Әлеуметтік орта «Қармен тәжірибе жасау»


Жахина Гүльжан Елюбаевна

 Көкшетау қаласы “Амина” №13 балабақшасы” МКҚК

тәрбиеші

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы:  Қармен тәжірибе жасау.

 Мақсаты: 1.Білімділік: Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту.

  1. Дамытушылық: Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету. Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.

3.Тәрбиелік: Табиғат сырларын танып-білуге баулу.

 Қолданылатын көрнекі құралдар: пластмассадан жасалған қалақтар,қар салуға арналған ыдыстар,ойыншықтар,аққала,акварель бояуы, су құйғыш,

 Билингвальды компонент: аққала-снеговик,қар-снег,ақ-белый.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-

қозғаушы

 

 

 

 

 

Шаттық шеңбері:

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да,

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да,

Шуақпен төгіп нұр!

Релаксация: (дыбыстарды естірту)

-Балалар,бүгін бізге қонаққа Аққала келді.

Аққаламен амандасайық.Бірақ Аққала көңілсіз.Не себепті көңілсіз екен?

Аққала: Менің бүгін туған күнім.Мені ешкім құттықтамады және ешкім сыйлық бермеді.

-Аққаланы көңілдендіру үшін ойын ойнап,қардан тәжірибе жасап берейік.

Балалар өлең жолдарын қайталау арқылы, қимыл іс-әркет арқылы көрсете білді.

 

 

Табиғат құбылыстарын естіді.

 

Аққаламен амандасады.

 

 

 

 

 

 

Ынталарын көрсетеді.

Ұйымдастырушы-

ізденістік

1.Білімді өзектендіру.

Педагог топқа қар салынған ыдысты алып кіреді.

-Балалар қардың түсі қандай?

-Балалар,қар өте суық,сондықтан біз қалақпен жұмыс жасаймыз.

-Қар қай мезгілде жауады?

-Жазда қар жауа ма?Неліктен?

-Қар неге бөлмеде ериді?(Бөлме жылы).

-Балалар қарды өздері ыдыстарға салып, суды түрлі-түсті түске бояп, қардан тәжірибе жасады.

-Осы ыдыстардың көмегімен аққалаға тәжірибе жасау арқылы қардың еруін бақылады.

Сергіту сәті:

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан,

Қар атасып ойнайық,

Су өтеді қолғаптан!

3.Билингвальді компонент:аққала-снеговик,қар-снег,ақ-белый, түрлі-түсті бояу- разноцветный цвет.

4.Балалардың өздік жұмысы.

-Балалар,Аққалаға сендердің сыйлықтарың ұнап қалыпты.Ойын ойнап,қардан қалай тәжірибе жасағанымызды еске түсірейік.

5.Саусақты тренинг өткізу.

Кірістірсек екі қолды жұмысқа,

Аққаланы тұрғызады бір сәтте!

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

Педагогтің байқауымен қардан жасалған табақтарын жалпақ табаққа орналастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлең жолдарын айтып қимыл іс-әрекет арқылы көссете білді.

 

 

 

Қайталайды.

 

 

Қарды ыдыстарға салып,әр түрлі пішінде жасайды.

 

Саусақтарын әртүрлі қимылдарға келтіреді.

 

Рефлексті-түзету

 

 

Қорытындылау: Балалар тәжірибе жасау арқылы сендер не бақыладыңдар?

Су адам өмірене қажет пе?

Сусыз адамдар өмір сүре ала ма?

Қар жылдың қай мезгілінде жауады?

Сендерге қонаққа кім келді?

Аққала балаларға рақмет айтып қоштасады.

Қар еріген кезде суға айналады.

Сусыз адамдар өмір сүре алмайды, және аңдар,құстар,орман тіршіліктері тірі табиғат құбылыстары қажет етеді.

Бізге қонаққа аққала келді.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: қардан түрлі пішіндер жасауға берілген тапсырманы.

Түсінеді: тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімді.

Қолданады: тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білу дағдыларын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *