Сабақ «Табиғаттың таңғажайып әлемі»


Искакова Жүмагүл Джуракуловна

 Көкшетау қаласы “Амина” №13 балабақшасы” МКҚК

тәрбиеші

Білім  беру  саласы:   Әлеуметтік  орта, таным,  шығармашылық,  коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы:  Табиғаттың  таңғажайып  әлемі.

Мақсаты:  Табиғат  жайлы  жан – жақты  әңгімелесу.

Міндеті:

  1. Білімділік: Балалардың табиғат  жайлы  ұғымдарын  тиянақтау.
  2. Дамытушылық: Табиғатта болатын  таңғажайып  құбылыстарды  бақылай  білуге  үйрету;
  3. Тәрбиелік: Табиғатты сүюге,  аялауға,  оған  қамқор  бола  білуге  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  АТҚ,  тоқыма  жіп,  жыл  мезгілдерінің  суреттері,  гүлдер.

Алдын  ала  жүргізілетін  жұмыс:  өткен  сабақтарды  тиянақтау.

Сөздік  жұмыс:  Қызғалдақ,  бағбан

Қос  тілді  компонент:  Жабайы  аңдар  –  дикие  животные ,

Жемістер – фрукты ,  қызғалдақ – тюльпан .

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық  Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

 

Шаттық  шеңбері:

Арайлап  таң  атты, 

Алтын  күн  шуағын  шашты.

Армысың  көк  аспан!

Армысың  жер  ана!

Армысың  достарым

Сендерді  көрсем  қуанам!

Сәлеметсіздерме  қонақтар!!!

Балалар  бойларын  тік  ұстап  музыка  әуенімен  залға  кіреді.

Балалар  іс – қимылмен  көрсетіп,  келген  қонақтармен  амандасады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік Т:  Балалар, бүгінгі  біздің  ұйымдастырылған  оқу  әдістемемізді  ерекше  етіп  өткізейік,  қанекей  екі  топқа  бөлініп  сабағымызды   ойын – жарыс  етінде  өткізейік.  Сұрақтарға  дұрыс  жауап  берген  балаларға  жұлдызша  беріледі.(Балалар  қызыл,  көк  текшелерді  алып  екі  топқа  бөлінеді).  Балалар  біз  бүгін  табиғаттың  таңғажайып  әлемін  көру  үшін  мына  тұрған  есіктерден  өтуіміз  керек  ол  үшін  біз  бар   зейінімізбен  сабаққа  қатысайық.  

Балалар  қызыл  көк  түсті  алып  екі  топқа  бөлінеді.

 

Балалардың  сабаққа  деген  қызығушылықтары  оянады.

 

 

  Ал  балалар  көзімізді  жұмып  бір  дем  алайық.

(Релаксациялық  сәт)

Осы  уақытта  әуен  қойылады

(орман  дыбысы)

Балалар  сендер  ненің  дыбыстарын  естідіңдер?

Ал  балалар  айтыңдаршы  орманда  бізде  кімдер  өмір  сүреді?

Иа  балалар  дұрыс  айтасыңдар  орманда  жабайы  аңдар  өмір  сүреді.

Балалар  сендерге  Табиғатымыздың  бізге  арналған 

І – ойын  тапсырмасырмасы

Даусынан  таны? (АТҚ  арқылы)

(Қасқырдың,   арыстанның және  жылқы, қой,  сиырдың  дауыстары  қойылады). Үй  жануарлары  мен  жабайы  аңдардың  дауыстарын  ажырату  керек.

ІІ –  ойын  тапсырмасырма

Гүлдің  түсі  бойынша  Көбелекті  орналастыр.

(АТҚ  арқылы)

Сергіту  сәті:

«Жаңбыр  жаңбыр  жауады».

Ғажайып  сәт:  Қонаққа Бағбан келді.

Бағбанның  жұмбақтары:

(Көкеністер  мен  жемістер  туралы)

1.     Әрі  қызыл,  әрі  тәтті,

Татқан  жанды  таңырқатты.

(Алма)

2. Ашулы  қонақ  бұл  анық,

Тонып  шешсе,  жыладық.

(Пияз)

3. Жер  астына  түседі,

Сап  сары  боп  піседі

(Сәбіз)

 

ІІІ – ойын  тапсырмасырма: (Не  екенін  тап?)

Бір – бір  баладан  шақырып,  көздерін  жұмып,  дорбаның  ішінен  бір  жемісті  немесе  көкеністі  алып  шығып  бұл  не  екенін  атын  атайды.

Бағбан балаларға  алғысын  айтып  қолындағы  дорбасын  сыйлыққа  тастап  кетеді.

 

 

ІV. Дидактикалық  ойын  ойнатылады.

(Жыл  мезгілі  бойынша  киімдерді  орналастыр!) балалар  бір – бір  суреттерді  алып  жыл  мезгіл  бойынша  қалташаға  салады.  Балалармен  жеке  жұмыс  жүргізіледі.

Т: Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер сол жұмбақтың жауабын тауып көріңдерші. Мұқият тыңдаймыз.

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік ашып,

Гүл бәйшешекке толады.

Бөбектерім айтындаршы

Бұл қай мезгілде  болады? (Көктем)

 

Балалардан  қазір  қай  жыл  мезгілі  екенін  сұрап ,  бүкіл  жыл  мезгілдерді  қайталайды.

 

Балалар  көздерін  жұмады.

 

Балалар  мұқият  тыңдайдап,  жауап  қатады.

Құтардың,  судың,  орманның….

 

 

 

 

 

Балалар  жауап  береді  (қасқыр,    түлкі,  аю…)

Балалар  дауыстарын  дұрыс  тауып,  ажыратып  жүрісін  салады.

Балалар  теледидарға  назар  аударады.

Балалар  сөздерін  айтып  іс- қимылмен  көрсетеді.

 

Балалар  қолдарымен  ұстап,  мұрындарымен  искеп  жауабын  табады.

 

 

 

Балалар  жұмбақтың  шешуін  табады.

 

 

 

 

Балалар  ойынға  жақсы  қатысады.

 

 

Сауболыңыз..

рахмет.

 

 

 

 

Балалар  бір – бір  суреттен  алып  4 жыл  мезгілінің  қалташаларына  салады.

 

 

 

 

 

 

Көктем  балалардың  жауабы.

 

 

 

Қайталайды.

Рефлекциялық  түзетушілік Сабақты  қорытындылау  үшін  балалармен   көктемнің  алғашқы  гүлдерінің  бірі  қызғалдақты  безендіреміз  деген топтық  жұмыс  жүргізіледі  (алдын  ала қиылып  қойылған  тоқыма  жіп,  желім,  үлгі)

Сабақты қорытып  қонақтармен  қоштасып  шығып  кетеді.

Балалар    қызалдақты  жабыстырады.

Балалар  қонақтарға  сауболыңыздар  деп  қолдарын  бұлғап  шығып  кетеді.

 

Күтілетін  нәтиже:

Біледі:  Жабайы  аңдар  мен  үй  жануарларын  дауыстарын  ажыратуды;

Игереді:  Түстерді  ажыратуды  және  елестету  сезімін;

Меңгереді:  Табиғатымызды  көптеген  құбылыстарын  айта  алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *