Өрт сөндірушілерді шақыр»

Ойынның шарты: Жүгіріп келіп өрт сөндіруші мекеменің номерін теріп  «Өрт шықты» деп айту керек. Келесі бала ары қарай жалғастырады.

2-жарыс.  «Қайсарлы өрт сөндірушілер»

Кедергілерден, тунельден өтіп , орындықта ілулі тұрған қоңырауды қатты соғу.

 

3-жарыс.  «Өртті сөндір»

Гимнастикалық орындықтың үстінен отырып өту, шелектегі сумен өртті сөндіру.

4-жарыс: «Аңдарды өрттен құтқар»

Өткелден өтіп, бір –бірден аңдарды құтқару

5-жарыс:  «Өрт сөндіргіш»

Доғаның астынан еңбектеп өтіп, гимнастикалық орындықтың үстінен жүгіріп барып, өрт сөндіргішті алып п-ш-ш-ш деп дыбыс шығару.

Өрт сөндіруші ағай: -Жарайсыңдар балалар, мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойынның аты  «Болады-болмайды», мен сендерге сұрақ қоямын, сендер не болады, не болмайды деп жауап берерсіңдер.

«Болады-болмайды» ойыны.

1.Сіріңкемен ойнауға болмайды.

2.Өрт болғанда 101 нөмеріне қоңырау шалуға болады.

3.Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға болады.

4.Өрт кезінде керует астына, шкаф ішіне тығылуға болмайды.

5.Қорықпай өрт сөндірушінің айтқанын тыңдауға болады.

6.Көршілерден көмек сұрауға болады.

7.Газды, тоққа қосылатын құралдарды қосуға болмайды.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Жарасыңдар балалар!

Сендер барлық тапсырмаларды орындап шықтындар.

Сендердің ақылды, батыл, мықты болғандарын үшін сендерге балабақша меңгерушісімен өрт сөндіруші ағай  «Жас өрт сөндіруші» куәлігін табыс етеді.

Қонақтар балаларға куәліктерні табыстайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *