«Мақта қыз бен мысық» сабақ


Муратова Дана Саттыбаевна

 Көкшетау қаласы “Амина” №13 балабақшасы” МКҚК

тәрбиеші

Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Әлеуметтік орта, Шығармашылық.

Бөлімдері: Жаратылыс тану

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»

Мақсаты: 1.Білімділік:Балаларға ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларына деген қызығушылығын меңгерту. Қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейту. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасай білуге, өзіндік жұмыс істеуге, ойлауға үйрету. 2.Дамытушылық:Сын тұрғысынан ойлауын, сөздік қорларын, тіл байлығын,шығармашылық қабілеттерін дамыту ауызекі сөйлеу тілін дамыту. 3.Тәрбиелік:Экологиялық тәрбие беру,  балаларды қайырымдылыққа баулу. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілген жұмыс түрі: Ертегі мазмұнымен таныстырып, түсіндіру.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбер:

Күннің көзі ашылып,

Құтты қонақ келіпті.

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге,

«Сәлеметсіңдерме апайлар!»

Балалар шеңбер бойымен тұрып барлығы бірге қайталайды.
Ұйымдастыру іздестіру Сұрақ-жауап:

Қазір қандай жыл мезгілі?

Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Көктемнің алғашқы гүлі қандай?

Көктем мезгілінің неше айы бар?

Наурыз айында қандай мерекелер болады? Бір жылда неше мезгіл бар?

Бір аптада неше күн бар? Аптаның неше күні балабақшада боламыз? Неше күн демаламыз? Апта күндерін атап беріңдерші?

 

Ғажайып сәт:

Мақта қызбен мысық келеді.(Ұрысып,шулап кіреді)

Слайд

1. Сиырдың тапсырмасы:

1 топқа: Қандай үй жануарларын білесіңдер?

2 топқа: Қандай дала жануарларын білесіңдер?

 

2. Ағаштың тапсырмасы:

Көкөністер қайда өседі?

Ал, жемістер қайда өседі?

1 топқа: Д/о «Кім тез жинайды»

2 топқа:  Д/о «Кім тез жинайды»

Су іздеп бара жатып кімдерді көреді?

 

3. Қыздардың тапсырмасы

Табиғат нешеге бөлінеді?

Тірі табиғатқа не жатады?

Өлі табиғатқа не жатады?

1 топқа: Д/о: «Не артық?»

2 топқа: Д/о: «Не артық?»

Тәрбиеші: Балалар қыздар бізге не береді? Иә дұрыс судың түсі қандай? Ал ендеше бәріміз шеңберге тұрып сергіту сәтін орындайық.

 

Сергіту сәті:                     

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу,

Жуынсаң сен, әрдайым,

Аппақ бетің маңдайың.

Тазалықтың досы –

Су дегенің осы.

 

4. Дүкеншінің тапсырмасы:

«Көршілерін тап» ойыны (музыка әуенімен) Тура және кері санау Сандар туралы тақпақ

 

 

5.Тауықтың тапсырмасы:

1 топқа: Дала құстарын атап беріңдер

2 топқа: Үй құстарын атап беріңдер

6. Тышқанның тапсырмасы:

1топқа: Д/о: «Кім тапқыр?»

2топқа: Д/о: «Кім тапқыр?»

Тарыны кімге береміз?

Тіл ұстарту жаттығуы:

Ық ық ық

Жұмыртқа берді тауық (2-3 рет қайталау)

Сұрақ-жауап: арқылы қорытындылау

Дүкенші бізге не берді?

Сағыз қандай пішінге ұқсайды?

Сағызды қыздарға береміз, қыздар бізге не береді?

Су туралы қандай ырымдар бар?

Суды шашып ойнауға болмайды,

Суға дәрет сындыруға болмайды, суға түкірмейді,  түнде су алуға болмайды.

Суды кімге береміз? Ағаш не береді?

Жапырақты кімге береміз? Сиыр бізге не береді? Сүттен не жасаймыз? Мақта қыздың қатығын кім төкті?

Балалар сендердің көмектеріңнің арқасында біз мақтақызбен мысықты татуластырайық. Бұл жерде достық жеңді. Мысық қатығын береді. Ал мақтағыз оның құйрығын қайтарып берді.

Ал, ендеше балалар мысығымыз үйінде жабырқамас үшін оған оның достарын жасап оған сыйлық жасайық.

Ұжымдық жұмыс

Балалар үстелде қандай пішіндер бар?

Пішіндерден мысықты құрастырып алайық. Содан кейін желімдеп жапсырамыз. Мысыққа сыйлау.

Мақтақызбен мысықты шығарып салу.

 

Көктем

Қар ериді, жел болады, жаңбыр жауады,бәйшешек, наурыз,сәуір, мамыр. Ағаштар гүлденеді. Төрт

екі. Дүйсенбі, сйсенбі, сәрсенбі,Бейсенбі, Жұма, сенбі, жексенбі.

 

 

 

 

 

 

Жылқы, сиыр, қой, мысық, ит.

 

 

 

 

Жерде, ағашта

 

Ойынды ойнайды.

 

Қыздарды

 

Екіге өлі және тірі

Тірі табиғат адам, жан жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер,құстар жатады. Өлі табиғат тау тастар, жер, күн ай,жұлдыздар, су, қар,жаңбыр жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарлығаш, сауысқан, торғай, қарға, аққу, қарлығаш

Үйрек, қаз, тауық

 

Тары мен бұршақты айырады.

 

 

 

 

Төртбұрышқа

 

Су туралы ырымдар айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы жұмысқа кіріседі.

Рефлексивті түзетушілік  Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап. Балаларды мадақтау.

 

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Кездескенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Сұрақтарға жауап береді. Шеңберге тұрады, қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ертегі мазмұнын толық түсінеді және өз ойымен жеткізуді біледі.

Қандай түсініктерді игереді: Тілзарлық-жат қасиет екенін түсініп, адамгершілік қасиеттерін игереді.

Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: Берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, оның пайдасын меңгереді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *